Қазақстан Республикасының Бiлiм және Ғылым Министрлiгi


МОК-1 құрылымын жұмысқа дайындау



бет6/13
Дата28.01.2018
өлшемі2,41 Mb.
#34112
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

МОК-1 құрылымын жұмысқа дайындау


Жұмыс басталардың алдында таза суға арналған сыйымдылық температурасы 18±20°С сумен толтырылады (МСТ 13586. 1-90 талаптарына сәйкес) әрі істеп түрған двигательмен жуу тетігінің жұмысшы камерасына судың реверсивтік берілуін және оның жеңіл өтуін, сонымен қатар саңылауларды қайта қосу тұтқасының еркін айналуын тексереді.

Жуу торабын жуып-шаю 7-10 минутке созылады. Жуу торабын жуған кезде стандарт талаптарына сәйкес дайындалған қамырдың еркін үлгісі аспаптың камерасына салынады, немесе қалған дән ұлпасы пайдаланылады.

Соңынан МОК-1 құрылымының жуу торабын талданатын қамырды салуға дайындайды:

а) жұмысшы саңылаулар реттегіштің тұтқасын «7» мм күйіне орналастырады (қамырды саларда бұл талапты орындамағанда дән улпасын жуу процесі бұзылады);

б) камераның ішкі бетін және жұмысшы органын сумен тыңайтылықты сулайды;

в) камераның төменгі су ағызу шүмегін жабады;

г) шығырдың көмегімен су берудің төменгі бағытын белгілейді;

д) уақыт реттегіштің көмегімен екі уақыт релесіне жалпы
жуу уақытын және кестеде көрсетілгендей кепілдемеге сәйкес жуудың бірінші кезеңін тапсырады.

Осы операцияларды орындағаннан кейін МОК-құрылымы жұмысқа дайын (мұндай алдын-ала дайындықты қамырдың жатыңқырап пісуі кезінде іске асырады).
Бірінші кезең. Насосты іске қосу және камераға су беретін жалпы шүмекті ашу (камераға суды бір минөт бойы беру қажет); насосты ағыту, қысқашты ашу, жұмысшы органның тұтқасын бекіту және оны жоғарғы декамен және жұмысшы органмен бірге ең шеткі жоғарғы күйге көтеру; ағызу шүмегін ашып, камерадағы суды ағызып жіберу және қайта жабу; жатыңқырап пісу аяқталғаннан кейін қамыр жіпшелерін судан алу, бір рет қолмен қысып кесек жасау және 6 еркін ұсақ кесектерге үзіп шеңбер бойымен төменгі деканың орта бөлігіне салады. Осыдан кейін жұмысшы камераның қақпағын жұмысшы органмен бірге төмен түсіреді. Қақпақты негізгі қысқаштың көмегімен тығыз қысады; толық бағалы бидай астығының дән ұлпасын жуу үшін уақыт релесін I, II, III жәые IV типтерге 5 минөт, ал II тип үшін 9 мннөтке қосу қажет; насосты қосу, су беретін жалпы шүмекті ашу, шыны түтікте су пайда болан кезде жұмысшы органның қозғалтқышын (привод) іске қосу; су ағызатын жалпы шүмекті ашу арқылы жуу торабындағы судың қысымын 0,05 кг/см2 (монометр көрсеткіші) қою қажет, бұл деген 0,35-0,40 л/мин су шығымына сәйкес кеседі; біріпші кезеңнің аяқталуына 2 минөт қалғанда жалпы шүмектің көмегімен судың шығынын 0,50-0,60 л/мин. дейін жеткізген жөн. Бұл жағдайда жүйедегі судың қысымын 0,1 кг/см2 жеткізеді (манометр тілінің көрсеткіші).

Дән ұлпасын жуғанда жуу торабынан су ұстап қалу елеуішіне беріледі. Ұстап қалу елеуішіне сумен бірге жуылған кебек, және мүмкін, дән ұлпасының үзілген кесектері келіп түседі. Дән ұлпасын жуудың үш кезеңі бойы жуылған барлық кесектер (бөліктер) ұстап қалу елеуішінде жинақталады да қайтадан дән ұлпасының барлығына тексере жуылады.


Екінші кезең. Дән ұлпасын жуудың бірінші кезеңі аяқталған соң-электродвигательдің жұмыс істеп тұрған бойы саңылауларды реттегіш тұтқаның көмегімен жұмысшы саңылауды 7,0 мм-ден екінші кезеңінің 1,5-2,0 мм-не ауыстырады) судың шығыны 0,35-0,40 л/мин - екінші кезеңнің аяқталуына 2 минут қалғанда төртжүрісті шүмектің тұтқасын бұру арқылы берілген судың бағытын өзгертіп «жоғарғы» күйге келтіреді, ал үшінші кезеңнің басталуына 15 сек. қалғанда осы тұтқамен суды жуу торабының жұмысшы камерасына «төмен-жоғары» бағытында «төменгі» күйге қою ар-қылы өзгертеді.

Егер Ш-кезеңінің алдында судың берілуін «төмен-жоғары» бағытында дүрыс орындамаса, дән ұлпасының кесектері білік-фиксатордың саңылауына тартылады, ал соңынан олар су жүйееін (гидросистема) бекітіп тастайды.


Үшінші кезең. Екінші кезеңнің уақыты бітқеннен кейін электр-двигательдің жұмыс істеп тұрған бойы саңылауларды реттегіштің тұтқасын 7,0 мм жұмысшы саңылауға ауыстырады және дән ұлпасын жууды әлі 2 минут жалғастырады. Жуу торабына берілетін судың шығыны 0,35-0,40 л/мин болуға тиіс; двигательдің қозғалтқышы автоматты түрде тоқтағалнан кейін жалпы шүмекті жабады және насостың двигателін ағытып тастайды; жуылған дән ұлпасын камерадан алу үшін қысқышты ашады, тұтқаны босатады және оны декамен, жұмысшы органмен бірге аздап көтереді; соңынан қақпақты корпус тіреуінің ұясына түсіреді; жұмысшы камерадан дән ұлпасын алады да құрғақ екі алақанның арасында екі қабат сығады;

Сығылған дән ұлпасын өлшейді және аздап суланған саусақтармен сапасын анықтауға мөлшері 4 г шөкім бөлінеді; аздап ылғалданған саусақтармен шөкімнен кішкентай шар қалыптастырылады.

Өздігінен қызған, өте кеуіп кеткен, өнген, т. б. кемшілігі бар бидай астығының қамыры үгілмелі болады, жіпшеге ширатылмайды және мұндай астықтың дән ұлпасын анықтауды екінші ереже бойынша жүргізеді: қамыр дайындау, жуу және дән ұлпасын жуу торабынан шығарып алудағы барлық операциялар қалыпты бидай астығынан дән ұлпасын жуу ережесіне сәйкесі жүргізіледі; кемшілігі бар бидай астығынан дән ұлпасын жууды камерадағы жұмысшы саңылауды 1 мм етіп 8 минут бойы жүргізеді; камераға су «төменнен-жоғары» бағытында алғашқы минөтте 0,1 л/мин беріледі, ал кейінгі 4 минөтте судың шығыны 0,35-0,40 л/мин дейін көбейтіледі,

Қандала-тасбақ дәнмен жарақаттанған бидай астығынан дән ұлпасын жуу үшінші ереже бойынша үшін кезеңде іске асырылады: қамырды жууға дайындау, жуу және дән ұлпасын жуу торабынан шығарып алудағы барлық операциялар қалыпты бидай астығының дән ұлпасын жуу ережесіне сәйкес жүргізіледі; бірінші кезеңде дән ұлпасын жуу камера құрылымындағы жұмысшы саңылауды 7,0 мм етіп 6 минөт бойы жүргізеді. Жууға кететін судын шығыны алғашқы 4 минөтте 0,35-0,40 л/мин, ал соңғы 2 минөтте - 0,60-0,50 л/мин. Барлық үш кезеңдерде жуу камерасына су «төменнен-жоғары» бағытында беріледі; екінші кезеңде дән ұлпасын жууды камера құрылымындағы саңылауды 1,5мм-ге қойып 14 минөт бойы жалғастырады; үшінші кезеңде камерадағы жұмысшы саңылауды 7 мм-ге қойып дән ұлпасын 2 минөт бойы 0,35-0,40 л/мин су шығынымен жуады.


Дән ұлпасын жуу
Астық күйіне байланысты дән ұлпасын жуу үш ереженің (режимнің) бірімен жүргізіледі:

І-ереже. а) I, ІІІ және IV типтердегі толық бағалы бидай астығының қамырынан дән ұлпасын жуу.

б) Н-типтегі бидай астығының дән ұлпасын жуу.



ІІ-ереже. Қызған, өте кеуіп кеткен, өнген, т. б. кемшілігі бар бидай астығының дән ұлпасын жуу, қамыр дайындағанда үгіле береді, байланыспайды, ширатқанда жіпше түзілмейді үзіле береді.

ПІ-ереже. Қандала-тасбақамен зақымданған бидай астығынан дән ұлпасын жуу.

I, II, III және IV типтерге жататын толық бағалы бидай астығынан дән ұлпасын жуу І-ереже бойынша үш кезеңде төмендегідей тәртіппен жүргізеді




Шикі дән ұлпасының сапасын анықтау
Жұмыс тәртібі
Шикі дән ұлпасының сапасы серпімділік қасиеттерімен сипатталады, олар ИДК-1 аспабының көмегімен анықталады.

Аспаптың жұмыс принципі белгілі бір уақыт аралығында (3 сек.) қос кеңістік арасындағы деформациялық салмаққа (1.20 г) дән ұлпасының қарсылық қабілетін өлшеуге негізделген.

Аспапты үстелге орнатады да микроамперметрдің тілін механикалык корректордың көмегімен шкаланың - «60» белгісіне қояды. Содан кейін аспапты электр желісіне қосады да оның 15-20 минөт бойы жылынуына уақыт береді, соңынан міндетті түрде нұсқауға сәйкес түзету енгізіледі. Әбден жуылған және өлшенген дән ұлпасынан 4 г шөкім алынады, 3-4 рет саусақтармен ұйпалақтайды, кішкентай домалақ жасайды да, 18±2°С температурадағы су құйылған шәшкеге салады.

МОК-1 аспабында жуылған дән ұлпасының кішкентай домалағың талдау алдында жатыңқырап пісу уақыты:

а) I, II, III және ІV-типтердегі бидайда (қалыпты астық) -9 мин;

б) қандала-тасбақамен 2 және одан да жоғары процент жарақаттанған

бидайда 15 минөт;

в) өздігінен қызған, өте кеуіп кеткен, өнген, т. б. кемшілігі бар, әрі қамыр дайындағанда үгіле беретін, жіпшеге ширатылмайтын, байланыспайтын дән ұлпасын беретін бидайда -7 мин.

Шикі дән ұлпасының сапасын анықтау үшін аспап үстелінің ортасына дән ұлпасының шөкімі салынады (сынақ алдында дән ұлпасын соққылауға болмайды) және еркін түсетін салмақтың (пуансонның) деформациялық әсеріне ұшырайды, 30 сек. уақыт өткеннен кейін салмақтың жылжуы автоматты түрде тоқтатылады. Аспап көрсеткішін жазып алып, салмақты қайтадан орнына жылжытады. Сынақтан өткен дән ұлпасы аспап үстелінен алынады.

Шартты бірліктермен көрсетілген аспап көрсеткіштеріне байланысты кесте бойынша дән ұлпасы тиісті топтарға жатқызылады:




17 кесте - Шикі дән ұлпасының сапа көрсеткіштері


Аспаптың шартты бірліктер көрсеткіштері

Сапа тобы

Дән ұлпасының сипаттамасы

0-ден 15-ке дейін
20-дан 40-қа дейін

45-тен 75-ке дейін

80-нен 100-ге дейін

105-тен 120-ға дейін



III
II

I

II



III


Қанағаттанарлықсыз беріктік

Қанағаттанарлық беріктік

Жақсы

Қанағаттанарлық әлсіздік



Қанағаттанарлықсыз әлсіздік



Талдау қорытындысының жазбасы
Ұнтақ астықтың шөкімі________________________________г

Илеуге алынған су мөлшері_____________________________мг

Шикі дән ұлпасының мөлшері (I анықтама) ____________________г

Шикі дән ұлпасының мөлшері (II анықтама) ____________________г

Екі анықтаманың айырмашылығы ________________________г

Шикі дән ұлпасының проценттік мазмұны _______________________%

Аспаптың көрсеткіші ________________________шартты бірлік

Дән ұлпасының тобы____________________________________



Нәтиже: қорытынды беріңіз: берілген бидай талабына дән ұлпасының сәйкес тілігі, дән ұлпасының сапасын анықтау және оған сипаттама беру.

Бақылау сұрақтары:


  1. Талдауға үлгі дайындау.

  2. Шикі дән ұлпасына анықтама әдісінің саны.

  3. Шикі дән ұлпасының сапасын анықтау әдісі.

  4. Бақылау және арбитражды талдаудағы жіберілген айырмашылық.

  5. Шикі дән ұлпасын анықтаудағы механикалық амалы.

  6. Қандай ақуыздар дән ұлпасын құрастырады және дәннің қай жерінде орналасқан?

  7. Дән ұлпасының сипаттамасы, тию және қабылдау кезіндегі талаптары.


Ескерту:

  1. Илеу, жуу және дән ұлпасының сапасын анықтауда 180С (+-20С) температурада өңдейді.

  2. УФК құрылысында дән ұлпасының (формирование шарика) өңдейді.



14 Астықтың күлділігін анықтау.
Астықтың күлділігін негізгі әдіспен немесе жылдамдатумен анықтау
Жұмыстың мақсаты: күлділікті анықтаудың әдістемесі мен техникасын үйрену. Зертханалық құжаттарда талдаудың нәтижесін толтыруды және күлділікті анықтауды үйрену.
Әдебиет

МЕСТ 10847


Құрал жабдықтар, реактивтер: Зертханалық диірмен, аналитикалық таразылар, муфельді пештер, эксикатор, фарфорлы тигелдер, шыны табақшалар, металды илеуіш 0,8 мм, азотты қышқыл, тығыздылық 1,2 г/см3.
Дәннің және оның өңделген азықтарының күлділігін муфель пештерінде ұнтақталған азықтардың күлденуімен анықтайды.

Күлденудің үш әдісі бар:



  1. Жылдамдатқыштың көмегінсіз;

  2. Жылдамдатқыштың көмегімен;

  3. Жоғары температурада күлдету.

Атап өтілген әдістердің ішінде ең нақты болып тездеткіштің көмегінсіз күлділікті анықтау жатады, сондықтан арбитражды сұрыптаулар кезінде бұл әдіс негізгі және қажетті болып есептеледі.

Бұл көрсеткіш дәннің құрамындағы минералды заттардың мөлшерін көрсетеді. Дәнде минералды заттар әр түрлі орналасады. Дәннің күлділігі дақыл өскен топырақтың химиялық құрамына, ауа райына және дәннің сортына байланысты өзгеріп тұрады. Дәнді тартудағы негізгі міндет – эндоспермасын таза бөліп, күлділігі төмен ұн алу.


Жұмыс тәртібі
Шөкімді дайындау
1. Орта үлгіден 30-50 г астық алады, шөпшар қоспадан тазартады, (бұзылған дәндерден басқа) және № 08 металды елеуіштен өтетіндей етіп тәжірибелік диірменде уатады. Уатылған астықты араластырады, шыны пластикада жұқа қабатпен тегістейді және әр түрлі жерден 2-2,5 г шөкімдерді бөліп алады және салмағы өлшенген екі бос фарфорлы тигельдерге салады.

2. Осымен қатар ылғалдылықты анықтау үшін басқа екі шөкім алынады.

3. Күлділікті анықтау негізгі әдіс бойынша ( жылдамдатқыштарды қолдану арқылы немесе жоғары температураларда )жүргізіледі.


Негізгі әдіспен күлдету
Шөкімі бар, салмағы өлшенген тигельдерді, құрғақ айдау өнімдерінің бөлінуі тоқтағанша дейін, муфель пешінің есігіне қояды, бөліну тоқтағаннан кейін тигельдерді муфель пешінің ішіне жылжытады да, есігін жауып муфельді ашық-қызыл түске дейін қыздырады.

Күлдетуді күлдің түсі ақ болғанша дейін жүргізеді. Кейін тигелдерді эксикаторда салқындатады, салмақтарын өлшейді, екінші рет 20 минуттай қыздырады және қайтадан салмағын өлшейді.

Егер күлі бар тигельдің массасы өзгермесе күлдету аяқталады. Таразыда 0,0002 г дәлдікте есептейді. Құрғақ затқа есептегендегі ылғалдың массалық үлесі 0,01 % дәлдік бойынша есептеледі.
Азот қышқылын қолданумен күлдету

МЕСТ 27494.

Шөкімдерді қыздыруды негізгі әдістегідей тигельдердегі зат сұр түске айналғанша дейін жүргізеді. Содан кейін тигельдерді садқындатып, азот қышқылының 3-4 тамшысын тамызыды және қайта муфельді пешке қояды. Азот қышқылын абайлап буландырып, одан кейін муфель пешінің түбіне жылжытып, 20-30 мин күлдету жүргізіледі.

Күлдетуден кейін тигелбдерді салқындатады, өлшейді. Күлі бар тигельдің массасы 20 минут ішінде жүргізілген қайтара қыздырудан кейін өзгермесе күлдету аяқталады деп саналады.



Абсолютті құрғақ затқа ауыстырған астықтың күлділігі %-бен көрсетіліп, мына формула бойынша анықталады:

мұндағы:

m3 - күлдiң массасы, г


mн –ұнтақталған дәннiң шөкімiнің массасы, г
w – дәннiң ылғалдылығы , %

Екі параллельді анықтау арасындағы шекті айырмашылық 0,025 %, одан аспаса, сұрыптау дұрыс болып есептелiнедi.



18 кесте - Күлділігі бойынша талдау қорытындысы

Дақыл


Тигельдің номері

Бос тигельдің салмағы

Шөкім мөлшері, г

Шөкімі бар тигельдің қыздырғанға дейнгі салмағы, г

Шөкімі бар тигельдің қыздырғаннан кейінгі салмағы, г

Күл салмағы, г

Ылғалдылық, %

Күлділік, %

Орташа күлділік, %




























































































Қорытынды. Берілген астық тобы күлділігі бойынша базистік кондицияға (1,97%) сай келетінін әлде сай келмейтінін анықтандар.

Бақылау сұрақтары:


  1. Негізгі әдіс бойынша астықтың күлділігін анықтау әдістемесі.

  2. Азот қышқылының көмегімен күлділік әдісіне мінездеме беру.

  3. Зертханалық құжаттарда талдау қорытындысының түрін толтыру.

  4. Неге минералдық заттарды күлділік деп атайды?

  5. Астықтың күлділігі дегенді қалай түсінесіз?

  6. Астық күлділігіне әсер ететін факторлар.

  7. Астық сапасы бойынша дайын өнімге күлділік қалай әсер етеді?

  8. Астық күлділігінің анықтау әдісін атаңыз.

  9. Астық күлділігін анықтаудағы азот қышқылының және магнии сіркесуының қышқылының ерітіндісінің тездеткіштік ролі.


15 Қара бидай сапасын талдау
Жұмыс мақсаты: қоспа фракцияларын үйрену және шектеулі кондиция талабына сәйкесін анықтау.
Әдебиет

МЕСТ 13586.2, МЕСТ 16990


Құрал жабдықтар: талдау тақтасы; d 1,0 мм және 1,4 х 20 мм елеуіш; техникалық таразы, қалақша, күрекше.
Қарабидайдың ластану дәрежесін және ұсақ дәннің құрамын анықтау.
Жұмыс тәртібі
d 1 мм тесіктері бар елеуіштен массасы 50 г шөкімді өткізу арқылы қарабидайдың ластану дәрежесін анықтаймыз. Ұсақ дән құрамын анықтайтын болсақ, онда 1,4х20 мм көлемді тесіктері бар елеуіштен өткіземіз. 1,4х20 мм және d 1 мм тесіктері бар елеуіштен шыққан шығындыларды қолмен іріктейді. Іріктеген кезде орындалу және бүліну сипатына қарай лас және дәнді қоспаға жатпайтын қарабидай дәндерін негізгі дәнге жатқызамыз.

Стандартқа сәйкес қарабидай қоспаларының құрамы - «Азық-түліктік қарабидай әзірлеу кезінде қойылатын талаптар», «Спирт өнеркәсібінде солод өндірісіне арналған қарабидай» - бидай қоспаларына ұқсас келеді. Айырмашылықтары мынадай:

А) қарабидайдың астық қоспасына шөпшар қоспаға жатпайтын бидайдың, қос дәнекті бидайдың және арпаның бүтін және бүлінген дәндерін жатқызады.

Б) бүкіл массасынан 50% көлемде, зақымдану көлемі мен сипатына тәуелсіз ұрынған және желінгендер. (қалған 50 % негізгі дәнге жатқызылады)

Қарабидай шөкімін іріктеген кезде қоспалардың 2 фракциясын бөліп көрсету қиын;

А) піспеген жасыл дәндер, өйткені қарабидайдың көптеген сорттарынын дәндері жасыл болып табылады.

Б) сыртқы сипаты бойынша қарабидайдың қоңыр дәніне ұқсайтын бүлінген және қуырылған дәндер. Қарабидайдың жасыл піспеген дәндері жасыл дәнді сорттардың дәндеріне қарағанда неғұрлым ашық түсті болады да, кептірген кезде солып әжімденеді.

Күдіктендіретін қарабидайдың қоңыр дәндерін көлдеңенінен кеседі, қоңыр бидай эндоспермі кескен кезде ақ түсті, ал бүлінген дәнде қарайған болады.

Қарабидайды ластаушылырға қарабидай арпабасы және көк қозыошаған жатады.Қарабидайдағы зиянды қоспалардан ең жиі кездесетін - қастауыш.

Қарабидайдың зақымданған дәндерін таза дәннен алынған массасы 10 г шөкімде анықтайды

Қарабидайдың ұсақ дәндерінің құрамын 1,4х20 мм көлемді тесіктері бар елеуіштен өткізу арқылы анықтайды. Қарабидайдың ұсақ дәнді дәндерін бүліну және орындалу сипатына қарай, қоспаға жатпайтын 1,4х20 мм көлемді тесіктері бар елеуіштен өткен дәндерді жатқызады.

Барлық бөлінген фракциялар өлшеніп, салмақтары шөкім массасына қатысты пайызбен көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет