Қазақстан Республикасының білім және ғылым миннистрлігі


Қоштасу Шешесінің қызымен қоштасуы



бет31/92
Дата06.02.2022
өлшемі2,34 Mb.
#39818
түріПрактикум
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92
Қоштасу
Шешесінің қызымен қоштасуы
Қарағым-ай,
Халқыңа қалаулы бол!
Еліңе елеулі бол!
Ертемен ерте тұрарсың,
Түндігіңді ашарсың,
Сиырыңды сауарсың,
Малыңды өpicкe айдарсың,
Самаурыныңды қоярсың,
Сүтімді сонда ақтарсың,
Қарағым-ай, не айтайын,
Енді жат жұрттық болғансын.
Інісінің апасымен қоштасуы
Сылдыр-сылдыр қамысқа
Сырғаң түсті, жар-жар-ау!
Сырғаң түскен жерінен
Тарғақ ұшты, жар-жар-ау!
Апам үшін қабырғам
Қайысады, жар-жар-ау!
Апам үшін қайыспай,
Қалай болар, жар-жар-ау!
Қайыр қош боп тұрарсың,
Жан бауырым, жар-жар-ау!
Жеңгесінің қоштасуы
Сылдыр-сылдыр қамысқа
Сырғаң түсті жар-жар-ау!
Сырғаң тускен жерлерден
Тарғақ ұшты, жар-жар-ау!
Сырласпаған жат елге
Бикеш кетіп барады-ау!
Қолымдағы бикешім —
Қос жүзігім, жар-жар-ау!
Қос жүзігім қолымда
Майысады, жар-жар-ау!
Сен кеткенге қабырғам
Қайысады, жар-жар-ау!
Қош-есен бол, бикешім!
Ораза
Ораза тұту-мұсылманның бес парызының бipi. Шаһадат айту, намаз оқу, зекет беру, қажыға бару секілді бұл парызды да мұсылмандар барынша бұлжытпай орындауға, сол арқылы өз ортасына ықпал етуге, имандылық ұрықтарын себуге, рухани, тәни тазалыққа жетуге үндейді. Ал осы ораза тұту кезінде бес намазын қаза қылмай, мүлтіксіз өткізу - ең неізгі шарт. Жасынан ісләмдік тәлім-тәрбие алған, данагөй ғұлама, діннің өзіне тән ерекше тармағын тудырып, тарқата уағыздаған қасиетті әулие Ахмет Яссауидің:
„Алпыс үшке жасым жетті, өттім қапа,
Хақ өмipiн орындай алмай болдым жапа.
Ораза-намазды қаза қылып болдым нала,
Иман іздеп жақсыларды кештім, міне", -
деуінде, тереңнен кұйылған астарлы ойында ниет-парыздың өкінішті тұстарын ораза тұтып, үзбей намаз оқумен, кұдайтағалаға мінәжәт ету мен өтеудің шариғаттық жолына деген жүгіну бар. Мұсылмандар өміpiнің ажырамас бip ғадетіндей болып кеткен намаз оқу жайында, мұсылмандықтың осы бip мойынсұнған талап-ниеті хақында ұлы
Абай да ой толғап, пәлсапалық пайым-түйіндеулер жасайды:
«Белгілі, кұдай тағалла ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады, eшбip нәрсеге хикметсіз тәклиф қылмады. Бәрінің хикметі бар, бәрінің себебі бар, біздің ғауам былай тұрсын, ғылымға, махаббаты барларға себеп, парыздарды білмекке ижтиһат ләзім, сіздер, әpбip ғалам
кылсаңыз езгулік деп қыласыз, езгулікке бола қасд етіп
ниет етесіз. Ниет оньң парызынан хисап, пайғамбарымыз саллаллаһһу ғалаһһи уәсәламның хадис шарифі: "иннәмал
- әғмал бин -ниет -деген». Намаз оқудың өз қағида, рәміздерін жете талдап ой жүгірткен ұлы Абай терең зейінмен арғы-бергіден
қайыра отырып, акылмен сабақтайды.
Намаз туралы академик-жазушымыз Сәбит Мұқанов былай деп жазады: „Намаз. Әрбір мұсылманның кұдайға құл екендігін таныту нышаны, бас июi. Мұны құлшылық ету деп атайды. Намаз күн сайын бес уақытта өтеледі: таң сәріде, түсте, күнбатарда, іңірде, жатар алдында. Намазды өтеу алдында адам сумен тазаланады, оның аты - дәрет алу. Су жоқ, жерде шаңмен тазаланған болады. Оның аты арабша-теяммим, қазақша - дембі».
Қашанда имандылык бар жерде ізгілік нұрын жайған,
тыныштық пен татулық ұйып, ынтымақты, ырысы мол күн
туған. Мұндайда уыздай ілтипат пен iзгi iзет, ибалық пен
инабаттылық, ар-иман адам жан дүниесіне жарқын
сәулесін шашып, қазынасы мен қасиетін әрлендіре,
көріктендіре түседі. Өзіміздң ата дәстүрімізден, әдет-
ғұрпымыздан, үлкендеріміздің ойы мен бойынан оның
жарқын ұшқындарын көріп, көңіл тоғайып, дәтке қуат
бітеді. Иә, бұрынғылар ізгілікті болуға, қайырымды болуға
жастайынан үндеп өттi, бойларындағы иман-ұятқа иланды, сол қасиеттерді ұрпақтарына дарытуға тырысты.
Халқымыз қастерлеп келген, қалың мұсылман қауымына айрықша кең таралған ораза тұту жай діни pәciм емес, одан ізгілікті ниеттердің нышандарын да айқын аңғаруға болады. Ораза ұстаудың өмірлік өнегелі жағы да бар, ол адамды тазалыққа, рухани сергектікке,
қайырымдылыққа, мейірімділікке үндейді.
Ораза тұту отыз күн ұсталады. Екінші мағынамен айтқанда, бұл - рамазан айында отыз күн бойы таң атқанан күн батқанға шейін ас-судан, темекі шегуден, ойын-сауықтан, жиын-тойдан, жыныстық қатынастан бас тартып, ауыз бекіту деген сөз.
Рамазан - қасиетті атау. Рамазан айы исламның қасиетті саналатын төрт айының бipi. Аңызға қарағанда, рамазан айының бip күнінде Мұхаммед пайғамбарға алғаш Алла тағаланың сәлемі жолданған делінеді. Сол рамазан айында болған айтулы күндер тізбегі мынадай болып келеді: пайғамбардың немересі Құсейіннің туған күні (16-ы); Мұхаммед пайғамбардың әйелі Хадишаның қайтыс
болған күні (10-ы); Бадре түбіндегі атақты шайқас (бұл
күні Мұхаммед пайғамбар бастаған мұсылмандар меккеліктерді жеңіп, оларды Алла тағаланың өзі қолдайтынын білдірген) күні (17-i); пайғамбардың Меккеге кіpген күні (19-ы); Әлидің және Али ар-рид имамның қайтыс болған күні (21-i); Әлидің туған күні (22-i). Осы рамазан айында ұсталынатын отыз күндік ораза
мұсылмандар үшін бұлжымас қағида iспетті. Бұл кезде ораза ұстаушы өзін-өзі ізгілікке бағыштаған, Құран кәрімді оқып, әр түрлі діни кітаптармен сусындап, рухани тазалыққа, саналы сергектікке ұмтылу ләзім деп санаған. Бүл айдың және бip қасиеті мынада: осынау мүбәрәк айында ораза ұстаған мұсылманның күнәсі кешіріледі,
қателіктері ұмытылады. Бойындағы бойкүйездіктен арылады, жаман әдет-қылықтан, қатыгездіктен, адамның қадірін түсіретін сараңдықтан, қызғаншақтықтан аулақ болады. Тазарған тән, түлеген iшкi қазына - жан-жүйенің қайырымдылығы артады, бай адамдар кембағалдар мен кедейлердің аштыққа қалай төзіп, қандай
бейнет кешетіндерін өз бастарымен ceзiп, тірлікте пенделердің бip-бipiмен инабатты болуына көздерін жеткізеді, мейірімді болуға, қайырымды болуға үндейді, аяушылық сезімдерін оятады. „Ораза кезінде Алла тағалаға жан- тәнімен құлшылық еткен пенде о дүниеде де, бұ дүниеде де бақытты болады",- дейді Құран сүрелерінде.
Ораза тұтқан адамның тамақтануы белгілі бip мезгілде
ғана болады. Айталық, ораза тұтқан адам кешке күн ұясына батқан соң барып ауыз ашар жасап, таңертең күн
ұясына шықпай тұрып cәpeci ішеді. Ол сәресіде ішетін
тағамдарын әркім өзінің мүмкіндігіне қарай іріктейді.
Кешкі асқа туған-туыстарды, дос-жаран, таныстарды шақырады. Олардың ортасында кұран оқи білетін жан болуы шарт. Осылай, ораза кезінде, төңірегіндегілерді топтастырып, дастарқан басына жинап, дәм татқызған мұсылман бүкіл күнәларынан арылып, тазарады деп есептейді. Ораза тұту адамның шыдамдылығы мен ұстамдылығына да сын. Егер ол шыдамсыздық танытып, ауыз бекіткен осы отыз күннің бірінде аузына біліп тұрып нәр алып қойса, онда ораза бұзылады. Мұсылман адам дәрет алып жатып біліп су жұтып қойса, сол күнгі ораза қаза. Ал байқаусызда су iшiп қойса, одан ораза бұзылмайды.
Демек, бастысы ниет түзу болуы шарт.
Кімдердің ораза ұстамауына болады деген сауал туады. Он екі жасқа дейнгі ер бала, тоғыз жасар қыз бала, аяғы ауыр әйел, жетпіс-сексен шақырымнан астам қашықтыққа сапар шегiп, жолға шыққан жолаушының, науқастанып, төсек тартқан алыста, жырақта жүрген
жанның ораза тұтпауға қақысы бар. Оларға күнә артылмайды. Олар кейін баска айлардың бірінде сошна күн ораза ұстап, мұсылмандық, парызын өтeyi керек.
1 Тәклиф (арабша) - бұйыру, істе деу.
2 Fayaм (арабша) - көпшілік

  1. Ижтиһат ләзім (арабша) - талап қылу, міндет.

  2. Қасд (арабша) - ниет, ой арнау.

5іc icтеу үшін ниет, талап керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет