Қазақстан Республикасының білім және ғылым миннистрлігі



бет30/92
Дата06.02.2022
өлшемі2,34 Mb.
#39818
түріПрактикум
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92
Мәтінге тапсырмалар
Төменде берілген мәтіндердің информациясын қазақ тілінің нормасы мен узусын сақтай отырып неміс тіліне аударыңыздар
Сыңсу
Ұзатылатын уақыты тақаған сайын қыз еркін, уайымсыз өмірмен қоштасатын кездің жеткінін сезінеді. Оның үстіне шалғайға, бөтен руға бара жатыр. Рулық қатынасқа негізделген көне қазақ дәстүрі бойынша туыстардың арасында некелесу болмайды. Жеті атадан асқан соң ғана құдаласқан. Рулардың жер қонысы бойынша қыздың өз туған жерінің, маңайдағы ауылдың адамына тұрмысқа шығуы өте сирек кездеседі. Керісінше, алыстағы рулармен құда болуға ұмтылған.
Елмен қоштасып, танымайтын өлкеге кету, алаңсыз шақтың аяқталуы, сүймеген адамға жар болуы - осының бәрі қызды уайымдатып, жеке өз басының ғана емес, барлық әйелдердің пешенесіне жазылған жағдай жайлы аса шынайы, жүректі тербейтін жыр туғызған.
Салт бойынша «Сыңсу» өлеңін қыздың өзі шығаруы керек. Белгілі, бұрын айтылған өлеңді айтуға жол бермеген. Сондықтан қыздың суырып салма ақындық, шеберлік танытуына тура келген. Дарынды қыздар шығарған өлеңдер ауылдастарының, туыстарының жадында ұзақ сақталып, есімі халық арасына тараған. Дәстүр бойынша «сыңсу» айтқанда құрбыларын қасына ерітіп, өзінің және көрші ауылдың әр кйіз үйіне кіріп, сондағы туыстарымен жылап құшақтасып, әр қайсысына бір шумақ өлең арнаған. Осылайша барлық ағайындарын аралап шыққан, оған құрбылары ғана емес ауыл әйелдері де еріп, қалыңдыққа жаны ашып, өзінің және бүкіл әйел затының тағдырын еске алып, бірге жыласқан. «Сыңсу» өлеңінің сөздері қыздың туыстарымен барлық ауылдастарымен, ағайындарымен, туған жерімен және оның табиғатымен қоштасуға арналған. Өлеңде қалыңдық ата-анасының бауырында өткізген бақытты күндерін айтып, ол шақтың жылдам өтіп кеткеніне өкініш білдіріп, енді оның қайтып оралмайтынын, бөтен өлкеге аттанатынын жырлайды.
Сыңсу
Ак, отауым тiккeн жер майдан болсын,
Ақ, жүзімді көрерге айнам болсын.
Kici әкeci кicire әке дейді,
Айналайын әкемдей қайдан болсын?!
Ақ ат мініп боз аткқа жеттім, әке,
Көп кергенің мен болсам кеттім, әке.
Тоғыз қабат торқа екен сіздің үйіңіз,
Торғай басым сыймастай кеттім, әке.
Шымылдықтың етегін cepпiciн шешем,
Көздің жасын аямай төксін шешем.
Көздің жасын аямай төге жүріп,
Бip міндеттен құтылдық дерсің, шешем.
Серпе сал шымылдығын, көрсін әкем,
Көл қылып, көздің жасын төксін әкем.
Жылайық өксіп- өксіп өп-өтipiк,
Құтылдым бip міндеттен дерсің, әкем.
Қолымда сақинам бар, бармақ-бармақ,
Сәукеле басқа түссе ауыр салмақ.
Басымды балапандай малға сатып,
Бар ма екен өз әкеңдей жаһил қалмақ.
Салмайды қоян жатақ құм болмаса,
Жақтырмайды қызды әке ұл болмаса.
Кетеді бергеніне құл да болса,
Айтсайшы бермеймін деп тым болмаса.
Қара суды жағалай қаз барады,
Анасьнан айрылған қыз барады.
Қара суға қан құйсаң - ағар, кетер,
Жат кicire қыз берсең - алар, кетер.
Аққу көнбес ешкімнің байлауына,
Қайтар ән сап қалықтап жайлауына.
Қыздан сорлы бар ма екен, тәңіpiм-aй,
Мал бергеннің кетеді айдауына.
Уылжымай ақша бет қуарсайшы,
Мөлдіреген eкi көз суалсайшы.
Бip жаманға қор болып кеткенінше,
Өліп қана қыз сорлы уансайшы!
Неге өcтi екен қыз сорлы сылауменен,
Тал шыбықгай тал белін қынауменен!
Анасынан онан да тумасайшы,
Өкciгeншe өмipi жылауменен!
Алтын да менің босағам,
Аттап бip шығам деп пе едім...
Kүмic те менің босағам,
Kүңіреніп шығам деп пе едім?
Қарағай ма екен, тал ма екен,
Талдан да биік бар ма екен?
Үйде бip жүріп, түзде өлген,
Қыздан да мұңлык, бар ма екен?
Қалайы сандық кілтім-ау,
Жылама дейсің, жұртым-ау,
Жыламай қайтіп шыдайын,
Барасың қалып, жұртым-ау!
Тоғайға құрған тұзағым,
Үйім ғой менің ұжмағым.
Ұжмағым демей не дейін,
Қайран қалды-ау оң жағым.
Қайран ауылым қалады-ау,
Қарасам көзім талады-ау!
Әлпештеген ел-жұртым,
Жылай да жылай барам-ау!
Бұлғақтап жүрген заманым,
Білмей де қалдым өтерін.
Малға мені сатқандай,
Мен жұртыма жау ма едім?
Жат жұрттық болып кеткен соң,
Кетер-ау бастан сәулетім.
Дәуренім менің өткен соң,
Естіле жүрер дейсіз бе,
Не болып журген хабарым,
Заманым қиын болар-ау,
Көкірекке қайғы толар-ау!
Санамен жүзім солар-ау!..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет