Ораза айты
Отыз күн ораза біткеннен соң үш күн мейрам - ораза
айты басталады. Ораза айт мерекесі мұсылмандар үшін айрықша
күндер боп есептеледі. Айт мерекесі қалай басталады? Күн найза бойы көтеріле айт намазы оқылады. Айт намазының уағыз өзегі, айтар ойы – мейірімді, қайырымды болуға үндеу. Намаз мешітте, ол болмаса далада - таза жерде оқылады. Ораза айты -қуанышқа, шаттыққа толы мереке. Мешіттерде кедейлерге, жоқ-жітіктерге қайыр-садақа үлестіріледі, мешітке келіп әр отбасының атынан да осындай қайырымдылық ырымдары жасалады. Пайғамбарымыз: „Ассадақа ту Раддиль - бала" - ,,Садақа - әрбір шаңыраққа келе жатқан пәле-жаланы қайтарар амал, сол үшін әр мұсылман жеті тиыннан бастап, шамасы кклгенше садақа бepyi міндет", - дейді. Пайғамбарымыздың осы қағидасын қолдап, жадынан шығармай бас иген мұсылман қауым мешітке де қамқорлық көрсетіп, құран оқытып, өз еркімен тиісті
көмегін көрсетеді. Айттан бip күн бұрын, ішек жасап, сондай-ақ жеті
шелпек пicipiп, тарату дәстүрі де бар.
Айт күндері адамдар өздерінің ата-бабаларының басына барып құран оқиды, қайыр-садақа жасайды, әулиелердің басына зиярат етеді. Ауыл адамдары, үлкен кісілep бұл күндері қайтыс болған жандардың үйлеріне барып құран оқиды, өйткені аруақтар бұлар бізді ұмытып кеткен жоқ па екен, тірлікте менің есімім атала ма екен деп өз шаңырағына оралып, босағадан қарап дәметеді делінеді.
Айт күні адамдар мейрам көңіл, шат кейіпте, сәнденіп
жүреді, бірінe-бipi „Айтыңыз кұтты болсын!" айтады.
Бірін-бipi дәмге шақырады. Көшеде, базарда, алаңдарда
ән-сауық ұйымдастырылып, жырлар айтылып, түрлі ойындар өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |