Қазақстан Республикасының білім және ғылым миннистрлігі



бет32/92
Дата06.02.2022
өлшемі2,34 Mb.
#39818
түріПрактикум
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   92
Жарапазан
Ораза ұсталатын осы рамазан айында жарапазан айтылады. „Бұл жыр отыз күн оразада айтылады. Оразада бұл тәрізді жыр айту салты барлық мұсылман елдерінің бәрінде де бар... Жарапазан өлеңдері, бата-жырлар біртүрлі қалыптанған, көбінесе жаттама болады. Өйткенмен де кейбір жыршылар жарапазанды өзі де шығарып айтады", - деп жазады Сәкен Сейфуллин.
„Оразаны мадақтайтын арабша "иә, шәһри рамазан",
қазақша „жарапазан" аталатын жыр бар. Оны ел ақтап айтатындарды қазақ, „жарапазаншы" дейді, - деп жазады Сәбит Муқанов.
„Поэзияның қазақтьң таза халықтық әдебиетінен келесі бөлімге рухани-діни әдебиетке ауысатын ерекше бip түpi жарапазан деп аталады. Жарапазанды ел кезіп жүретін адамдар, әдетте ораза кезінде айтады. Бүл жырлар жартылай діни сипатты: жарапазаншылар өз өлеңдерінде де шариғатқа иек арта отырып, қайыр-садақа, сый сұрайды", - деп жазады Халел Досмұхамедов.
„Парсы елінде "шаһарзабан" - шаһар кезуші, тапқыр, күлдіргі ақын деген ұғымды білдіреді, бізде ол үй арасын кезіп жүріп өлең айтушы болмақ. „Тұсыңа келіп тұрмыз ақтап қана, айтамыз жарапазан мақтап қана" деген жолдарға карағанда, оны кейде ел жұптасып та айтатын болған", - деп жазады ғалым Әуелбек Қоңыратбаев.
Жарапазанды балалар да айта береді қай кезде айтам десе, „жарапазаншыньң" өз еркінде. Бipaқ көбіне, ораза ұстаушылар күн батқан соң ифтарлық жасап, яғни ауызды ашқаннан соң, тамақтанып, әлденіп, елдің көңіл қошы көтеріліп, дастарқан басында жадырай бастаған кезде жарапазаншылар да үй-үйді аралауға шығады. Олар үй
сыртында тұрып та, eciк аузына келіп те айта береді. Жарапазан өлеңінің мазмұны әр түрлі болып келеді. Онда хикаялау да, мақтау да, әзілдеу де, алғыс та, бата да, шымшымалау да бар. Осындай жарапазапдардың бір шоғырын назарларыңызға ұсынамыз.
Жарапазандар
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан,
Төрт аяған тең басқан,
Бура бассын үйіңді.
Шыңғыр, шыңғыр кiciнескен,
Құлыншақтың атасы -
Айғыр бассын үйіңді.
Желге қарап қаптаған,
Қошақанның атасы -
Қошқар бассын үйңді.
Жарапазан айтқанда кейде бipi айтып, екiнiшіci қостаушы болады.

Айтушы


Байлар, жатырмысың ұйқылы-ояу,
Тұсыңа Қыдыр келді атты, жаяу.
Мұхаммед үмбетіне жарапазан.
Қостаушы
Жарапазан, жарапазан!
Алла-құдай, би рамазан!

Айтушы


Осы үйдің шаңырағы шап-шақ қана,
Жеңешем ішіндегі аппақ қана.
Береді бізге орамал сақтап қана,
Біз барамыз үйімізге мақтап-қана,
Мұхаммед үмбетіне жарапазан.
Қостаушы
Жарапазан, жарапазан,
Алла-құдай, би рамазан!

Айтушы


Қой ішінде екі қошқар теңеседі,
Бай, бәйбіше екеуі кеңеседі.
Бай айтар: „Саулық берсек кетер еді",
Бәйбіше айтар: „Жаулық берсек кетер еді, "
Мұхаммед үмбетіне жарапазан.
Қостаушы
Жарапазан, жарапазан!
Алла-құдай, би рамазан!

Айтушы


Жарапазан айтқанның сауабы бар,
Отыз күн оразаға сауабы бар.
Берсеңіз, бермесеңіз не қамым бар?
Боз шұбар астымдағы, шу, жануар.
Мұхаммед үмбетіне жарапазан.
Қостаушы
Жарапазан, жарапазан,
Алла-құдай, би рамазан!
Үйің, үйің үй екен,
Үйдің көркі ши екен.
Саба көркі бие екен,
Ақ ордадай көрінген,
Қай кісінің үйі екен?
Ассалаумағалейкум, ақтан келдік,
Күн шығып, айы туған жақтан келдік,
Біз айтсақ жарапазан - әдет-ғұрып,
Пайғамбар жолын қуып атқа міндік.
Бай Мұхаммед үмбетше жарапазан,
Оразаң кабыл болсын ұстаған жан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет