Таза ядроның құрамы мен қауыздығын анықтау.
Ядро құрамымен қауыздықты анықтау үшін жармалы сұлы партиясымен жұмыс істейді.
Шөпшар және дәнді қоспа бөлінгеннен кейін, таза астықтан 5 г-нан екі шөкім алынады, қолмен үгітіліп, ядродан қауыз арылады. Қауыздар өлшеніп, нәтижесі процентпен көрсетіледі. Екі шөкім анықтамалары арасындағы айырмашылық 1 %-тен аспау керек.
Қауыздық стандарт нормасына жатпайды, бірақ екі көрсеткіш ортасында проценттік құрамында стандарт нормаға жатады да, тура тәуелділік пайда болады. Қауыздық біршама төмен болса, ядро құрамы жоғары болады, осыған байланысты сұлы жақсы өнім береді. Сұлының таза ядро құрамы 63% төмен болмауы керек.
Ластану мен қауыздықты анықтағаннан соң, таза ядро құрамын мына формула бойынша есептейді
)
мұнда:
П - қауыздық, %
СП – шөпшар қоспа, %
ЗП – дәндік қоспа, %
МЗ – ұсақ дән, %
ОС – ұнтақталған дән, %
КС – бидай, қарабидай, арпа дәндері, %
0,7 – дәндік қоспаны пайдалану коэффициенті.
21 кесте - Талдау қорытындысы
Шөпшар қоспасы (барлығы)________ %
|
Оның ішінде:
|
Шқ, г
|
%
|
Æ 1,5мм елеуіштен өткен дән;
|
|
|
минералды
|
|
|
ораникалық
|
|
|
жабайы және мәдени дақылдар тұқымы;
|
|
|
бұзылған дәндер;
|
|
|
залалды қоспа
|
|
|
|
|
|
Астық қоспасы (барлығы)________ %
|
Оның ішінде:
|
Ақ, г
|
%
|
ұрынған және желінген дән 50% мөлшерде;
|
|
|
піспеген (жасыл, басылған);
|
|
|
семген;
|
|
|
езілген;
|
|
|
бұзылған;
|
|
|
өзіндік жылыту немесе зақымдалған эндоспермалы кептірумен залалданған
|
|
|
Ұсақ астық мөлшері ____________________________________
10 г шөкімнен бөлініп алынған, бұзылғандары_____________________г.
10 г шөкімнен бөлініп алынған, зақымдалғандар___________________ г.
Бұзылған астық есебінің мазмұны
X=
Зақымдалған астық есебінің мазмұны
X=
1 шөкім қауыздарының массасы________________________________г
2 шөкім қауыздарының массасы________________________________г
Қауыздылық _________________________________________________
Таза ядро пайызы:
Қорытынды: Қорытынды беріңіз, берілген сұлы партиясы МСТ 6584 сұлы нормасы талабына сәйкес келеме?
Бақылау сұрақтары:
Сұлыға МСТ.
Типтік және подтиптік сулының негізгі бөлінуінің белгісі.
Қауызыны және ластануының анықтау методикасы.
Таза ядро пайызы қалай есептеледі, көрсеткіш белгісі?
18 Қарақұмық сапасын талдау
Жұмыс тәртібі: Жармалық қарақұмық сапасын анықтауды үйрену, МЕСТ бойынша сапаға қойылатын талаптарды үйрену.
Әдебиет
МЕСТ 19093, МЕСТ 13586.2
Құрал жадықтар: техникалық таразы, бөлгіш, талдау тақтасы, d 3мм елеуіш, тостағанша, қалақша, шпатель.
Жұмыс тәртібі
Ластануды анықтау
Орта үлгіден алынған 50 г шөкім массасынан шөпшар және астық қоспа фракцияларын анықтау үшін қолмен бөліп аламыз.
Шөпшар қоспасына жатады:
- Ө 3мм елеуіштен өткен дән ,
- минералды қоспа,
- жабайы және мәдени дақылдар тұқымы,
- органикалық қоспа,
- піспеген қарақұмық дәндері,
- ядросы аз қарақұмық ашық түсті дәндері,
- бұзылған,
Астық қоспасына жатады:
- ұрынған,
- желінген дәндер,
- ұнтақталған,
- өскін дәндер.
Бөлінген фракциялар өлшенед, оның нәтижелері шөкімге қатысты % өлшенеді. Бұзылған дәндерді анықтау үшін ластанудың талдауын жасау керек, ол үшін 5 г қосымша шөкім алынады. Қосымша шөкім дәндерін уатады. Бұзылған дәндер құрамын жеміс қабығымен бірге өлшейді.
50г шөкім массасындағы бұзылған дәндердің жалпы көлемін мына формула бойынша есептейді:
мұнда:
q – 50 гр шөкімдегі бұзылған дән салмағы
q1- 5 гр шөкімдегі бұзылған дән салмағы
q2 - таза, ұнтақталмаған қарақұмық салмағы.
Қауыздықты анықтау
Қауыздылық деп – таза астық шөкімінен салмағына қатысты % алынған астықтың сыртқы қабығының құрамын ( тарыда, сұлыда, күріште, арпада – гүлдің қауызын, қарақұмықта – жемістің қауызын ) айтады. Жармалық дақылдардың дәндерінің сапалық көрсеткішінің негізін қауыз құрайды. Дәннің қауыздылығы көп болса, соғұрлым оның бағалығы төмен болады.
Қауыздылықты анықтау үшін дәндерден қауызды қолмен немесе қабықтандыру құралы арқылы айырады. Ал, қарақұмықтың қауыздылығын тек қана қолмен айырады.
Қауыздылықты анықтау үшін 50 гр шөкімді астық және шөпшар қоспасынан тазартып, одан 2,5 г-нан 2 қосымша шөкім алады. Дәнді қолмен уатады, жемістік қауызды өлшейді, нәтижесін шөкімге қатысты % өлшейді. Сапа бойынша базистік сапа болып қарақұмық дәндерінің қоспаларымен бірге 22% қауыз және 75% таза ядро құрайды.
Дәндегі таза ядроның % құрамын анықтау
Таза ядро құрамы жармалық дақылдардың маңызды көрсеткіші болып табылады. Таза ядро құрамына дайын өнімнің шығуы тәуелді болады. Дәннің таза ядро құрамы көп болса, жарманың шығуы жоғары болды.
Жарма зауыттарынан жарманың шығуын есептегенде бұл көрсеткіш міндетті түрде болады. Таза ядро құрамын оның ластануын және қауыздылығын анықтағаннан кейін ғана анықтайды.
Таза ядро құрамын есептеу үшін мына формуланы қолданады:
мұнда:
П - Қ - қауыздылық, %;
Сп- Шқ - шөпшар қоспа,%;
Зп- Ақ- астық қоспа,%;
0,7 - астық қоспасын қолдану коэффициенті
Таза ядросы бар қарақұмық жармасының шығымы және сапасы да жоғары болады. І. 77 % жоғары; ІІ. 74 % жоғары; ІІІ. 71 % жоғары мөлшері болу тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |