Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.
ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы Қазақстанды өркендетудегі
тарихи тұлғалардың алатын орны?
2.
Қазақстан және оның басшылығындағы тарихи тұлғалардың тарихта
алатын?
3.
Ж.Шаяхметов, Д.А.Қонаевтардың жеке өмірі, тарихта алатын орны?
67
Тақырып 15: Тәуелсіздіктің негізін қалаушы тарихи қоғам
қайраткерлері
1.Желтоқсан оқиғасының батыр-қаһармандары
2.Егеменді елдің басшысы-Н.Ә.Назарбаев
3.Тәуелсіз елдің жасампаздары- халық қалаулылары
Қазақстан өзінің тәуслсіздігіи алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде
халықаралық байланыс жасауға, озінің сыртқы саясатына айырықша көңіл
бөледі. Бұрын КСРО-ның құрамында болғанда Қазақстанның ондай
мүмкіндігі, жеке саясат жүргізу кұқы болмағаи-ды.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында, әсіресе, басты үш мәселеге
ерекше
назар аударады. Біріншіден,
басқа елдер-мен, соның ішінде бұрынғы
Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс
аймағы, Еуропа елдері және Америка Құрама Штаттарымен халықаралық
байланысты өркендету. Екіншіден,
шет елдермен тек дип-ломатиялық
байланыс қаиа орнатып қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-
экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы
оркениетті елдердің қатарына Қосылу. Үшіншіден,
Қазақстанның
қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты болғызбау, ядролық қаруды
қолда-нуды болдырмау.
Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап тәуелсіз Қазақ-стан көптеген игі
шараларды іске асыруда. Бұл уақыт ішінде Қазақстан Республикасын
дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. 2002 жылдың басында
Қазақстан 130-дам астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты.
Қазақ-станды алғашқылардың бірі болып Түркия, АҚШ, Фран-ция және т.
б. мемлекеттер мойындады. Қазірде Қазақстан шет елдерде 50-ден астам
дипломатиялық және консулдық екілдіктер ашты. Ал Алматыда және
Астанада 60-тан ас-там шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және
үлта-ралық үйымдардың ондаған өкілдігі жүмыс істейді.
Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар ауда-рып отыратын
мәселе, ол - өзінің ең жақын және ірі көрші мемлекеттерімен, соның ішінде
солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытай Халық Республикасымен
ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстан
Рес-публикасының егемен ел ретіндегі алдағы болашағы да бай-ланысты.
Сондықтан қалай дегенде де, солтүстігімізді жай-лаған ¥лы елмен әрқашан
жақын болу керек. Өйткені Қазақстан үш ғасырға жуық уақыт Ресеймен
тарихи сабақ-тас, тағдырлас, көршілес қонып, шекаралас болып қатар өмір
сүрді. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Ресейдің шежіресінде талай күнгей
де, күңгірт беттері болған. Олар-ды адамдар ауыздан-ауызға жеткізіп,
үрпақтан-үрпаққа беріп отырған. Ресеймен, орыстармен қарым-
қатынастың қандай болуы, оны қалай қүру жөнінде қазақтың ғүламала-ры,
дана билері өз заманында-ақ айқын да анық айтып кет-кен. Ал егемендік
алғанға дейін жетпіс төрт жыл бойы Қазақстан мен Ресей Кеңестер Одағы
қүрамында ез тәуелсіздігін қойып, өз мүдделерін үмытып, ортақ шаруа
атқарып, ортақ қазанға қызмет етті. Барлық шаруашылык, бар тіршілік
осыған бейімделіп, Кеңес өкіметінің талабын орындады. Енді Кеңес Одағы
68
тарағаннан кейін, бүл екі елдің арасында тең қүқық негізінде саяси және
экономикалык қатынастар орнады.
Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстан мен Ресей 1991 ж. КСРО
тарап, тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін өздерінің сыртқы саясатында
халықаралық
қүқык
пинциптері
егізіндебірбірімен
стратегиялық
байланыс,остык, тату-тәтті көршілік және өзара тиімді ынтымақтатык
катынастарды дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді.Оған Қазақстан мен
Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы достык, ынтымақтастық және өзара
көмек туралы шартқа кол коюдың зор тарихи маңызы бар. Ал 1995 ж. 20-
шы кантардағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңей
т
у және
тереңдету туралы бірлескен декларацияда екі ел жоғарыдағы қол қойған
шарттарды одан ары бүлжытпай орьтндап отыратындығы женінде
мәлімдеді.
Бауырлас халықтардың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996
ж. 27-ші сәуірде Рссей Федерациясының Президенті Б. Ельцин мен
Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Алматыда кездесіп, Қазақстан мен
Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды.
Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демок-ратиялық қайта
қүрулар мен саяси-экономикалық рефор-малардың екі ел халықтарының
болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап керсетілді. Мемлекеттің
басшы-лары бүдан былай да екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті
қүрметтеу, аумақтық түтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау
принциптерін сақтау негізінде дами беретінін қуаттады.
Ресей Федерациясымен Қазақстан арасында ынтымақ-тастыктың одан
ары тереңдеп дамуында 1998 жылы 6-шы шілдеде Мәскеуде қол қойылған
XXI ғасырға бағдарланғ-ан мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы
Деклара-цияның тарихи маңызы ерекше. Оның негізінде Қазақстан мен
Ресей Каспий теңізінің қүқықтық мәртебесі мәселесін шешуді тоқтап
қалған жерінен алға қарай жылжытты. Екі мемлекет арасындағы
қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын
бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.
2000 жылдың 25 каңтарында Қазақстан Елбасы Н. Назарбаев пен Ресей
Президенті В. Путинмен кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты
одан ары жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 жылы желтоксан
айында Қазақстан Президенті Н- Ә. Назарбаевтьщ Мәскеуге ресми сапары
барысында Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан достық
байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса ай-тылды.
Олардың ішінде Байқоңыр ғарыш кешенін одан әрі бірлесіп пайдалану
мәселесі тағыда сөз болды. Сондай-ақ аймақтық және халықаралық
көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі
жақтьі деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭҚ, Үжымдық қауіпсіздік, ШЫҰ
шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақ-тағы елдер
қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап
көрсетілді.
Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси байланыстар 2003-2004
жылдары одан ары дами түсті. Оған 2003 жылы Ресейде Қазақстан
жылының жариялануы үлкен әсерін тигізді Ресей мен Қазақстан
69
арасындағы мемлекеттік шекара-ны делимитациялау жөніндегі бірлескен
жүмыстарда не-гізінен аяқталып қалды. 2004 жылы жалпы 7,5 мың шақы-
рым шекаралық қашықтықтың 7356 шақырымы немесе 98 пайызы
бедерленіп, бейнелеу жүмыстары аяқталған.
Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыстағы үлкен көрші -Қытайсыз әлдебір
үлкен саясат жүргізу қиын екенін ерек-ше атап айту керек. Сондықтан
тәуелсіздік тізгіні қолға тигеннен бері Республиканың сыртқы
саясатында темірқазыққа айналған бағдарлама - Қытай Халық Респуб-
ликасымен қарым-қатынастарды айқындау. Міне, осы бағытта Қазақстан
бірқатар шараларды іске асырып, Қытаймен достық байланысты орнатуда
едәуір табыстарға қол жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |