Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.
Сақ патшасы Томиристің тарихта алатын орны?
2.
Ғұн шаньюйі Мөде және Еділ (Аттила) жеке тұлғалардың зерттелу
тарихы?
3.
Бұмын және Естеми, Үшелік қағандардың тарихи портреті?
13
Ортағасырлық мемлекеттікті құрудағы тарихи тұлғалар саясаты
1.Сатұқ Боғра ханның Қарахан мемлекетіндегі ролі
2.Қыпшақ қақандарының ел басқарудағы тарихи тұлғалық қасиеттері
Қарашаұлы Бәйдібек (VI-VII ғ.ғ.) Жетісу алабындағы көшпелі
тайпалар көсемі. Ақыл парасатымен, ерлік істерімен елге ұйтқы болған
тарихи тұлға.
Ел ішіндегі қария сөздер далалық ауызша тарихнама бойынша
(ДАТ) Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан,
дулат, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті
өздерінің түп атасы деп білдеі. Бәйдібектің әкесі Қараша (530-604)
туралы, Бәйдібектің ұрпағы Майқы би туралы, Қытай жылнамаларында,
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) еңбегінде деректер кездеседі.
Бәйдібек жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын,
Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру тайпалардың бас
біріктіруіне, ел болып ұйысуына ықпал еткен.
Бәйдібек үш некелі болыпты. Бірінші әйелі Сары бәйбішеден
Байтоқты есімді бала туып, одан Түргеш (Сарыүйсін) өрбіген. Екінші
әйелі Зеріптен Жалмамбет туады. Одан Шапырашты, Ошақты, Ысты
өрбіген. Үшінші әйелі есімі исі қазаққа мәшһүр әулие Домалақ ана. Бұл
кісінің шын аты Нұрила. Домалақ анадан Тілеуберді туады. Тілеуберді
ел аузында Жарықшақ (Жарықбас) атанып кеткен. Жарықшақтан Албан,
Суан, Дулат өрбиді.
Бұл аталардан бәрі де іргелі ру тайпаларға ұласып, қазақ халқының
ел болып ұйысуына тікелей араласқан.
Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған Байбоқтыдан басқа алты
бірдей ұлы соғыста қаза тауып, Қаратаудың шығысындағы Қошқарата
өзенінің бойына жерленген. Күні бүгінге дейін бұл жер «Алты сары
басы» деп аталады.
Бәйдібектің өзінің сүйегі балабөген өзенінің жағасына жерленген.
Басына көрнекті кесене тұрғызылған. Қазір Оңтүстік Қазақстан
облысындағы бір аудан Бәйдібек есімімен аталады.
Бәйдібектің өмір сүрген заманы Еуразияның Ұлы даласын
(Л.Н.Гумилев) қоныс еткен желдей еркін көшпелі тайпалардың
арасында этникалық тұтастану үрдісі қызу қарқынмен жүріп,
мемлекеттің ірге тасы қаланып, тарих сахнасына әйгілі Түрік
Қағанатының шыққан кезі. Шығысында Сарыөзен (Хуанэ) мен
батысында Темірқақпаға (Дербент) дейін қанат жайған алып қағанат өз
кезегінде төңірегінде Қытай, Парсы, Үнді, Рұм (Византия) сияқты
империялар мен патшалықтарға ықпалын жүргізе бастаған. Ең бастысы,
түркі жұртының шаруашылық мәдени типі сараланып, өзіндік төлтума
өркениеті қалыптасып, енді түркі тектес ұлттар өз қоныс тұрағымен,
өзіндік тіл ділімен тұлға таныта бастаған.
Міне, осындай аса күрделі тарихи кезеңде Бәйдібек ақыл
парасатымен де, ерлік істерімен де ұлттың ұйысуына, елдің бас
біріктіруіне, сөйтіп қазақ даласындағы ру тайпалардың этникалық
тұтастануына мұрындық болған тарихи тұлға.
14
Бәйдібек, Домалақ ана кешендеріне 2000-2001 жылдары жүргізілген
қазба жұмыстары тарихи тұлғалардың қоғамда алар орнына, өмір сүрген
заманына қатысты толымды дерек мағлұматтар беріп отыр. Солардың
ішінде VI-VII ғасырда шығарылған тиын теңгелер Бәйдібек пен оның
жұбайы Домалақ ананың өмір сүрген заманына, олардың әлеуметтік
статусына елеулі айғақ ретінде ден қойдырады.
Халық жады арқылы атадан балаға жалғасып жеткен қария
сөздер Бәйдібектің ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ұйтқы
болып, көреген көсемдігімен жұртқа ықпал еткен тарихи тұлға екенін
танытытты.
Домалақ ана (Шайхы Мизамбекқызы Нұрилә) (VI-VII ғ.ғ.)
Қазақстанның оңтүстік өңірінің біраз бөлігін алып жатқан Шапырашты,
Ошақты, Ысты, Албан, Суан, Дулат тайпаларынан тараған ұрпақтың
арғы атасы Бәйдібек батырдың үшінші әйелі, Албан, Суан, Дулаттың
анасы. Шын аты Нұрилә. Өзгені де өз баласындай көріп, төңірегіне
аналық мейірін шашқан, барынша кішіпейіл, алдағы күннің жайын
ойлап айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаз, көреген қасиетін
құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде ақ оның атын атамай,
жаратылысынан бойы шағын болғандығына қарай «Домалақ ана»,
«Домалақ ене» деп атап кетіпті.
Домалақ ананың қадір қасиеті ерте-ақ танылған. Ел аузында ол кісі
жөнінде аңыз әңгіме көп. Солардың бірі мынадай: « Бәйдібек заманында
жайлауында үйір үйір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы
өрген, шығыс пенен батысқа керуендер жүргізген асқан бай адам
болған. Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап
отырған Бәйдібектің ауылын шауып, сан мың жылқысын түре айдап
кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан
жау шапты деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына
үлкен әйелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы
жатқанда Нұрилә: «Бай еке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр
қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру
бермей өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы
тілегімді беріңіз» деп, өз отауының белдеуінде матамен байлаулы
тұрған жүген құрық тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға
кектенген батыр әйелінің тілін алмай, «жолдан қайтар қатын емеспін»
деп, жасағын бастап, жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік
асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау
аттанға Ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті. Осы соғыста қаза
тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, кері қайтыпты.
Арада алты күн өткенде байлаулы тұрған құла айғыр жер
күңіренте дүлей күшпен кісенеді дейді. Сол күні намаздыгер шамасында
шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы
көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ
ана осылайша үйде отырып ақ түгел қайтарып алса керек. Мұндай
әңгімелер көп ақ.
Домалақ ана қос Бөгеннің сағасындағы бір жазыққа жерленген.
Айналасын көгілдір таулар қоршаған сол жазықта қазір бозарып
15
сәулетті күмбез көрінеді. Ол Домалақ ана мазары. Әулие ананың
қасиетін қастерлеген ұрпақтың ана бейітіне ағылған ізі, салған жолы
ескіріп көрген емес.
Тоныкөк (Тоңыұқық) (646- 741ж.ж.) - Екінші Шығыс Түркі
қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы
дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып,
түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан
кемеңгер. Көшпелілер тарихында артында өшпес атақ даңқын
қалдырып; ақыл парасатына, қол қайратына, көрегендігіне табындырып;
ел жұртының қасіретін, қуанышын, ерлігі мен елдігін тасқа жыр ғып
қашап, мәңгілік мұра қалдырған Тоныкөктей тұлға болған емес.
Сол тас жазуда: «Мен, Білге Тоныкөк, табғаш (қытай) елінде
тәрбиеленіп өстім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді»
деп жазылған. Бұдан Тоныкөктің түрк тайпасы көсемдерінің бірінің
баласы екені анық аңғарылады. Өйткені ол кезде көшпелілердің тек ел
басыларының қытайға аманатқа берген балалары ғана император
сарайында оқып, тәрбиелене алған.
Қытай сарайында жүріп, олардың өз еліне жасап жатқан қорлық
зорлығының бәрін көріп біліп өскен Тоныкөк ақыры шыдай алмай, 683
жылы шыли иуән тайпасының басшысы Құтылығпен бірігіп, табғаштарға
қарсы көтеріліске шығады. Көтерілісшілер жеңістен жеңіске жетіп,
ұзамай әйгілі Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтереді.
Құтылығты «Ел төресі» деген атпен қаған етіп сайлайды.
Жаңа шаңырақ көтерген елдің іргесін бекітуге мүмкіндік бермей
құртып жіберуді көздеген табғаш билеушісі «жабайыны жабайының
қолымен құрту» саясатымен түркілерге көрші тоғыз оғыз халқын айдап
салды. Бірақ табғаш елінде болып, олардың қарсыластарын құрту үшін
қандай әрекеттер жасайтынын жақсы білетін Тоныкөк асқан
көрегендікпен бұл апаттың алдын алып, Тоғыла жазығында тоғыз
оғыздардың әскерін тас талқан етеді. Қолға түскен тұтқындарды
Тоныкөк Құтылығ қағанға айтып, түгел босатып, еліне қайтарады.
Оларға: «Түбіміз бір туыспыз. Өзара қырқысқаннан өзгеге жем
болғаннан басқа пайда жоқ. Табғаш елі ортақ жауымыз. Сондықтан
соған қарсы күш біріктірейік. Бір-бірімізді өгейсітіп, көзге түрткеннен
тапқан олжамыз кәні? Бірігіп ел болайық, осыны айта барыңдар. Кім де
кім бірлік байрағын көтеремін, ата жауға қарсы бірлесіп күресемін десе,
Отыкенге келсін. Біз сонда бірер күн еру боламыз»- дейді. Тоныкөктің
осынау сөзі қандастарының жүрегін жібітіп, оғыздар түгелдей түркi
туының астына жиналады. Кейін бұл жөнінде Тоныкөктің өзі тас
жазуда: «Осыдан кейін оғыздар өз аяғымен көтеріле келді. Келтіргендей
ақ келтірдім ау» деп ризалық сезіммен сол кезді еске алады.
Құтылығ қаған өлгеннен кейін, орнына інісі Қапаған отырады.
Тоныкөк оған да сенімді серік, білікті ақылшы болып, адал қызмет етеді.
Бұл ретте Тоныкөктің өзі тас жазуда: «Елтөресі (Құтылығ) қаған, Білге
Тоныкөк қам жеп, иелік қылғаны үшін Қапаған қаған бар болып отыр»
дейді. Онысы рас та секілді. Қытай жылнамасы Қапағанды
қарамағындағыларға аяусыз қатыгездікпен қарады, қартайған сайын
16
қызғаншақ, ақылсыз бола бастады деп суреттейді. Тоныкөк осы кезде
қағанына өкпелеп, қытайға өтіп кетуге жырыла көшкен ру тайпа
көсемдерін тоқтатып, ел бүтіндігін сақтау үшін күндіз отырмай, түнде
ұйықтамай, ат үстінде жүреді. Бірақ Тоныкөктің халық алдындағы
беделінің тым жоғарлығын қызғанған Қапаған оны ел билігінен
оқшаулай бастайды. Қағанат құлауға айналады. Ақырында Қапаған
қаған ойда жоқта өз қандастарының қолынан қаза табады.
Билікке таласып, ел бірлігіне зиян келтіреді деген қауіппен
Қапаған қағанның бүкіл ұрпағын қырып тастаған Күлтегін батыр ағасы
Могилиәнді қаған тағына отырғызды.
«Білге қаған» деген атпен таққа отырған Могилиән өз тайпасының
ортасына кеткен Тоныкөктің көрегендік ақылымен тұс, тұстан
анталаған жауының бәрін жеңіп, құлауға айналған қағанатты қалпына
келтіреді. Тас жазуда Тоныкөк: «Түркi Білге қаған түркi сыр, оғыз
халқын асырап, мерейін үстем қылып отырар» деп, оған үлкен сенім
артады.
Түркi жұртының азаттыққа қол жеткізіп, жеке дербестік ел
болып отыруына айтулы еңбек сіңірген дала кемеңгері Білге Тоныкөк
өзінің бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, жаздырып кетті.
«Тәңірі жарылқады! Бүкіл түркі жұртына қарулы жау
келтірмедім, атты әскер жолатпадым. Ел төресі жауламаса, оған еріп
мен жауламасам, елім, халқым жойылар еді. Оның шабуылының
нәтижесінде, менің шабуылымның нәтижесінде еліміз қайта ел болды,
халқымыз қайта халық болды. Өзім қартайдым, ұлық болдым. Түркі
Білге қағанның еліне арнап тасқа жаздырған мен Білге Тоныкөкпін»
дейді дана қарт.
Тоныкөктің қай жылы өлгені белгісіз. Қытай тарихында білге
қаған оны ордаға 716 жылы қайта шақырып алдырғанда Тоныкөктің
жасының 70-те екені анық көрсетілген. Содан кейін ол Білге қағанның
қасында болып, Түркі қағанатын төніп келген апаттан құтқаруға
көмектесіп, оған пайдалы ақыл кеңесін береді. 734 жылы Білге қаған
уланып өледі. Бұдан кейін Тоныкөкке қатысты дерек еш жерде
кездеспейді. Білге қаған өлгеннен кейін оның орнына таққа балалары
бірінен кейін бірі отырғаны және бар биліктің сол балалардың анасы,
Білге қағанның әйелі, Тоныкөктің қызы Бопының (Пофудың) қолында
болғаны белгілі. Осының бәрі Тоныкөкті бұл жылдарда да қаған
ордасында болды деуге мүмкіндік береді. Тарихшылар оны әбден
қартайып барып, өлді дегенді айтады. Соған қарағанда ол 741 жылдың
шамасында 95 жасқа жетіп қайтыс болған тәрізді.
Құтылығұлы Күлтегін (684-731ж.ж.) Екінші Шығыс Түркі
қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған
атақты батыры. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның
трбиесінде өскен Күл тегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы
бекімей жатып, жау жарағын асынып, түркі еліне тұс тұстан төнген
басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі.
Бұл ретте түркінің атақты Білге қағаны Күлтегін батырдың басына
қойылған ескерткіші тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында: «әкем
17
қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті
шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды» деп жазды. Тарихи деректерді
салыстыра зерделесек, бұдан Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш
көзге түскен соғысының табғаш елінің әйел патшасы У хыудың
Қапағанның басына ақша тігіп, кімде кім оны өлтірсе, соған «Жан чо»
(«Чоны өлтіруші», яғни Мочо Қапағанды өлтіруші) деген атпен бірінші
дәрежелі кінәз атағын беремін деген уәдесін арнайы жарлықпен бекітіп,
түркі еліне жазалау жорыққа қалың қол аттандырғаннан кейінгі, 694
жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс екені анық
көрінеді. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген.
Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи
деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған
қырғын соғыстардың бірде біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін, дулығасы
жарқырап, жауын жапырып қан майданның ортасында жүргенін
тамсана баяндайды. Бұл арада сол деректерді тізіп жатпай ақ, батырдың
өзіне арнап орнатылған ескерткіштегі мына жазулардан да біраз жайды
аңғаруға болады. Тас жазудың авторы Йолығ тегін Күлтегін ерлігін
былайша тізбелейді: « Он алты жасына келгенде.... алты чуб, соғдыларға
қарсы аттандық. Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды. Он тұтықты қарулы
басшылармен қолға түсірді. Ол әскерді сонда талқандадық. Жиырма бір
жасында Чача Сеңүнмен айқастық. Күлтегін әуелі Тадықан шораның Боз
атын мініп шапты. Ол ат сонда өлді. Екіншісінде Ышбыр Жамтардың
боз атын мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. (Күлтегіннің) сауытына,
қалқанына жүздеген оқ тиді, бірақ бірі де денесіне дарыған жоқ. Күлтегін
жиырма алты жасқа келгенде қырғыздарға қарсы аттандық. Күлтегін
Байырқының Ақбоз айғырына мініп, шабуылға ұмтылды. Бір батырын
оққа ұшырды, екі батырын найзамен түйреп түсірді. Ақбоз айғырдың белі
үзілді. Қырғыз қағанын өлтіріп, елін алдық. .. Тоғу қаласында
шайқастық. Күлтегін Азбан ағын мініп ұмтылды. Алты батырын
шаншып түсіріп, жетіншісін қылышпен шапты. Тоғыз батырын қуып
жетіп, тақымға басты.... Оғыздармен соғыстық Күлтегін Жетімек (Өгсіз)
атқа мініп шауып, тоғыз ерін шанышты.... Түргеш халқы жау болды.
Күлтегінді шағын қолмен жібердік. Жойқын соғыс жасапты. Қара
түргеш халқы сол жерде өлім тауыпты»...Осыла й жалғаса береді. Қарап
отырсаңыз, Күлтегін батыр 47 жасқа жетіп, қаза тапқанша соғыссыз
өткен жылы болмапты. Соның бәрінде ол жау қолына жасындай тиіп,
түркі қолын жеңіске жеткізіп отырыпты.
Әкесі Құтылығ қаған Екінші Шығыс Түрік қағанатының іргесін
қалап, шаңырағын көтерсе, артында қалған екі баласы: үлкені Білге
қағаны ел бастап, кішісі Күлтегіні қол бастап, сол қағанаттың айбынын
асырып, мерейін тасытыпты. Ағайынды екі ұлан ақыл қосып бірге
қимылдап, елінің бірі алтын тұтқасына, бірі айбарлы асыл тірегіне
айналыпты. Ажал алытн тұтқасына, бірі айбарлы асыл тірегіне
айналыпты. Ажал жетіп, сол асыл тірек құлағанда Ұлы Дала күңіреніп,
төрткүл дүниеден түгел елшілер келіп, Күлтегін рухына тағзым
етіпті. Басына ел тарихын жазып, алып ескерткіш орнатыпты. Сол
ескерткіштің ғылыми көшірмесі бұл күнде тәуелсіз еліміздің
18
астанасында, Еуразия ұлттық университеті бас ғимаратының төрінде тұр.
Батыр бабаның бақытты ұрпағы күн сайын ескерткіш қасына келіп, ұлы
Ерлікке тағзым етеді, ата рухына адалдықтарын білдіреді.
1.Шыңғысхан және оның шығу тегі туралы
2.Шыңғысханның реформалары
3.Қазақ жеріндегі мемлекетілікті құрудағы қазақ хандары: Жошы хан
тұлғасы
Шыңғысұлы
Жошы
хан
(1187-1227
жж.)
–
моңғол
шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет
- Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат
қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер
жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен,
моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса
ірі әскери басшы ретінде танылады.
Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бірқатар
шапқыншылық жорықтарын басқарып, Оңтүстік Сібірді, Алтайды,
Жоңғар даласы мен Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген
тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне жетеді.
1211-1215 жылдары Қытайды жаулау жорығына қатысады.
Содан үш жыл өткен соң, Жошы Қыпшақ даласына басып кіріп,
Ырғыз даласына жеткенде Хорезм шахтың 60 мың әскерімен шайқасқа
түседі. Күш ара салмағының кемдігіне қарамастан, Жошы қолбасшылық
дарынымен ерекше көзге түседі. Хорезм шах әскері ашық шайқаста
жеңіліп, қала қорғандарына барып тығылады.
Бұдан кейін Жошы Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ,
Үзкент, Баршынкент, Аспас, Жаңакент қалаларын алып, арада жыл
өткенде Хорезмді бағындырып, Түркістанды иеленді. Келесі жылдың
көктемінде Жошы әкесінің шақыруымен Сайрам мен Таластың
арасындағы Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатысады.
Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін бөліске салған кезде
Жошының еншісіне Ертістен бастап, Орал тауының аралығы және одан
арғы батысқа қарайғы жерлер тиеді. Ордасы Ертіс өзенінің бойына
орналасады.
Құрылтайдан кейін Шыңғыс ханның басқа балаларының бәрі кері
қайтып кеткенде, Жошы өзінің жаңа иелігінде қалады. Ол осында 1227
жылы қайтыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |