Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


,6 - тақырып: 3 – курс студенттері үшін хормен жұмыс істеу іс – тәжірибесін енгізу



бет7/8
Дата16.11.2016
өлшемі1,29 Mb.
#1877
1   2   3   4   5   6   7   8

5,6 - тақырып: 3 – курс студенттері үшін хормен жұмыс істеу іс – тәжірибесін енгізу

Жоспар:


  1. Хормен жұмыс істеудің техникалық кезеңі

  2. Хорды жұмыс істеуге дайындау

  3. Хордағы дыбыс қатарымен (строймен) жұмыс жүргізу

  4. Шығарманың нюансымен жұмыс

Бірінші, яғни техникалық кезең өз ішінде үш фазаны біріктіреді. Оның ең алғашқысы шығарманы талдауға негізделеді. Ол дегеніміз берілген шығарманы бірнеше бөлімдерге жіктей отырып, әрбір партиямен жекелей және тұтас хормен жұмыс жасау. Осы жөнінде П.Г.Чесноков мынадай ескерту жасайды: “Бір партиямен ұзақ уақыт бойы жұмыс жасау дұрыс емес, өйткені қалған партиялардағы оқушылардың зейіні аутқып, шашарап кетуі мүмкін. Сондықтан да дирижер бір қысқа үзіндіні бір партиямен жаттаған соң, бірден екінші партиямен қосып, осылайша хордың белсенді іс‑әрекетін қамтамасыз етуі қажет”,‑ дейді.

Шығарманы талдау кезінде оны фортепиано аспабында басынан аяғына дейін, барлық нюанстерді сақтай отырып оқушыларға алдын­‑ала орындап беру қажет‑ деген көзқарас баршылығында қалыптасып кеткен. Бірақ П.Г.Чесноков бұл пікірді қолдамайды, оның айтуынша хордың жаңа шығармаен алдын‑ала танысуы нәтижесінде жаңа материалға деген қызығушылық сезімі жоғалып кетуі мүмкін. Бұны театрдағы жаңа спектаклмен салыстыруға болады, яғни көрермендерді спектаклде қызықтыратыны‑ сюжет жиілісінің біртіндеп өрбуі,осылайша белгілі бір кульминацияға жетуі. Ал сюжетті алдын‑ала біліп барсақ, қызығы да болмас еді. Сондықтан да хор мүшелеріне жаңа шығармамен таныстыру­‑ үлкен қателік деп есептейді П.Г.Чесноков.



Бірінші кезең мозайка принципіне сүйенеді, яғни жеке‑жеке бөлшектерді құрастыра отырып, үлкен бір затты жасау. Ал біздің жағдайда, жеке хор элементтерін біртұтас жүйеге біріктіру. Осылайша бірінші фазаның мақсаты да осы болып табылады.

Екінші фазаның мақсаты‑ стройды қалыптастыру. Сондықтан да хор жетекшісі оқушыларға ең алдымен строй жөнінде жалпы мағлұмат береді, оның хор ансамблін құру кезіндегі маңыздылығын түсіндіріп кетуі қажет.

Стройға қатысты П.Г.Чесноков шартты белгілер жүйесін ұсынды, бұл:

‑ жоғарылату белгісі;

­‑ төмендету белгісі;

‑ дыбыс тұрақтылығын білдіретін белгі;

‑минорлық ладты көрсететін белгі.(қосышада бар)

Осы шартты белгілерді үлкен плакатқа жазып, оқушылардың алдына іліп қою өте тиімді және нәтижелі. Бірақ бұндай көрнекілік тәсілінің тиімділігін арттыру үшін шартты белгілерінің мән­‑мағынасын түсіндіру қажет. Сөйтіп шығармамен жұмыс жасау кезінде еркін қолдана аламыз.

Стройға байланысты хор жетекшісі мынадай маңызды жайтты оқушыларға ұғындыру қажет: дыбыс интонациясын жоғарылату дегеніміз дыбысты күшейту, қатайту емес, және осы сияқты дыбыс интонациясын төмендету дыбыс күшін азайту деген сөз емес.

Сонымен қатар строймен жұмыс жасаудың бастапқы кезінде музыкалық шығарманы пиано динамикасына сәйкес ақырын айтқызу қажет. Мақсаты: оқушылардың бірін­‑бірі естуіне жағдай жасау, унисонды теңестіруге және тұтас аккордты құрай алуға дағдыландыру. Осы тұрғыда строймен жұмыс жасау үрдісіне қойылатын басты талап‑ аспапты қолданбау. Өйткені табиғи стройды аспапқа ғана тән темперированный стройымен сәйкестендіріп, салыстыруға, теңестіруге болмайды.Ал аспапты тек алғашқы кезеңнің бірінші фазасында қолануға рұқсат етіледі. Бірақ сонда да ол шектеулі дәрежеде қолданылуы қажет. Өйткені аспап хорды жетектеуші емес, керісінше толықтырушы, көркемдеуші, сүйемелдеуші құрал.

Үшінші фаза қажетті нюанстерді қалыптастыруды көздейді. Бұл кезеңнің алғашқы сатысында оқушыларға нюанс, дикция, тыныс алу жөнінде жалпы мағлұмат берілуі қажет.Содан кейін хор жетекшісі қарастырып жүрген шығарманың ішінен кездесетін нюанстерді таңдау арқылы әрқайсыларының мән‑мағынасын түсіндіруі тиіс. Осы кезеңдеП.Г.Чесноков қарама‑қайшылық принципін қолдануды ұсынады, яғни хор шығармасын алғашқыда пиано белгісімен, одан кейін фортеге орындау. Бұндай ауысым бір‑біріне қарама‑қайшы болғандықтан хор жетекшісі үшін тиімді және пайдалы болып саналады. Өйткені оқушылар пиано мен форте арасындағы жер мен көктей айырмашылығын бірден сезініп, өзара ажырыта алады.

Сөйтіп ансамблді құру үрдісі хор жетекшісінен кәсіби білім мен ансамблмен жұмыс жасауға арналған арнайы білік‑дағдыларды, әдіс‑тәсілдерді меңгеруін, шығармашылық жұмыстың жүйелі, бірізді, нәтижелі өтуін талап етеді.

Жұмыстың жемісті болуы, сонымен қатар оқушылар тарапынан шығарманы ұнату немесе ұнатпауына байланысты. Мысалы, терең мазмұнды, ұлттық нақышы бар, күрделі, әсерлі шығармалар оқушаларды бірден ынталандырып, дайындық кезінде олардың жинақылығын, белсенділігін, жауапкершілік сезімін арттырады.

Сұрақтары:



  1. Хормен жұмыс істеуді неше кезеңге бөлуге болады?

  2. Әр кезеңге сипаттама бер.

  3. Шешуші, негізгі кезең қай кезең болып саналады?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Соколов В.Г. Работа с хором. М., “МузГиз”, 1963.

  2. Струве Г.А. Школьный хор: Книга для учителя. М.,1981.

  3. Стулова Г.П. Теория и практика работы с детским хором. М.,2002.

  4. Тевлина Б.Г. Работа в хоре. Методика, опыт. М., Профиздат, 1977.

  5. Уколова Л.И. Дирижирование. М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003.

  6. Чесноков П.Г. Хор и управление им. М., 1952.


7,8,9 - тақырыптар: Орындаушылық дағдылар: орындаушылық стиль, орындау қарқын мәнері, штрихтар мен нюанстарды қалыптастыру әрекеті

Жоспар:


  1. Орындаушылық стиль, орындау карқын мәнері

  2. Штрихтар мен нюанстарды қалыптастыру әрекеті

Динамикалық ансамбль жасауда музыкалық нюанстерді көрсете білу аса маңызды. Бұл музыканың көркем, мәнерлі, әсерлі болып шығуының басты кепілі. Сондықтан да хор жетекшісі динамикалық ансамбль жасауда нюанстерге көп көңіл бөлуі қажет.

Нюанстерді көрсететін қол‑қимыл белгілері басқа да дирижерлау техникасының элементтері секілді қандай да бір шектеулі жүйеге бағынбайды, яғни әрбір дирижер өзіне ыңғайлы деген, хор мүшелеріне түсінікті болатын қол‑қимылдарын таңдайды немесе өзі ойдан ойлап шығара алады. Дегенмен, музыкалық нюанстерді көрсететін қол‑қимылдарының жалпы ортақ белгілері бар: мысалы forte‑ні, яғни қатты дыбыс күшін көрсету үшін дирижердың корпусы және қол білезігі дыбыстың қатты шығуын бейнелеу үшін ауыр салмақпен, кең амплитуда көрсетілсе, piano (өте ақырын) белгісінде амплитуда көлемі екі есе кішірейіп, қол­‑қимыл жұмсақ, әрі нәзік орындалуы тиіс. Пианоны көрсету үшін іс‑тәжірибеде кеңінен қолданылатын қол‑қимыл түрі: сол қолдың алақанын тұтас хорға немесе белгілі бір партияға қарату.

Крещендоны (дыбыс күшінің біртіндеп ұлғайтылуы) көрсеткен уақытта бүкіл дирижерлық аппаратқа (қол, бас(беті, көзі)), дене кеуде аяқ бөлімдері, иық, кеуде) қысым түсіру арқылы біртіндеп қол­‑қимыл амплитудасын ұлғайтамыз, ал диминуэндоны (дыбыс күшінің біртіндеп азайтылуы) көрсету үшін қысым күшін әлсіретіп, қол‑қимыл амплитудасын біртіндеп кішірейтеміз.

Жалпы дирижер жестінің дәлдігі хор мүшелерінің белгілі бір нюанс жасауда және шығарманың сипатын көрсетуде үлкен орын алады. Мысалы, қол‑қимылдың кенеттен жасалған жүрдек серпілісі форте динамикасына, жылдам екпініне тән, ал кең тынысты, баяу қол‑қимылы пиано атты динамикалық белгісін, орташа екпінді білдіреді.

Кенеттен жасалынатын нюанстер (subito forte, subito piano) бір үлеске ертерек көрсетіледі. Ал legato‑ны (дыбыстарды өзара байланыстырушы белгі) көрсетуде білезік буындары маңызды рөл атқарады.

Жалпы легато мен стаккато қимылдары технологиясының едәуір айырмашылықтары бар, яғни легатода негізгі ролді ішкі үлестік қозғалыс алады және нүктелері жұмсартылған, ал стакккатода керісінше, ішкі үлестік қимыл қысқартылған, нүктелері өте белсенді, серпінді болып келеді.

Осылайша стаккатоны жүргізу барысында легатоға қарағанда басқаша қол қимылдар қолданылады: бұл штрих өте қысқа дем алғанды, белсендірек, өте өткір нүктені және азғантай қол қозғалысының көлемін талап етеді. Осыдан барып қолдардың позициясы да дирижерлаудың әдеттегі қол қимылының орнынан сәл жоғарырақ болуы мүмкін, ал қол қоспасына аздап түсірілген шынашақ тірек болады. Қол қоспасы білекпен бірге қысқа екпіндер тастауға мүмкіндік бере сәл көтеріледі. Стаккато мен легато штрихтарын орындау барысында “дирижерлық нүктелер” екі жағдай да саусақтың ұшымен немесе бүкіл қол қоспасымен орындалса да, олар сапасы жағынан әр түрлі сипатта беріледі (ал легатода сонымен қатар барлық қолмен беріледі). Бірақ легатоның нүктелері жұмсақ, жабысқақ болады, барлық қол иықтан төмен дыбысты нүктеге апарар кезінде қол қоспасының қимылына ереді.




нюанстер түрі

Қозғалыс серпілісінің көлемі

Қол қимыл қозғалысының биіктік деңгейі

ақырын


пиано p

кіші

кеуде тұсында

орташа қатты



меццо пиано mp

орташа

иық тұсында

қатты


форте f

үлкен

көз тұсында

өте қатты фортиссимо ff


өте ауқымды


бастың тұсында


өте ақырын



пианиссимо pp

сәл ғана байқалатын



бел тұсында


біртіндеп

күшейту

крещендо

біртіндеп кеңейту


бастан төмен қарай


біртіндеп ақырындату



диминуэндо

біртіндеп қысқарту


бел тұсынан төмен



Сұрақтары:


  1. Хормен жұмыс істеуде орындаушылық дағдыларды қалыптастыру тәсілдерін білесің бе?

  2. Мәнер мен стиль ұғымдарының айырмашылығын ата.

  3. Шығармалардағы штрихтар мен нюанстарды жасау әдіс – тәсілдерін жіктеп айт?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Соколов В.Г. Работа с хором. М., “МузГиз”, 1963.

  2. Струве Г.А. Школьный хор: Книга для учителя. М.,1981.

  3. Стулова Г.П. Теория и практика работы с детским хором. М.,2002.

  4. Тевлина Б.Г. Работа в хоре. Методика, опыт. М., Профиздат, 1977.

  5. Уколова Л.И. Дирижирование. М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003.

  6. Чесноков П.Г. Хор и управление им. М., 1952.

10,11,12 - тақырыптар: Көркемдік бейнені беру үшін музыкалық мәнерліліктің барлық құралдарын пайдалануға дағдылану

Жоспар:


  1. Көркемдік кезеңнің мақсаты.

  2. Қорытынды кезеңде жасалатын іс шаралар.

  3. Әдеби мәтінмен жұмыс істеуде қолданылытын

Көркемдік кезеңнің мақсаты‑ берілген шығарманы өзерту, көркемдеу. Ол екі фазадан құралады, әрқайсысы өзіндік міндеттерін көздейді.

Бірінші фазаның міндеттері:

‑ мәтінді әуенсіз жаттату, бұл дегеніміз шығарма мәтінін музыкадан ажыратып, жеке туынды ретінде қарастыру. Мәтінмен жұмыс жасау кезінде дикцияға көп көңіл бөлу қажет. Дирижер мәтін сөздерін жаттатудың әдістерін өз еркімен таңдай алады, бірақ ең тиімдісі мозайкалық әдіс, яғни өлең жолдарын бірінен кейін бірін екі жол бойынша жаттату;

‑ мәтіндегі көркем бейнелердің, сюжет жиілісінің мән‑мағынасын түсіндіре отырып, студенттердің өлеңге деген көзқарасын аңықтау, пікірін білу;

‑ өлеңнің басты мәселесін, негізгі ойын білдіретін сөздерді, сөз тіркестерін топшалау.

Екінші фазаның міндеттері:

‑ музыка мен мәтін сөздерінің үйлесімділігін аңықтау, егер де қандай да бір сәйкес келмеушілікті байқалынса, оның себептерін, сипатын аңықтай отырып тұсіндіру;


  • шығарманы әндету кезінде мәтін сөздері мен әуенді көркемдік дәрежеде үйлестіру.

3) Қорытынды кезеңнің мақсаты‑ алғашқы кезеңдерде жасалған жұмыстың нәтижелерін біртұтас жүйеге біріктіру. Қорытынды кезеңнің мерзімін хор жетекшісі жұмыс жасау қарқындылығына, белсенділігіне, көрсеткіш деңгейіне байланысты өзі белгілейді.

Әдеби мәтінмен жұмыс жасау кезінде тілдегі ассимиляцияға қатысты мынадай жағдайларды ескерген дұрыс: а) ассимиляция сөйлеу процесінде толық түрде ұшырайды, яғни бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп толық еліктіреді. Сол сияқты “з‑ш” немесе “с­‑ш” түрінде екі дауыссыз қатар тұрса, “ш‑ш” түрінде естіледі. Мысалы, бесжылдық (жазылуы)‑ бешшылдық (айтылуы); ә) жартылай түрде, яғни дыбыстарды бір жақты еліктіреді. Бұл дегеніміз алғашқы буын қатаң дыбыстарға аяқталғанда келесі буыннан басталатын “б”, “г”, “ғ”, “ж” дыбыстары айтуда қатаңдап “п”, “к”, “қ”, “ш” дыбыстарына айналады. Мысалы, тұңғыш балаң (жазылуы)‑ тұңғышпалан (айтылуы); б) ”қ”, “к”, “ғ”, “г” дыбыстарының алдынан келген “н” дыбысы “ң” дыбысына айналады. Мысалы, сен қайдағы (айтылуы сең қайдағы); в) “б” және “п” дыбыстарының алдынан келген “н” дыбысы “м”‑ға айналады, мысалы, сен бердің ( айтылуы сем бердің); г) “р”, “л”, “ш” дыбыстары сөздің басында келсе, олардың айтылуы ыңғайлы болуы үшін алдынан “ы”, “і”, “ұ”, “ү” дауыстылары қосылады.Мысалы, рас (ырас), лайық (ылайық).

Осы айтылған ескертулерді хор жетекшісі дикциялық‑орфоэпиялық ансамбль құру кезінде міндетті түрде орындай отырып, оқушыларға түсіндіруі қажет. Мақсаты: оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде түсіне отырып орындауға дағдыландыру.

Вокалдық хор жанры интерпритациялау мен қатар, музыкалық және әдеби мәтінді дұрыс айта білу дағдысын қажет етеді. Өйткені хор шығармасы сөз бен әуеннің синтезінен құрылған туынды болып табылады. Көрермендерге әсер ету дәрежесіне байланысты хор жанры бірқатар жетістіктерге ие болғанымен, орындаушылар үшін әдеби мәтінді музыкамен үйлестіре білу жағынан біршама қиындық келтіреді.Осы тұрғыда хор жетекшісі төмендегі талаптарды ескеру қажет:

1) мазмұндылық, яғни музыкалық көркем бейненің мәтін сөздерімен үйлесімділігі;

2) әдеби және музыкалық композицияның өзара байланысы;

3) көркемдеуші құралдардың бірлігі: бұл дегеніміз вокалдық декломация, музыкалық және сөйлеу интонациясының өзара сәкес келуі, музыкалық үлес пен әдеби синтаксисінің уақыт ара‑ қатынасына сәйкес үлесімен тепе‑теңдігі және сөз бен әуен акцентуациясы мен фразировканың байланысы.

Хор жетекшісі шығарма мәтіннің өзіндік айтылу ерекшеліктеріне де көп көңіл бөлу қажет. Мысалы, марш екпініндегі ерлік, батырлық тақырыбындағы немесе патриоттық мазмұндағы шығармалар кең тынысты, салтанатты орындалып, дауыссыз дыбыстарды нық, ад дауыстыларды іріленіп, қомақталынып айтылуын қажет етсе, лирикалық әндер керісінше дауыссыз дыбыстардың жұмсақтау, әрі қысқа, ал дауыстылардың барынша созылыңқырап айтылуын талап етеді.Сонымен қатар әдеби мәтіннің айтылу ерекшелігі хор фактурасының стиліне де байланысты. Мысалы: музыкалық дамуда қосымша дауыс немесе полифониялық әдіспен жазылған шығармаларда бірнеше дауыс өз алдына воекалдық желі құрып, дербес дамып отыратындықтан ән сөздері барлық партияларда бір мезгілде айтылмайды.

Қорытындылай келсек, вокалды хор шығармасының әдеби мәтініне байланысты мәселелердің бірі­‑ әдеби тілдің орфоэпиялық заңдылықтарын сақтап, мәтінді жазылуы бойынша емес, айтылуы бойынша орындай білу. Орфоэпияның негізін тіліміздегі үндестік заңдары: ассимиляция (дауыссыз дыбыстарына қатысты байланыс) және сингармонизм (дауыстылардың бір­‑бірімен үндесуі) құрайды. Яғни, сөз аралығында және сөз ішінде қатар тұрған екі дауыссыз дыбыс бір‑ біріне ықал ету арқылы өзгеріске ұшырайды. Сондай‑ақ, дауыссыздарға дауыстылар да әсерін тигізеді. Дауыстылардың бір­‑біріне ықпал етуі де заңды құбылыс. Мектеп әндерінен алынған сөз тіркестерін дәлел ретінде келтірейік:

а) Көмкерді көк жиекті (айтылуы «көгжиекті»);

ә) Қолқанат құс сен едің (айтылуы « қолғанат»);

б) Талдан таяқ жас бала ( айтылуы «таяғ»);

в) Әлемге ортақ көңілдің ( айтылуы « әлемгортақ»);

г) Жүрсек те аспан төрінде (айтылуы «жүрсектаспан»);

д) Толқиды ой (айтылуы «толқидой»);

Осыған сәйкес жасайтын қорытындымыз: үндестік заңдылығына сәйкес бұрын тұрған дыбыс өзінен кейінгі дыбысқа, кейінгі дыбыс өзінен алдыңғы дыбысқа, қатар тұрған екі дауысты бір­‑біріне әсер ету нәтижесінде қандай да бір дауыссыз дыбысты басқа дыбыспен алмастырады немесе екі дауысты қосарланып бір дыбысты ғана береді.

Ән айту орфоэпиясы мен тілдік орфоэпия үнемі сәйкес келе бермейді. Орыс тілінің орфоэпиясы дауысты дыбыстарға дауыс екпіні түспеген кезде олардың көмескі естілуімен ерекшеленеді. Ал қазақ тілінде екпін түспеген дауысты дыбыстар қандай дыбыстардың қоршауында келсе де, өздерінің үндік сапасын өзгертпейді. Демек олар партитурада қалай жазылса, айтуда да солай аңық көмескіленбей орындалады.

Дауыс екпіні бір сөз бен екінші сөзді, кейде бір сөз тобы мен екінші сөз тобының жігін ажыратып тұрады және де тыныс алу, жеке дыбыстарды дұрыс оқу, сөздің айтылу қалпын сақтауға жәрдемдеседі. Сондықтан да хор жетекшісі дауыс екпініне көп көңіл бөлуі қажет.

Хорда вокалдық‑хор дағдыларын дамыту мақсатында өткен заманның және қазіргі таңдағы прогрессивті, нәтижелі және іс‑тәжірибемен дәлелденген әдіс­‑тәсілдерді қолдану қажет. Соның ішінде қазіргі уақытта кең қолданылып жүрген артикуляцияға және тыныс алуға байланысты жаттығу түрлерін атап өтсек:

а) бірінші дыбысты әндетпей тұра, оны алдын‑ала санамызда елестетіп, өз ішімізден әндету арқылы жаңғыртуымыз қажет (психологиялық дайындық);

ә) шығарманың әуенін дауысты «у» дыбысына вокализ түрінде стаккато штрихымен әндету. Мақсаты: дыбысты дұрыс атакалау және интонациялауды тазарту, форсировканы жою.

б) берілген музыкалық шығарманы «лю» буынына вокализациялау, мақсаты: дауыстардың боялық реңін өзара теңестіру, кантеленаға қол жеткізу, фразировканы жетілдіру;

в) әншілер даусын тәрбиелеудің негізгі көрсеткші болып есептелетін пиано динамикасын жаттығулардың көпшілігінде қолдану;

г) жоғары қарай бағытталған интервалды әндеткенде жоғарғы дыбысты төменгі позицияда, ал төмен бағытталған интервалдың төменгі дыбысын жоғарғы позицияда әндету қажет;

д) тыныс алу аппаратының белдсенді қызметін жүзеге асыру мақсатында мәтін сөздерін жақсы артикуляциямен сыбырлау немесе дауыстап айту қажет;

е) мәтін сөздерін сөйлеу диапазонына қарағанда бірдей биіктікте, жоғарғы регистрде әндету;

ж) сөйлеу декламациясына көп көңіл аудару, өйткені оқушылар мәтін сөздерін мәнерлеп оқыған кезде шығарма мазмұнын жете түсініп, көркем образдарды айқын елестетіп, мән‑мағынасын ұғады.

з) мәтіндегі жеке фразалардан мағына жағынан үйлесетін сөз тіркестерін, жеке сөздерді топшалау және берілген шығарманың әрбір шумағының өзекті тақырын аңықтау;

Сұрақтар:


  1. Хорда көркемдік бейнені ашу үшін қажетті вокалдық дағдыларды ата.

  2. Көремдік бейнені жасауда қолайлы әдіс – тәсілдерді ажырата аласың ба?

  3. Шығарманың көркемдік бейнесін ашуда әдеби мәтіннің ролін анықтап бер.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Г.А.Дмитрискийдің. Хор және оны басқару.

  2. В.А.Самарин. «Хроведение и хоровая аранжировка».

  3. Әсембекова К. «Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері»


13,14,15 – тақырыптар: Шығарманың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескере отырып, көркемдік жағын ашатын дағдыларды жетілдіру

Жоспар:


  1. Шығарманың жанрлық мазмұнын ашуда ансамбльдің алатын орны.

  2. Стильдік ерекшеліктерді хор дағдыларын меңгере отырып түрлендіру.

  3. Шығарманың көркемдік жағын сазгерлер берген нұсқаға жақындату мақсаты.

Ансамбль құру‑ күрделі үрдіс. Өйткені шығарманың сипатын, нюанстерін, жеке фразалардың айтылу ерекшелігін әркім әрқалайша сезініп түсінеді. Ал ансамбль өзара “үндестікті”, “үйлесімділікті”, “бірлікті” талап етеді. Хор мүшелері өз тарапынан бұны, яғни өзіндік ән айту мәнерін басқа біреудің әндету мәнеріне сәйкестендіруді, әртіс еркіндігін шектеу деп қате ұғынуы мүмкін. Бірақ оқушылар бірте‑бірте осы тұжырымның қате екендігін мойындайды. Шынайы ансамбль басқа біреудің даралық еркіндігін шектеу, қандай да бір қысым көрсетуді мақсат етпейді, керісінше ансамбль мүшелері арасында сыйластық, достық, сенімділік, түсінушілік секілді қасиеттерін талап етеді.

Хор ішінде жеке ансамбль орнату үшін ең алдымен белгілі бір дыбысты жеке бір партияға ғана айтқызу, одан кейін осы дыбысты бір уақытта екі партиямен қатар, одан кейін үшінші партияны қосып орындату қажет. Сөйтіп унисондық дыбысталу өзара теңестіріледі. Нәтижесінде барлық патиялар арасында унисондық үйлесімділік, яғни ансамлдің басты элементі қалыптасады.

Жалпы балалар хорымен жұмыс жасауда “унисондық дыбысталу” маңызды орын алады. Өйткені таза унисон балалар хорына тән интервал және ол көпдауыстылықтың негізін қалайды.

Унисондық дыбысталуды жасау үшін келесі жаттығу түрін қолдану тиімді: “лю” және”ле” буындарын бір дыбыс биіктігінде әндету немесе белгілі бір әуен үзінділерін бір дауыста орындату. Осы аталған жаттығулардың көздейтін басты мақсаты‑ таза унисонды қалыптастыру, дамыту болып табылады.

Сонымен қатар унисондық дыбысталу түрін жетілдіруде барлық дауысты дыбыстар ішінен “у” дауыстысын таңдау маңызды. Бұл “у” дыбысының жасалу жолының ерекшелігіне байланысты. Еске сала кетейік “у” дауысты дыбысы ауыз қуысының кеңдеу ашылып, тілдің артқа тартылуы және еріннің шеңберленуі арқылы жасалады. Сонымен қатар дауысты “у” дыбысы арқылы көмкеріп айту өте ыңғайлы және жеңіл. Осылайша хор мүшелері ән айтудың бірдей мәнеріне дағдыланады.

Унисондық дыбысталумен жұмыс жасау кезінде жабық ауызбен әндету түрін кең қолдану қажет. Өйткені бұл тәсіл оқушылардың есту қабілетін күшейтіп, жоғарғы вокалдық позицияны сезініп, ұғынуға тікелей септігін тигізеді. Бірақ оқушылар үшін “у” дыбысына қатысты құрылған жаттығулар әлі де болса қиындық келтіреді, сондықтан да оны жиі қолдануға болмайды.

Сонымен қатар жеке ансамблмен жұмыс жасау барысында оқушылар техникалық тәсілдерді қолдану жағынан да, түрлі нюанстерді орындауда да бірдей болу қажет.

Ансамблді қалыптастыру үрдісінде әрбір дауыспен жеке жұмыс жасау қажет, яғни берілген шығарманың әрбір партиясын әрқайсыларына басынан аяғына дейін жеке жаттату қажет, сонан соң ғана басқа партияларды қосуға болады. Бұл аса қиындық келтірмейтін үрдіс, өйткені басқа партиялар жекелей жұмыс жасау нәтижесінде өз дауыстарын жетік меңгеріп алған болады. Осылайша жеке партиялармен жұмыс жасау негізінде жүргізілетін хор сабақтары аса нәтижелі және сапалы болады.

Сонымен қатар хор ішінде ансамбльді орнату дирижердың, яғни хор жетекшісінің дарындылығына, шеберлігіне, педагогикалық әдіс‑тәсілдерді, жұмыс жасау формасын дұрыс таңдай алу қабілетіне байланысты. Әсіресе жеке партиялар мен топ арасындағы сан және сапа жағынан тепе‑теңдікті сақтау аса маңызды шарттардың бірі. Егер де белгілі партия немесе топ ішінде дауыс санының жетіспеушілігі туындаса немесе дыбыс сапасы қажетті деңгейде болмаса, ансамбль құру қиындайды. Өйткені хор ұжымында бірдей әншілік мәнерін, бірдей вокалдық тәсілдер мен дағдыларды, бірдей эстетикалық талаптарды қалыптастырмайынша хор мүшелерінің дауыстарын бояу және күш жағынан теңестіру мүмкін емес.

Хор партиялары вокалдық дыбысты қалыптастыру үшін арнайы тәсілдер мен дағдылардың бірдей түрін қолданса ғана жалпы хордың ансамблін жасай алады. Ескерту: мұрынға салып айту немесе вибрациямен орындауға тыйым салынады.

Оқушылар хорына қажетті ансамбль түрі ырғақтық ансамбль. Бұл ансамбль түрінде ең бастысы‑ дұрыс тыныс алу, яғни автордың ойластырған екпініне сәйкес алынуы қажет. Шығарма ішінде екпін ауысқан жағдайда немесе қарама‑қайшы музыкалық қозғалыс түрлерін салыстырғанда, алғашқы екпінді қысқартуға немесе ұзартуға болмайды. Хор жетекшісі бұл жағдайда оқушылырдан музыкалық фразаны “аяғына дейін тыңдап”, “соңына дейін әндетіп” жаңа екпінге көшуді талап етуі қажет. Дұрыс ырғақтан сәл ғана аутқу әдеби мәтінді мәнерлеп айтудан туындайды, бұл жағдайда екі сегіздік ноталар нүктелі сегіздік ұзақтығында айтылуы мүмкін.

Динамикалық ансамбль жасауда музыкалық нюанстерді көрсете білу аса маңызды. Бұл музыканың көркем, мәнерлі, әсерлі болып шығуының басты кепілі. Сондықтан да хор жетекшісі динамикалық ансамбль жасауда нюанстерге көп көңіл бөлуі қажет.

Интонациялық ансамбльдің деңгейі оқушылардың есту қабілетіне, стройды тұрақты ұстап тұру, дұрыс тыныс алу, дыбысты өз нақышына салып, вокалдық позицияда орындау сияқты дағдыларына тікелей байланысты. Интонациялық ансамблді дамытудың алғашқы сатысы‑ унисондық дыбысталудан басталады. Өйткені таза унисон – дұрыс интонациялаудың және көпдауыстылықтың басты көрсеткіші болып табылады.

Ансамбльдің метроритмикалық түрі ырғақты терең сезіне білу, өзара ажырата алу, ырғақ өзгерісіне тез арада икемделе алу, бірдей етіп тыныс алу, мәтін сөздерін бір уақытта бастап­‑аяқтау, шығарманың қатты және әлсіз үлестерін ажырата алу, дыбысты біркелкі атакалау секілді қабілеттер мен дағдыларына негізделеді.

Осындай ансамблге қажетті дағдылар мен қабілеттерді тікелей вокалдық жаттығулар арқылы қалыптастыруға болады.

Орта буын хорына жаттығу таңдау кезінде микстовті және кеуде регистрлерін қамту қажеттілігін ескеру қажет. Кеуде регистрлеріне арналған жаттығулар төменгі дыбыстардан басталып, әуен жиілісі жоғары қарай өрбиді.

Көп жағдайда, дауысты жаттықтыру үшін белгілі бір әуен үзіндісін немесе келешекте орындалатын репертуардың кейбір бөлімдерін қолдану аса тиімді. Бұл жағдайда жаттығу қандайда бір буынға немесе жабық ауызбен әндетіледі. Кез келген буынды таңдау кезінде дауысты дыбыстардың ерекшелігін ескеру қажет. Мысалы, “е”, “ю”, “я” секілді дауыстылар бас регистріне арналады, ал “и” дауысты дыбысы өте ашық дыбысталады. Ауыз қуысын еркін ашып жаттықтыру үшін “бай” және “дай” буындарын айтқызу тиімді. Артикуляциялық аппараттың артқы бөлімдерін жетілдіру мақсатында “о” және “у” дауысты дыбыстарын айтқызу қажет, ал жұмсақ таңдайды дамыту үшін жабық ауызбен біртіндеп “ма”, “на” буындарына көшу қажет. Бұндай көпдауысты жаттығулар орташа екпінде, белсенді тыныс алу арқылы легатоға орындалуы шарт.

Ансамбль бұл‑ интонациялық, үн құрылымдық, тембрлік, динамикалық, метроритмикалық, агогикалық, дикция‑орфоэпиялық, тесситуралық, фактуралық деп ажыратылатын жеке ансамбль түрлерінің жиынтығынан құралады. Осы тұжырымды ескере отырып, зерттеу іс тәжірибесінде төмендегі нәтижелерге қол жеткіздік:

‑ хордағы әрбір әншіні басқаларымен дыбыс күші мен тембр жағынан үйлестіру үшін “жеке ансамбль” түрін қолдандық.

‑ әрбір партия өз ішінде теңесіп, бір күйге түсіп, үйлескеннен соң, хордың толық дыбысталу тепе‑теңдігін қалыптастыру мақсатында “жалпы ансамбль” түрін қолдандық.

­­‑ хордағы әрбір әнші партия ішінде ансамбль құруда дыбыс биіктігі жағынан таза унисонды құрай алуы қажет. Сондықтан да бұл дағдыны “жеке стройдың” әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы қалыптастыруды көздедік .

‑ жеке және жалпы ансамбль түрлерін өзара құрай алған, интонациялау жағынан үндескен әрбір партия өзге де партияларға құлақ салу арқылы бір‑бірімен үйлесуі үшін хор ішінде “жалпы стройды” қалыптастырдық.

Қорытындылай келе, хорда ансамблді құру кезінде тембр, динамика, ырғақ, дикция, артикуляция, агогика, интонацияға байланысты ансамбль түрлерінің әрқайсысына көп көңіл бөлу қажет, өйткені хордың үйлесімді, көркем болып шығуы ансамбль түрлерінің сабақтастығынан туындайды.

Сұрақтары:



  1. Жанрлық жағын ашуда ансамбльдің алатын орны.

  2. Шығарманың стильдік құрылымы немен анықталады?

  3. Көркем бейнесімен жұмыс барысында сазгер көрсеткен ескертулерді жіктеу әдісін түсіндір?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ермаш Г.Л. Искусство как творчество. М., Искусство, 1972.

  2. Живов В.Исполнительский анализ хорового произведения. М., 19867

  3. Живов В.Л. Хоровое исполнительство: Теория (методика). М.: Гуманит. изд. Центр ВЛАДОС, 2003.

  4. Жирмунский В.М. Введение в метрику. Л., 1925.

  5. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Екінші рет толықт., түзет. және қайта өңд. бас./орыс тілінен аударған Құсаинова М.А. М.: Логос, Алматы: ТSТ‑company, 2005.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет