61
барлық жұмысшы табының 77,5 пайызы осы ірі өнеркәсіп орында-рында
жұмыс істеді. Бүкіл өнеркәсіптің жалпы өнімі 1913 жылмен
салыстырғанда сегіз еседей артса, ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 19,5 есе
өсті. Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында
да өз әсерін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен
техникумдары халық шаруашылығы-ның кадр жөніндегі қажетін
қанағаттандыра алмады. Сту-денттер мен профессор-оқытушылар
қүрамында жергілікті халыктың өкілдерінің саны баяу өсті. 1936 ж.
Қазақтың мемлекеттік университетіндегі 42 оқытушының 8 ғана қазақ
болды.
Партиялық-мемлекеттік қүрылымның идеологияландырылған саясаты
профессионалдық оқу орындарындағы істің жағдайына бәрінен де көп зиян
келтірді. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерін қудалау мен
жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин елгенге дейін
жүргізілді. Осының нәтижесінде 30-шы жылдардың орта кезінде А.
Байтүрсынов, С. Асфендияров, X. Досмүхаме-дов, Т. Жүргенов, О.
Жандосов және басқа аса көрнекті қоғам қайраткерлер, ғалым,
педагогтердің өмірі қиылып кетті.
Жоғары оқу орындарының өмірі партиялық және тап-тык принциптер
негізінде қүрылды. Сондықтан универси-тет пен институттардьщ жәие
техиикумдардың шет елдердің ездері сияқты оқу орындарымен байланысы
жоқтың қасын-да болды. Көптеген оқу бағдарламаларының, көмекші
құралдар мен окулықтардың мазмүны еркін творчестволық ойлауды
қалыптастырмады. Олардың мәні мен мазмүны ғылымның, техника мен
технологияның жаңа жетістіктерін зерттеп білуге бағытталмады. Кадрлар
және студенттер қүрамын толықтыруда пара алушылыққа, жершілдікке
және әлеуметтік әділетсіздіктің басқа түрлеріне жол берілді.
Достарыңызбен бөлісу: