Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі



Pdf көрінісі
бет2/22
Дата07.12.2022
өлшемі0,68 Mb.
#161816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Глоссарий

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Кіріспе. Пәннің оқытылу мақсаты мен міндеттері 
1. «Тарихи тұлға» пәні: оның қарастыратын мәселелері 
2. «Тарихи тұлға» пәнінің мақсаты мен міндеттері. Пәннің қоғамдағы орны 
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. 
Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне 
бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік 
иелерінің күнкөріс үшін тас қүралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы 
құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас 
дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Батыс 
Еуропаның тарихи материалдары негізінде құралған классикалық схема 
бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошель, шель, ашель болып 
бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, 
солютре және мадлен болып айырылады. Соңғы жылдары бұл схемаға 
кейбір өзгерістер енгізілді. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар 
палеолитті екі дәуірге - ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен 
соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа 
материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошельді қамтитын 
ежелгі кезең бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б.з.б. 2,6 млн. 
жылдан басталады. Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі - шель мен 
ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. 
Көптеген зерттеушілер орта палеолитті /соңғы ашель мен мустьені/ біздің 
заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы 
палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес 
келеді. 
Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда 
презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары 
Шығыс Африкадан табылған. Ғылымда "Ноmо һаЬіlіs" /"шебер адам"/ деп 
аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. 
Оның миының аумағы 652 см
3
, яғни ертедегі маймылдың миынан 
әжептеуір көлемді де салмақты болған. "Шебер адамның" еңбек құралы 
малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір 
болып, кесу үшін пайдаланылған. 
Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне 
сәйкес келетін "Ноmо еrесtus" /"түрегелген немесе бойын жазған"/ 
питекантроп /"маймыл адам"/ және синантроп /"адам"/ болып екіге 
бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, 
жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуында 
сабақтастық барын байқатады. 
Бірінші питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралында 
табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол 
"Ноmо һаЬі1іs"-пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге 
ұшыраған. Ми көлемі үлкейіп (959 см
3
), бас сүйегі мен жақ сүйектері 
кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген. 
"Ното егесtus"-тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927 
жылы Қытай жерінде Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан 
синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, 
ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген /геологиялық жер 



қыртысы/ тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп 
сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды 
білген деген корытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етгі, өсімдікті 
тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. 
Б.з.б. 300 мың жыл бұрын "Ноmo егесtus" қазіргі кезендегі адам түріне, 
немесе "Ноmо sаріеnsке" /"ақылды адамға айналды. "Ақылды адамның" 
қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында 
табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі. Ал 
б.з.б. 45-35 мың жылдықта Франциядағы Креманьон жотасында қазіргі 
адамдарға ең жақын ертедегі адамдардың қалдығы табылды. 
Қазақстан жерінде, ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе 
қоймағанына қарамастан, олардың мекен еткен аудандарының бірі - 
Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші 
Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық 
қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып 
табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел 
бола алады. 
 
Б.з.д.5 мың жылдықта басталған неолит – тас құралдарын барынша 
пайдалан дәуір.Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, тастарды 
бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа 
технологиялық әдістер қолданылған.Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде 
мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының тууы, ертедегі адамдардың 
бұрынғы табиғаттың даяр өнімдерін иемденуден, яғни өсімдік дәндерін 
жинау, аң аулау орнына, өндіруші шаруашылыққа көшуге жағдай жасады. 
Тас дәуірінің соңғы кезеңінде мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың 
ашылуына әсерін тигізді, адам еңбегінің ауқымы мен көлемі кеңейді, 
сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. 
Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 600-ден астам неолиттік 
ескерткіштер табылған.Бірақ олардың басым көпшілігі осы уақытқа дейін 
зерттелмеген. Неолит тұрақтары жер-жерге орналасу сипатына қарай төрт 
түрге бөлінеді.Олар: Бұлақ бойындағы, өзен жағасындағы, көл жиегіндегі, 
үңгірдегі тұрақтар болып бөлінеді.Олардың қалдықтары Қазақстанның 
барлық аймақтарында кездеседі. 
Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік 
шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі 
Қазақстан жеріндегі әлеуметтік өсіруші тайпалар ірі және қуатты 
бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен 
келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді 
жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың 
соқтығыстарында да жиі қолданылды, қару жасау бірте-бірте металл 
өңдеудің дербес саласына айналды. 
Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын 
жасауды меңгерген. Қола - әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде 
сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы. Мыспен салыстырғанда 
қола өте қатты және балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі 
болып келеді. Ол еңбек қүралдары мен қару жасау үшін қолданылатын 
негізгі шикізат болып табылады. Қазақстан жерінде түсті металдар 



өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың 
жылдықтың аяғында - 1 мың жылдықтың басында дала халықтары 
шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет