Қазақстан Республикасының Бiлiм және Ғылым Министрлiгi


Бұршақ тұқымдастарының тұқымдарының сапасын анықтау



бет12/13
Дата28.01.2018
өлшемі2,41 Mb.
#34112
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

22 Бұршақ тұқымдастарының тұқымдарының сапасын анықтау


Үлгі бойынша бұршақ тұқымдастарын оқып – үйрену. Стандарт бойынша асбұршақ дәнінің талдауы.
Жұмыс мақсаты: асбұршақ дәнінің сапасын талдауды үйрену және сол партияның сапасын анықтау.
Әдебиет

МЕСТ 23843, МЕСТ 13586.4.


Құрал жабдықтар: бөлгіш, техникалық таразы, тостағанша, шпатель, МИГ-аспабы, диаметірі 2,5 мм және d 4 мм елеуіштер.


Жұмыс тәртібі

Ластануды анықтау
Бұршақ. Одан ақталған тұтас және ақталған жартыкеш бұршақ жармасын алады. Бұршақ жарма алуға жарамдылығына қарай 2 типке бөлінеді: тағамдық бұршақ және жемдік бұршақ. Бұршақ жармасының тағамдық құны өте жоғары деп есептеледі.

Ластануды анықтау үшін 100 гр шөкімді шөпшар және астық қоспалар фракцияларына бөледі:



Шөпшар қоспаға жатады:

  • диаметрі d 2,5 мм елуіштен өткен мөлшер;

  • минералды қоспа

  • органикалық қоспа

  • шіріген, көгерген тұқымдар

  • жабайы және мәдени өсімдіктердің тұқымдары,үрмебұршақ, ноқат және жасымықтан басқалары

Астық қоспаға жатады:

  • тұтас тұқым жарнақтар және ұрылған тұқымдар, егер олардың көлемі 10 % асса,

  • ұрынған тұқым жарнақтары

  • өсіп кеткен тұқымдар

  • жетілмеген тұқымдар, дәндер

  • зақымданған асбұршақ дәндері

  • желінгендер

  • басылып қалғандар

  • үрмебұршақ, ноқат, жасымықтың тұқымдары, тұтас және зақымдалған, шөпшар қоспаға жатпайтындар.

Өлшенген фракциялар өлшеніп, шөкімге қатысты % есептеледі.

Типтік құрамын анықтау
Типтік құрамды анықтау үшін астық және шөпшар қоспаларынан тазартылған 100 г шөкім алынады.дәнді асбұршақтың негізгі типіне және асбұршақтың басқа типтеріне бөледі.

Алынған нәтижелерді асбұршақтың қоспасыз шөкіміне қатысты % есептеледі.күмәнді дәндерді іріктеп алады, оларды өлшейді, есептейді. 1 дәннің орташа массасын есептейді, содан кейін 3-5 мин 1-2 % ІІ валентті калийлі хром қышқылында қайнатады ( оларды бояу үшін ). Боялмағандар абұршақтың І типіне ( жасыл, сары ), боялғандар ( қара, қоңыр ) асбұршақтың ІІ типіне жатады.


Асбұршақтың дән қоңыздармен залалдануын және зақымдалуын анықтау
Асбұршақтың залалдануын және зақымдалуын 100 г шөкімде ластануды анықтау кезінде бірге жүргізіледі.

Қоспалардан тазартылған шөкім қаралып, одан зақымдалу көрсеткіштері бар, бірақ зиянкестерсіз тұқымдар алынады.

Содан кейін зиянкестері бар дәндер бөлінеді ( қоңыздар, қуыршақтар, дернәсілдер және тұқымдарында қара дақтары бар дәндер ).

Бөлініп алынған тұқымдар өлшенеді, сосын оларды ашып, тірі және өлі зиянкестері бар тұқымдар массасын анықтайды.

Қалған тұқымдарды 1 % йодты калийды йод ерітіндісінде өндейді. Ол кіретін тесіктерді, дернәсілдерді және қабықтағы тесіктерді көру үшін керек. Кіретін тесіктерді өндегеннен кейін, олар қара түске боялады және Æ 1-2 мм домалақ қара дақтар болып көрініп тұрады. Бұл тұқымдар ашылып, олардың зиянкестермен бірге массасы өлшенеді.

Бұны мына формула бойынша есептейді:

m1

X= ---- x 100

m

мұнда:


m1 – зақымдалған және залалданған тұқымдар массасы, гр

m – талдауға алынған шөкім массасы, гр


26 кесте - Талдау нәтижесі


Шөпшар қоспасы (барлығы)_________________%

Сонын ішінде

Ш қ, г

%

минералды







органиклық







диаметрі 2,5 мм елуіштен өткен мөлшер







шіріген, сенген асбұршақ тұқымдары, бұзылған тұкымдар







жабайы және мәдени өсімдіктер, асбұршақ, ноқат, ноғатық, жасымықтан басқасы.







Астық қоспасы (барлығы) _________________%

Сонын ішінде

Ақ

%

ұрынған







өсіп кеткен







іскен







бүтін және уатылған тұқым жарнағы







уатылған тұқым жарнақтары







зақымданған асбұршақ дәндері







жаншылған







желінген







өспей қалған,







d =4мм елеуіштен өткен








Типтік құрал:

Таза тұқымдардың

I типi________________________________________________г

II типi_______________________________________________г

Күмәнді дәндер__________________ дана________________г

Бір дән массасы ______________________________________ г

Күмәнді дәндерді өңдеуден кейін байқалады:

I тип _______________________________________________ г

II тип_______________________________________________ г

I тип тұқымының массасы_______________________________ г

II тип тұқымының массасы _______________________________г

I тип тұқымының жалпы массасы _______________________ г

II тип тұқымының жалпы массасы ______________________ г

Дән қоңыздарымен зақымдалуы:

Зақымдалған тұқым массасы ___________________________г

Шөкім массасы ______________________________________ г

Есеп:

Х =
Қорытынды: МЕСТ қойған талаптарға бұршақ тұқымдастарының осы партиясы сәйкес келеме екенін анықтау



Бақылау сұрақтары:

  1. МЕСТ және оның мінездемесі

  2. Асбұршақтың дән қоңызымен зақымдалғанын жасырын және көзге көрінетін түрлерін анықтаудың әдістемесі

  3. Асбұршақтың типтік құрамы. Оны анықтау әдістемесі.

  4. Түс және біркелкілік мәні.


23 Майлы және эфир майлы дақылдар тұқымдарының сапасын талдау
Тұқым үлгіліреі бойынша майлы және эфир майлы дақылдармен танысу. Күнбағыс және кориандр тұқымдарын талдау.

Күнбағысты талдау
Жұмыс тәртібі: күнбағыс тұқымдарын талдау әдістерін оқып – үйрену және берілген партияның сапасын анқтау.

Әдебиет


МЕСТ 22391
Құрал жабдықтар: талдау тақтасы, тостағаншалар, қалақша, шпатель, техникалық таразы, бөлгіш, диаметірі 3 мм елеуіш.
Жұмыс тәртібі

Өсімдік майының пайдаланылуы алуан түрлі, оны жоғары калорийлік өнім болғандықтан азықтық өндірісте асханаларда пайдаланады, жуғыш заттар, бояу, алифа, лак жасауда қолданылады. Тұқымдарда майдың құрамының, майлы дақылдардың түрлік және сорттық, өсіру жері, жағдайы, тынайтқыштар қолдану, пісу мерзімі және жинау кезеңіне байланысты болады.

Майды екі негізгі әдіспен алады: механикалық және химиялық.

Майлы дақылдар тұқымдарын тазарту мен сорттау, тұқымдардымөлшерлерінің әртүрлігіне, аэродинамикалық қасиеттеріне және қоспаларға негізделеді.


Ластануды анықтау
Орташа үлгіден алынған массасы 100 г шөкім шөпшар және майлы қспалар фракцияларынан тазартылады:

Шөпшар қоспаға жатады:

  • 0,3 мм елеуіштен өткендер

  • Минералды қоспа

  • Ограникалық қоспа

  • Бос тұқымдар (ядролар)

  • Жабайы және мәдени өсімдіктер

  • Бұзылған тұқымдар (қара түсті ядросымен)

Майлы қоспаға жатады:

  • Толық уатылған ядролар

  • Бөлшектеп уатылған ядролар

  • Бұзылған тұқымдар

  • Өсіп кеткендер


Күнжараны анықтау
Күнжараны анықтау үшін қоспалардан тазартылған массасы 10 г шөкім алынады. Тұқымдарды қолмен бөледі, жемісті қабықтарды өлшеп, нәтижелерін шөкімге қатысты % есептейді.
Бос және бұзылған дәндердi анықтау
Ластануды анықтағанда қолданылған массасы 100 г шөкімнен бос және бұзылған тұқымдар бөлініп алынады, қосымша тағы да массасы 10 г шөкім алынады. 10 г шқкімді таза тұқымдардан ( шөпшар және майлы қоспалары жоқ ) алады. Шөкімдегі барлық тұқымдарды ашып, олардан бос және бұзылған тұқымдарды бөледі, оларды өлшеп, әр фракция құрамын массасы 100 г шөкімге қатысты % өлшейді:

q1 Х q2

X = q + --------- ;

10

мұнда:



q – 100 грамдық шөкімдегі бос (бүлінген) тұқымшалар саны, г

q1- 10 грамдық шөкімдегі бос (бүлінген) тұқымшалар саны, г

q2 - 100 грамдық шөкімдегі таза тұқымдар саны, г


27 кесте - Талдау қорытындысы


Шөпшар қоспасы (барлығы)_________________%

Сонын ішінде

Шқ, г




минералды







органикалық







0,3 мм елеуіштен өткен мөлшер







Бостұқымдар (ядролар)







Жабайы және мәдени өсімдіктер







Бұзылған тұқымдар (қара түсті ядросымен







Астық қоспасы (барлығы) _________________%

Сонын ішінде

Ақ,г




Бүлінген







Толық уатылған







Бөлшектеп уатылған ядролар







Сенген







Өсіп кеткендер






10 грам шөкімнен бөлінгені:

Бос тұқым----------------------------------------------------------- г

Бүлінген ------------------------------------------------------------ г

Жалпы таза тұқым саны:

Х =


Жалпы бос тұқым саны:

Х=

Жалпы бүлінген тұқым саны:



Х=

Күнжара:


I сынама (үлгі) қабықтар массасы ---------------------------- г

II сынама (үлгі) қабықтар массасы ---------------------------- г


Қөрытынды. Қорытынды беріңіз, берілген күнбағыс шектеулі дайындайтын кондиция талабына сай келе ме?
Бақылау сұрақтары:


  1. Майлы дақылдар мәдениетін анықтаудағы сапа көрсеткiштерi.

  2. Тазалық қандай өсімдіктерде және қалай анықталады

  3. Күнбағыс майында анықталатын қышқылдық санының әдістемесі мен маңызы

  4. МЕСТ бойынша талдау.



24 Бидай ұнының сапасына толық талдау
Жұмыс тәртібі: үлгі бойынша ұн сорттарын оқып - үйрену, стандарт бойынша ұн сапасын анықтауды үйрену, ұнның стандартты жайында қорытынды шығарып үйрену.
Әдебиет

ҚРСТ 1023-2000. МЕСТ 9404-60.


Жұмыс тәртібі
Ұн – ең бағалы дәнді ұнтақтау арқылы алынған зат. Астықты ұнға тартатын құралдар мен машиналар жиынтығын диірмен деп атайды.

Ұн әртүрлі дақылдардың дәндерін уату нәтижесінде алынатын азықтық өнім.

Пісірілген нан негізгі азық өнімі саналатын барлық елдерде, бидай дәнінің көп бөлігі, ал қара бидайдың аз бөлігі ұнға өңделеді. Ол наубайханада макарон және кондитер өнімдерін өндіруде негізгі шикі зат болып саналады.

Ұн өндірісі – жер бетіндегі ең кенесі. Ұнның шығуы деп дегеніміз астықты тарту, өндеу нәтижесінде алынған ұнның мөлшері. Ұнның шығуын өнделген астықтың массасына қатысты % өлшейді. Барлық астық, дән ұнға өнделгенде, айналғанда ол 100 % деп есептеледі.



Үлгі таңдау тәртібі.
Қапшықтардың бір бұрыштарынан түйрік алынады. Оның басын қаптың орта бөлігіне бағыттайды. Сосын оны 180 градусқа бұрып, ұн үлгісімен бірге суырып алады. Үлгі алатын қаптардың мөлшері мынадай болуы керек:

28 кесте – Қаптың саны


Партия бойынша қапшық саны

Алынатын қапшық саны

5-ке дейін

6-дан 100 ге дейін

101-ден жоғары


әр қапшықтан

5-тен кем емес

5%-тен кем емес

Барлық үлгінің жалпы массасы – 2 кг-нан кем емес.


Иісті, дәмді, қытырлақты және түсті анықтау
Ұнда әлсіз спецификалық ұндық иісі болуы керек. Егер басқа иістер болса, онда ол өнімнің бір дефекті деңгейін көрсетеді. Жаңа ұнда тұщы дәм болады, егер оны көп шайнасан ол тәтті дәм береді, ол сілекей амилазының крахмалға әрекеті нәтижесінде пайда болады. Ащы, қышқыл және тәтті дәм дефекті астықтан және сақтауда бұзылған астықтан алынған ұнға тән болады.

Иісті анықтау үшін шамамен 20 г ұн алады. Иісті үдету үшін, ұнды стақанға салып, t = 600 ыстық су құяды, сосын суды төгіп тастайды, зерттеліп отырған үлгінің иісін анықтайды.

Күмәнді жағдайда иісті пісірілген нан арқылы анықтайды.

Қытырлақ. Жіберілмейтін эффект. Ол минералды қоспалардан дұрыс тығыздалмаған, құралдың дұрыс орнатылмаған және жаман құралда тартылған астықтан ұн шығару нәтижесінде пайда болады.

Кей жағдайда қытырлақ қапшықтағы ұндарды автокөліктің тазартылмаған шанақтарында тасыса немесе өнімдерді дұрыс тазартылмаған қоймаларда орналастырған жағдайда пайда болады. Қытырлағы ұнды шайнаған кезінде білінеді. Бұл дефектер нанға беріледі.

Қытырлақ пен дәмді екі әрбіреуінің массасы 1 г болатын 1 және 2 шөкімді шайнау арқылы анықтайды. Күмәнді жағдайда дәм мен қытырлақты пісірілген нан арқылы анықтайды.

Ұнның түсін анытау зерттеліп отырған үлгіні стандарт бойынша берілген түспен салыстыру арқылы анықтайды. Ұнның ақтығын МЕСТ 26361 бойынша анықтайды. Қабықшаның көлеміне, каратиноидтарға, ұнтақтау ірілігіне байланысты. Ұн бөлшектерінің өлшемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым ұнның түсі қарая береді. Ұнның ақтығын анықтау әдісін Р3 –БПЛ фотоэлектрлік құралды қолданып анықтайды.

Астық дақылдарының зиянкестермен залалдануын анықтау.
Ұн бұл нан дайындау үшін қолданылатын жартылай дайын өнім. Сондықтан, зиянкестердің қандайда бір деңгейдегі дамып жатқан бір түрін тауып алса, өнімді стандартқа сәйкес келмейді деп санайды, яғни стандартсыз.

Залалдануды анықтау үшін 1 кг сорттық ұнды сымды № 56 елеуіштен елейді, ал өкебекті ұнды № 0,56 және № 0,67 елеуіштен елейді.

Елеуіште қалғанда кененің бар болуын, ал елеуіштен өткендерде басқа зиянкестермен залалдануын анықтайды.

Ұнның кенемен залалдануын анықтау үшін елеуіште қалғандардан 2 г-нан 5 шөкім өлшеп алады. Шөкімдерді екі шыны ортасына орналастырады, оның қалыңдығы 1-2 мм. Бетінде дүмбешіктер пайда болса, ол ұнда кене бар екенін көрсетеді.


Металды-магниттік қоспаны анықтау.
Металды- магниттік қоспа астықты дұрыс тазартпаған жағайда немесе агрегаттардың ескіруі жағдайда табылады. Барлық аралық өнімдерді және дайын ұнды магниттік құралдардан өткізеді. 1 кг ұнда 3 мг-ға дейін шаңтәрізді металл қоспалары болады. Олардың бөлшектерінің мөлшері 0,3 мм дейін және әр бөлшектердің мөлшері 0,4 мг көп болмауы керек.

Металды қоспаны ПВФ құралымен және қолмен анықтайды. Қоспаны анықтау үшін 1 кг ұнды ПВФ құралының экраны арқылы өткізеді. Сосын құрал қақпағын ашып, экранды магнит блоктарынан алады, ал метал қоспасын ақ қағазға шашады.

Егер металды қоспаын қолмен анықтаса, онда 1 кг ұнды 0,5 см қалыңдықпен жады, таға тәрізді магнитпен ұнның қабатынан ұзыннан және көлденең жүргізеді, ал барлық өнім магниттің + жағымен жүргізу үшін керек. Металды қоспалардың бөлшектерін магниттің + жағынан ақ қағазға салады.

Металды қоспаны өнімнен 3 рет алады, содан кейін оларды аналитикалық таразыда өлшейді.

Бөлек металды қоспалардың бөлшектерінің көлемін өлшеуіш торда немесе ПИФ құралында анықтайды.
Ылғалдылықты анықтау
Ылғалдылық 15 % аспауы керек. Егер ылғалдылық жоғары болса, ол ұн нашар сақталады, тез ашиды, көгереді және өзін - өзі қыздырады. өте төмен ылғалдылықта жақсы емес. Ылғалдылығы 9 – 13 % ұн сақтау кезінде ащы дәм тез пайда болады.

Ұнның ылғалдылығын анықтау үшін екі жерден 5 г-нан екі шөкім алады, оларды t = 1300С болатын электрокептіргіш шкафта 40 мин бойы кептіреді. Кептіргеннен кейін бюкстарды эксикаторда суытады. Оларды өлшеп, ұшып кеткен ылғал мөлшеріне қатысты % есептейді. Екі паралель анықтамалар айырмашылығы 0,2 % - дан аспау керек7


Ірілікті анықтау
Ірілікті анықтау үшін сорттық ұн 50 г, ал өкебек ұн 100 г шөкім алынады. Елеуіштер жиынтығын ұнның сортына байланысты орналастырады. Шөкімді елеуіштер жиынтығында 10 мин бойы минутына 180 – 200 айналымда елейді.

Елеуіштерді тазарту үшін 5 дана резеңкелі дөңгелектерді қолданады, оларды елеуішке орналастырады.

Алдымен шөкімді 8 мин елейді, сосын тағы да 2 мин елейді. Елеп болғаннан кейін үстіңгі елеуіште қалған және астыңғы елеуіште қалған өнімді өлшеп, нәтижесін алынған шөкімге қатысты % есептейді.
Шикі дән ұлпасының мөлшері мен сапасын анықтау
Орташа үлгіден 25 г шөкім алады, оған t = 180С 13 мг су құйып, қамыр былғағышпен немесе қолмен қамыр илейді. Иленген қамырды 20 мин-қа жай қояды. Одан кейін қамырды жууға кіріседі, серпімді дене пайда болғанша дейін жуады. Жууды шикі дән ұлпасын сыққанда түссіз су аққанша дейін жалғастырады. Жуылған шикі дән ұлпасын екі алақан ортасына қолға жабысқанша сығып, өлшейді. Одан кейін тағы да 5 мин жуады, сығады, тағы да өлшейді. Шикі дән ұлпасы жуылған деп есепеледі егер екі өлшем айырмасы 0,1 г аспаса. Шикі дән ұлпасының көлемін шөкімге қатысты % өлшейді. Шикі дән ұлпасының сапасы ИДК – 1 құралында анықталады.

Жуылған шикі дән ұлпасынан 4 г шөкім бөліп алып, одан шарик жасап 15 мин t = 180С суға салып қояды, сосын серпімділік қасиетін анықтайды. Содан кейін шарикті құралдың столының ортасына қояды, оны еркін түсетін пуансонның ауырлығына керек етеді.

30 сек өткен соң құралды сөндіреді, сосын оның көрсеткіштерін жазып алады. Құралдың көрсеткіштеріне қарай, дән ұлпасын белгілі бір сапа тобына жатқызады.
29 кесте –Шикі дән ұлпасының сапа көрсеткіштері


Аспап көрсеткіші

Сапа тобы

Шикі дән ұлпасының сипаттамасы

0-ден 15 дейін

3

Қанағаттанарлықсыз берік

20-дан 40-қа дейін

2

Қанағаттанарлық берік

45-тен 75-ке дейін

1

Жақсы

80-нен 100-ге дейін

2

Қанағаттанарлық әлсiз

105-тен 120-ға дейін

3

Қанағаттанарлықсыз әлсiз


Күлділікті анықтау.
Ұнның күлділігін әртүрлі әдістермен анықталады, оның ішіндегі маңыздысы үдетусіз күлдету болып саналады. Егер үдетуді қолдану арқылы талдау жасаса, соңғы болып азот қышқылы немесе магнилі сірке қышқылының ерітіндісі қолданылады.

Күлділікті негізгі әдіс бойынша анықтағанда, ұннан 20-30 г шөкім алады, оларды 2 шыны арасына орналастырады, содан кейін ұнды 1,5-2,0 г алдые – ала тесілген тигельдерге орналастырады.

өнімі бар тигельдерді муфельді пешке салады. Қыздыруды қара бөлшектердің жоғалуына дейін жүргізеді, ол күл ақ немесе сұр түс болғанша дейін жүреді, содан кейін игельдерді эксикаторда суытып, өлшейді.

өлшенген тигельді қайта тесіп 20 мин бойы суытып, өлшейді. Күлдетуді келесі екі өлшемдер бірдей салмақ бергенше жүргізеді.



Күлділікті құрғақ затқа қатысты мына формуламен есептейді:

Х=,

мұнда


G – ұн шөкімінің массасы, г

G1 – күлдің массасы, г

W – ылғалдылық, %

Егер күлділікті үдетумен анықтаса, онда тигельдер мен шөкімдерді алдынғы әдістеме сияқты дайындайды.

Күлдетуді 1 сағ бойы жүргізеді, күл сұр түсті болғанша үдетеді, сосын тигельдерді суытады, әрбіреуіне 2 -3 тамшы химиялық азот қышқылын тамызады. Қышқылды муфель пешінің есігінде буландырып, тигельдерді муфель ішіне салады, онда 20 мин бойы ұстайды.

Күлділіктен кейін тигельдерді эксикаторда суытып, өлшейді. Күлділікті жоғарғы формула бойынша есептейді. Екі өлшемнің айырмашылығы 0,05 % аспау тиіс. Өлшеу дәлдігі 0,0002 г, құжатқа жазу дәлдігі 0,01г.


Талдау нәтижесі

  1. Ұнның сорты, түрі, тұқым__________________________________

  2. Ұн дәмі________________________________________________

  3. Иісі_____________________________________________________

  4. Қытырлағы________________________________________________

  5. Түсі_____________________________________________________

  6. Зиянкестермен залалдануы__________________________________

  7. Металды-қоспа құрамы_______________________________________

  8. Ылғалдылық _______________________________________________%

Кептіргенге дейінгі бюкстің шөкіммен бірге массасы ____________г

Кептіргеннен кейінгі бюкстің шөкіммен бірге массасы __________ г

Бос бюкс массасы__________________________________________г

9. Тарту ірілігі____________________________________________

елеуіште қалған_____________________________________________

елеуіштен шыққан___________________________________________

10 Шикі дән ұлпасының мөлшері______________________________

І анықтама__________________________________________________

ІІ анықтама_________________________________________________

Айырмашылық _____________________________________________

Шикі дән ұлпа құрамы_______________________________________

Шикі дән ұлпа түсі______________________________________________

ИДК – 1 көрсеткіші ________________________________________

Шикі дән ұлпа тобы_____________________________________________



  1. Күлділік___________________________________________

Ыстауға дейінгі тигельдің шөкіммен бірге массасы ______________г

Ыстаудан кейінгі тигельдің шөкіммен бірге массасы _____________г

Шөкім массасы_____________________________________________г

Ылғалдылық__________________________________________________г

Х=
Қорытынды. Ұнның сапасын анықтағаннан кейін қорытынды беріңіз, берілген ұн стандартқа сәйкес келе ме?
Бақылау сұрақтары:


  1. Ұн сапасына қандай талап қойылады?

  2. Ұн сапасының көрсеткіштерінің классификациясы

  3. Шикі дән ұлпасының мөлшерін анықтау әдісі

  4. Шикі дән ұлпасының сапасын анықтау

  5. Күлділікті анықтау әдісі

  6. ИДК – 1 құралының құрылысы

  7. Ұнды сортқа бөлу көрсеткіштерін атаңыз

  8. Бидай нанын пісіру үшін ұнды сортқа бөлу талаптары

  9. Шөкім, орташа, нүктелік, біріктірілген үлгіге анықтама беріңіз

  10. Ұн партиясынан нүктелік үлгі алу ережесі

  11. Ұнның орташа үлгісі қалай есептеледі, орта үлгі массасы

  12. Орташа үлгі бойынша нан пісіретін бидай ұнына талдау жасау

  13. Әрбір ұн сапасының көрсеткіштерінің маңызы және әдістемесі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет