Қазақстан Республикасының білім және ғылым миннистрлігі



бет33/92
Дата06.02.2022
өлшемі2,34 Mb.
#39818
түріПрактикум
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92
Жарапазан баталары
Жарапазанның көбірек қалыптанған батасына мысал үшін мына бip-eкi батаны кіргіздік:
Байдың көңілі жай болсын,
Мың жылқылы бай болсын.
Айдағаны қой болсын,
Шайнағаны май болсын.
Азын-аулақ дәулеті,
Күнде өзіңе той болсын.
Жұртта қалған жұрыны,
Домалап келіп қой болсын.
Жұртта қалған тулағы,
Тулап келіп тай болсын.
Тай болсын да туласын,
Бip тамыры сұрасын,
Сұраса да бермесін.
Атың-атың ату бол,
Ағайынмен тату бол.
Жаз кигенің құлпы бол,
Қыс кигенің түлкі бол.
Бағаналы таудай бол,
Шағалалы көлдей бол,
Үстіңнен қаз қаңқылдап өтпесін.
Бұрма темір сом алтын,
Суға салса батпасын,
Тәңір берген несібең,
Тепкілесе кетпесін.
Желінің о шетi мен бұл шетіне,
Оқ шырқаса жетпесін,
Сенен байлық өтпесін.
Eсігіңнің алдында,
Елу інген боздасын,
Қораңда бес жүз саулық қоздасын,
Қойшыңды мықтап салғайсың,
Күн бұлт болғанда,
Адырлы жерге жайғанда,
Қойдан айырылып қалмасын.
Қасқырға қой бермесін,
Сөйтіп құдай оңдасын,
Жылқың сенің мың болсын.
Жылқы деген жақсы мал,
Бес өлкеге бақтырып,
Бес айдыннан суарып,
Бетегелі тауға жаба сап,
Сиырың сенің мың болсын,
Қысың қатты болғанда,
Қамысты жерге айдап сал,
Біссміллә, алла әкбәр!
Болшыл-болшыл бол,
Боз торғайдай төлшіл бол,
Адам таппас сөзді бол,
Ор қояндай кезді бол,
Саған қастық қылғанның,
Арқасына алты қотыр,
Желкесіне жеті қотыр шықсын.
Қасиын десе, қаны шықсын,
Қасымайын десе, жаны шықсын,
Шаңырағы сартылдап, шандырына
қадалсын.
Босағасы бортылдап, борбайына
қадалсын.
Маң-маң-маң басқан,
Шудаларын шаң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Ботақанның атасы -
Бура бассын үйіңді
Күңгір-күңгір кісінескен,
Бірін-бipi иіскескен,
Құлыншақтың атасы -
Айғыр бассын үйңді.
Желге қарап қаптаған,
Жайылған жерін таппаған,
Қошақанның атасы -
Қошқар бассын үйңді.
Қасқыр көрсе пысқырған,
Құйрығын бұтына қыстырған,
Лақтың атасы -
Теке бассын үйіңді.
Үй арасын көң еткен,
Балаларды тоң еткен,
Бұзауқанның атасы -
Бұқа бассын үйңді.
Біссіміллә, алла әкбәр!
Жарапазан айтушылар осылай жырлап, өлеңдетіп, ауыл-ауылды аралайтын болған. Ораза ұстаған жандар үйлерінің жанына келіп өлеңдеткен жарапазаншлыларға кұрметпеп қараған, сауап болады деп оларға қолдарынан келгенінше сый-сыяпат көрсеткен. Кейбіреулер түйе атаса, кейбіреулер кұрт, ipiмшік, мата, киім-кешек секілді
түрлі заттар берген. Әйтеуір әркім жарапазапшыны құр
қол жібермеуге тырысқан, барымен ырымын жасайтын болған.
Жарапазан айту екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Оған машығы, қабілеті бар жандар ғана өлең шығарып, әндетіп, сарындатып отырьш айтады. Өйткені жарапазан ораза кезінде үздіксіз айтыла бермейді. Ең алдымен оразаның бас кезінде үш күн, орта кезінде үш күн, сосын ай соңында үш күн жарапазан айтылып, ораза айының белгілі заңдылығын ұстанған.
Санамызға діни нанымға илану арқылы ciңiciп,
халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен қойындасып кеткен ораза секілді ғұрып адам баласы табиғат сырларын терең түсінбей, ғылымды меңгермей, білімді болмай, ар-ұятты қасиет тұтпай иманды, жаны таза жан бола алмайды дегенді уағыздап, үндейді.
Мұсылмандар Мухаммед пайғамбарымыздың: „Ораза
ұстаңдар, сонда дені-қарындарың сау болады",- дегеніне құлай сенеді, иманымен иланады. Сөйтіп, ораза ұстауды қасиетті парыз санайды. Сондықтан осы оразадан соң олар бip жасап қалады. Ораза ұстаудағы ізгілікті мақсат, жарапазаншылар жырындағы „Оразаңыз қабыл
болсын!" деп келетін жақсылық пен ақ тілектің, ақ ниеттің астарлы мағынасы мен мәні де, тоқ етер түйіні де осыған саяды. Олай болса тағы да айтар шапағатты тілегіміз:
Ораза қабыл болсын, әлеумет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет