Қазақстан Республикасының Бiлiм және Ғылым Министрлiгi



бет1/13
Дата28.01.2018
өлшемі2,41 Mb.
#34112
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қазақстан Республикасының Бiлiм және Ғылым Министрлiгi

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университеті

Агрономия және ИТ кафедрасы

А.Ахмет, Д.Сейтказинов, М.Байканов, Д.Карашинова , Н.Яковлева




Астық өнімінің сапасын анықтау практикумы

050801 – Агрономия, 050728 - Өңдеу өндірістерінің технологиясы6 050732 – Стандарттау,метрология және сертификаттау студенттеріне арналған зертханалық жұмыстарының методикалық нұсқаулары

Қостанай, 2008

Мазмұны


Кіріспе……………………………………………………………………………..3

1.Талдауға астық үлгісін дайындау……………………………………………...4

2.Астықтың органолептикалық сапа көрсеткіштері…………………………..10

3.Астық ылғалдылығын анықтау……………………………………………….13

4.Астықтың ластануын анықтау………………………………………………..21

5.Астықтың қамба зиянкестерімен залалдануын анықтау……………………26

6.Астықтың біркелкілігі және ұсақ дәндер құрамын анықтау………………..29

7.1000 дәннің массасын анықтау……………………………………………….31

8.Астықтың натуралық массасын анықтау…………………………………….33

9.Астық қауыздылығын анықтау………………………………...…………… .36

10.Бидайдың типтік құрамын анықтау әдістері………………………………..38

11.Астықтың жылтыр дәнділігін (шынылығын) анықтау…………………....42

12.Бидайдың бақашық қандаламен зақымдануын анықтау………………......45

13.Шикі дән ұлпасының мөлшері мен сапасын анықтау……………………..47

14.Астықтың күлділігін анықтау…….................................................................54

15.Қара бидай сапасын талдау………………………………………….………57

16.Әр түрлі бағыттағы арпа сапасын талдау…………………………….........59

17.Жармалық сұлының сапасын анықтау……………………………………...62

18.Қарақұмық сапасын талдау……………………………………………….....66

19.Күріш сапасын талдау………………………………………………………..69

20.Тары сапасын талдау …………………………………………………….....74

21.Собықты жүгерінің сапасын талдау ………………………………...........77


22.Бұршақ тұқымдастарының тұқымдарының сапасын анықтау....................82


23.Майлы және эфир майлы дақылдар тұқымдарының сапасын талдау…....85

24.Бидай ұнының сапасына толық сарапаттама …………………………...88


25.Қарақұмық және арпа жармаларының сапасын талдау…………………...94


26.Құрама - азықтың сапасын анықтау……………………………………… .98

27.Саяхат………………………………………………………………………..105

27.1 Астық қабылдайтын орынмен, қойма өндірісмен,

элеватормен танысу…………………………………………………………..105
27.2 Диірмен комбинатының құрылысымен және жұмысымен
танысу………………………………………………………………………….106
27.3 Кондитерлік өнімдермен және бидай нанның
пісірумен танысу………………………………………………………………107
27.3 Сыра және кермек (солодты) өндіру технологиясымен
танысу……………………………………………………………………….....108
Әдебиеттер……………………………………………………………………..111

Пайдалануға ұсынлған әдебиеттер
Кіріспе

Берілген курс бойынша зертханалық - практикалық сабақтарын өткізу студенттерге көмектесу болып табылады. Әдістемелік нұсқауларында келесі мақсаттар қойылған:

- бидай сапасының көрсеткіштерін және басқа ауыл шаруашылық өнімдерін талапқа сай оқып үйрену, мемлекеттік сапа көрсеткіштеріне сай келуі керек ;

- ауыл шаруашылық өнімдерінің мемлекеттік стандарттармен, базистік және шектелген кондициялармен сапасын анықтау әдістерін игеру;

- ауыл шаруашылығында технологиялық әдістерді, ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасың көтеру және оны сақтаған кезінде өнім жағалтылуын кеміту бағытында әдістерді игеру.

Әдістемелік оқу-құралы бидай, ұн, жарма, құрама азықтардың сапасын анықтауды стандартты әдістерін анықтайды.

Әдістемелік оқу- құралын дайындағанда бидай, ұн, жарма, құрама азықтың сапасын анықтауда мемлекеттік стандарттары және әдістері қолданылады.

1 Талдауға астық үлгісін дайындау
Әдебиет

ҚР СТ МЕСТ Р 50436-2003

МЕСТ 13586.3



    1. Үлгілерді сұрыптау тәртібі


Стандартта қолданылатын терминдер:

  1. Астық тобының сапасын сол топтан сұрыпталған орташа үлгілі талдаудың нәтижесінде анықтайды.




  1. Партия – сапасы жөнінен біртекті, бір мезгілде қабылдауға, сатуға, жөнелтуге немесе сақтау үшін арналған, сапасы туралы бір құжатпен рәсімделген бір текті дәндер көлемі.




  1. Нүктелік үлгі – біріктірілген үлгіні құрастыру үшін астық тобынан бір қимылмен сұрыптап алынған астықтың шағын бөлігі.




  1. Біріктірілген үлгі – астық тобынан сұрыптап алынған барлық нүктелік үлгілердің жиынтығы.




  1. Тәуліктік орташа үлгі – 24 сағатта келген машиналардан астық сапасын анықтау үшін арналған үлгі (1 тәулік өткен соң орташа үлгі жасалады).




  1. Орташа үлгі – лабораториялық зерттеулерге алынған біріктірілген үлгінің бір бөлігі. Шамалы көлемдегі (2 кг) астық тобынан сұрыпталған біріктірілген үлгі сонымен қатар орташа үлгі болып табылады.




  1. Шөкім – астық сапасынының жекелеген көрсеткіштерін анықтауға арналған орташа үлгінің бір бөлігі.



  1. Жеделдік тәуліктер – белгілі бір көзделген уақытта 24 сағат ішінде тәуліктік орташа сынаманы сұрыптау.

1.2 Нүктелік үлгіні сұрыптау


  1. Автокөліктен нүктелік үлгіні сұрыптау

Нүктелік үлгіні автокөліктен механикалық үлгі сұрыптағышпен немесе қолмен қуыс бұрғы арқылы сұрыптайды. Астықтан нүктелік үлгі жүк көлігі қорабының ұзындығы 3,5 метрге дейін болғанда 4 нүктеден А схемасы бойынша, 3,5 м-ден – 4,5 метрге дейін ұзындық аралығында – 6 нүктеден Б схемасы бойынша; 4,5 метрден жоғары болғанда – 8 нүктеден В схемасы бойынша, артқы бортпен алдыңғы борттан 0,5 -1 м-ге дейін ара қашықтықта және 0,5 м-ге дейін бүйір бортынан алынады.


А схемасы

Б схемасы

В схемасы

* *

* * *

* * * *

* *

* * *

* * * *

Механикалық үлгі сұрыптағышпен нүктелік үлгіні астық үйіндісінің барлық теңдігінен сұрыптайды. Қолмен қуыс бұрғының көмегімен үлгілер жоғарғы және төменгі қабаттардан сұрыпталады. Нүктелік үлгінің жалпы массасы А схемасы бойынша алғанда 1 кг-нан, Б схемасы бойынша 1,5 кг-нан және В схемасы бойынша 2 кг-нан кем болмауы керек. Егер алынған масса жобалағаннан кем болса, онда қосымша нүктелік үлгі қайтадан 1-ші алынған нүктеден алынады.




  1. Вагондардан нүктелік үлгіні сұрыптау

Егер келісімшартта арнайы ескертпе болмаса, онда астықтың сынамаларын сұрыптау әрбір тиелген вагоннан алынып іске асырылады.

Егер сынамаларды сұрыптау тиелген вагондардан жүргізсе, онда нүктелік сынамаларды суреттерде көрсетілген нүктелерден цилиндр сынама сұрыптағыш көмегімен қабаттың барлық терендігі бойынша сұрыптаған дүрыс.

Жүк көтергіштігі 15 т дейін вагондардан:

схема Г- бес нүктелерде (ортасында және қабырғасынан немесе борттан 500 мм жуық).

схема Д- сегіз нүктелерде: жүк көтергіштігі 15-30 тоннаға дейінгі вагондар.

схема Е- он бір нүктелерде: жүк көтергіштігі 30-50 тоннаға дейінгі вагондар.


Г схемасы

Д схемасы

Е схемасы

* *

* * *

* * * *

*

* *

* * *

* *

* * *

* * * *


  1. Алдыңғы және қоймада сақталатын астықтан нүктелік үлгі сұрыптау (иілген еденді қоймадан басқа)

Нүктелік үлгі, қоймада сақталатын және алаңдағы 1,5 м.-ге дейін биіктегі астықтан қолмен қуыс бұрғы арқылы, ал одан үлкен биіктіктегі астықтан – қоймалық қуыс бұрғымен алады.

Нүктелік үлгілерді сұрыптарда астықтың үстін жуықтап 200 шаршы метрлік секцияларға бөледі.

Әр секциядан нүктелік үлгілер астық үйіндісінің 6 нүктесінен, қойма қабырғаларынан 1 м. қашықтықта Ж схемасы бойынша сұрыпталады.


Ж схемасы

З схемасы

* * *

* *

* * *

* *

Әрбір нүктелік үлгі жоғарғы қабаттан 10-15 см тереңдікте және ортаңғы, төменгі қабаттардан сұрыпталады. Әр секциядан алынған нүктелік үлгілердің массасы 2 кг болғаны жөн.


4 Астықты тиеу кезіндегі нүктелік үлгіні сұрыптау
Вагоннан, қоймадан және сүрлемді элеватордан нүктелік үлгіні тиеп жатқанда ағынды бидайдан арнайы бұрғымен кесіп алады. Бір нүктелік сынаманың массасы 100 г-нан кем болмауы керек.
1 кесте - Ластану деңгейін анықтау


Тасымалданатын партияның салмағы, т

Ластану бойынша жағдайы

Таза және орташа таза

Шөпшар

100 ге дейін

әрбір 3 т.

әрбір 3 т.

100-200-ге дейін

әрбір 5 т.

әрбір 5 т.

200-400 дейін

әрбір 10 т.

әрбір 5 т.

400 ден жоғары

әрбір 10 т.

әрбір 10 т.


5 Элеватор қоймаларында және иілген еденді қоймаларда сақталған астықтан нүктелік үлгіні сұрыптау
Нүктелік сынамаларды сүрлем элеваторларында астықты шығару кезінде сұрыптайды. 3 пункте сәйкес.

6 Қаптардан нүктелік үлгіні сұрыптау

Егер келісімшартта арнайы ескертпелер болмаса немесе порт жұмысының калыптаскан тәжіриебесі басқа ештеңені талап қоймаса, онда нүктелік сынамаларды 2 кестеде көрсетілгендей қаптар санына қарай қаптық бұрғы көмегімен қаптың түрлі бөліктерінен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) сұрыптаған дұрыс.

Нүктелік үлгіні сұрыптау қап санына байланысты топ үлкенділігіне қарай 2 кесте талаптарына сай болуы керек.


2 кесте - Қаптан нүктелік сынама сұрыптау


Жeткiзiзiлiмдe

Сынамалар сүрыптамасына жатқызылатындар

10 ға дейін

Әрбір 2-ші қаптан

10-100 дейін

5 қаптан + партиядағы қап санының 5%

100 ден жоғары

10 қаптан + партиядағы қап санының 5%

Қаптағы астық тобынан нүктелік үлгілерді қаптық қуыс бұрғымен сұрыптайды.

Ауызы тігулі қаптардан нүктелік үлгілер қаптық қуыс бұрғымен үш нүктеден алынады. Бұрғының науасын төмен қаратып қапқа көлбеулей сұғып 180 С бұрайды да суырып алады. Нүктелік үлгінің жалпы массасы 2 кг-нан кем болмауы керек.
Тәуліктік орташа сынама құрастыру
Шаруашылықтардан, басқа астық өндірушілерден қабылдаған біртектес астық топтарының сапасын орташа тәуліктік үлгі бойынша бағалайды. Тәуліктік орташа үлгіні құрастыру үшін әрбір автокөліктен (прицеп) біріктірілген үлгіні бөліп алады.

1 автокөліктен алынған нүктелік үлгі массасы 2 кг-нан кем болмауы керек.


Орташа сынама бөлу

Орташа сынаманы қол тәсілімен құру рұқсат eтіледі. Ол үшін 6ipiктірілген сынаманы беті тегіc үстел бетіне таратып шашады, дәндерді квадрат түрде таратады және оны қабырғасы қиықталған екі қысқа ағаш тақтайлар көмегімен араластырады. Араластыруды оң және сол қолдагы тақтаймен квадраттың екі жағынан қысылып алынған дәндердің бірнеше рет араластырулардан кейін білік түзетіндей eтiп ортаға қарай бірдей уақытта төгіліп туратындай eтіп жүргізеді. Содан кейін дәнді білік шеттерінен қамтып алады және бірдей уақытта екі тақтайлардан ортаға қарай ceбеді. Бұндай араластыруды 3 рет жүргізеді. Үш рет араластырғаннан кейін біріктірілген сынаманы қайтадан квадрат түрінде тегіc қабатпен жазып таратады және тақтаймен диагонал бойынша төрт үш бұрышқа бөледі. Екі қарама қарсы үш бұрыштардан дәнді алып тастайды, ал қалған екеуін 6ip жерге жинайды, көрсетілген тәсілмен араластырады және қайтадан 4 үш бұрышқа бөледі, олардың ішіндегі екеуі келесі бөлуге кетеді. Орташа сынама массасы (2,0(+-0,1) кг болу керек. Егер біріктірілген немесе тәуліктік үлгі массасы 2,0(+-0,1) кг аспаса, онда ол тәуліктік үлгі болып есептеледі.

Сынамалар салмағы

3 кестеде көрсетілген сынамалар салмағы, әдетте барлық дакылдардың дәндеріне дәл келеді



3 кесте – Сынамалар салмағы


Партия

Нүктелі сынама

Біріктірілген сынама

Орташа сынама

500 т дейін

1 кг (max)

100 кг

5 кг


Кей жағдайда өткізілетін сынауларға сәйкес үлкен немесе кіші көлемді орташа сынама талап етіле алады.
Сынамаларды орау және таңбалау
Орташа сынамалар жылтырлатылмаган, агартылмаган, айналдыра тігілмеген, тығыз мата қапшықтарға оралуы керек. Ылғалдылығын анықтауға арналған немесе ұшпа заттардың жоғалуын болдырмау керек, басқа сынаулар (мысалы химиялық өндеудің ықтималдығын зерттеген жағдайда), қымталып жабылатын қақпақты ауа өткізбейтін сиымдылықтарға салынуы керек. Сыйымдылықтар толтырылуы, ал олардың қақпақтары олардың босауы мен бұзылуын болдырмау үшін мөрленген болуы керек. Ыдыс сапасының өзгермеуне кепілдік беруі керек. Әрбір сынама салынған қапшықтар мен басқа да сиымдылықтар пломбалануы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет