Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі


Өзін өзі бақылаудың сұрақтары



Pdf көрінісі
бет8/22
Дата07.12.2022
өлшемі0,68 Mb.
#161816
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
Глоссарий

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 
1.
Сырым Датұлы тарихта алатын орны? 
2.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы, ел басқарудағы рөлі? 
3.
Кенесары Қасымұлының тарихи жеке тұлға ретінде? 


42 
Тақырып 6: ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы қазақ ағартушылары 
1.Шоқан Уалиханов және қазақ еліне саяхат 
2.Ы.Алтынсарин және қазақ мектептері 
3.Қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбаев: шығармаларындағы көтерілген
мәселелері 
Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Уәлиханов Шыңғысұлы (1835 – 1865) 
– қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, 
географ, ағартушы, демократ.
Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» 
аталып кеткен.
Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының
Құсмұрын бекетінде туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жерде аға 
сұлтан болған. Өз атасы Уәли де хан болған. Арғы атасы қазақтың ұлы 
ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы 
Сырымбет тауының баурайында өткен.
«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, ауыл 
мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін
меңгереді. Бұдан кейін 1847-1853 жылдары оны әкесі сол кезде Сібірдегі 
ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. 
Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, 
батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел 
тілдері жүрген.
Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе 
де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған 
Г.Н. Потанин: « Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез 
жетілді... Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және 
оқу орнына түспей тұрып-ақ сурет сала білетін», дейді. 
Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы Костылецкий мен
тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал етті. Пушкин, Гоголь, 
Лермонтов, Герцен, Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс 
әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник»
журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай 
бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын, өз кезінің саналы
азаматының бірі болған.
1852 жылы Костылецкийдің көмегімен Шоқан көрнекті шығыс 
зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.Н. Березинмен 
танысады. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, 
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын алған, ал өз тарапынан Шоқанды ескі 
жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан. Березиннің тапсырмасы 
бойынша Тоқтамыс ханның «Жарлығына» талдау жасайды. Бұл оның 
алғашқы ғылыми еңбегі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, 
әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс 
ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастаған болатын.
Кадет корпусын он сегіз жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір 
генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан 
кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарын
басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып 


43 
тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия
халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге
белсене араласады.
1855 жылы Ұлы жүзді Қоқан хандығының ықпалынан шығарып, 
Ресейге қосу бағытында жұмыс істеу үшін ұйымдастырылған 
экспедицияға қатысып, Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін
келеді. Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы 
сапарында қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен 
этнографиясының материалдарын жинап алады. Қазақ халқының тарихы 
мен әдет-ғұрып, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. Бұл 
материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы 
шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Бұл еңбегін жоғары 
бағалаған генерал Г.Х.Гасфорт оны наградаға ұсынады, әскери лауазымы 
бір сатыға жоғарылап, поручик атағын алады. 
1856 жылы М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми 
экспедицияға қатысып, қырғыз елін жете зерттеп, Ыстық көл аймағының
картасын жасасады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, 
этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын
жазып алады. Жазуы жоқ елдердің өткен тарихы мен салтын тануымыз 
үшін мұндай ұзақ желіге құрылған, күрделі эпостардың үлкен мәні 
барын түсінген Шоқан «Манас» үлгісінде көрсетті. «Манас», дейді Шоқан, 
қырғыздардың ескі мифтерінен, аңыздарынан ертегілерінен жиналып, бір 
адам Манастың төңірегіне топталған энциклопедия. Бұл жағынан, ол 
даланың «Илиадасы» тәрізді. Бұл аса зор эпопеяда қырғыз халқының 
өмірі, әдет-ғұрпы, жағрафиясы, діни дәрігерлік ұғымдары, шетелдермен 
қарым-қатынасы түгел қамтылған... Екінші эпос «Семетей» «Манастың» 
жалғасы. Бұл қырғыздың «Одиссеясы». Іле өзенінің басындағы Манас 
жорық жасады деген жерлерді барып көреді. Сібір мен Тянь-Шань 
аралығында көшіп жүрген қырғыздар Алатаудың автохонды ежелгі 
тұрғындары екені тарихта тұңғыш рет анықтап береді. Қырғыздардың 
көне тарихы жөнінде жазған географы К.Риттердің, А. Гумбольттің, 
шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, 
Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен 
шұғылданады. 1857 жылы тағы да қырғыз елінде болады. Осы сапарларда
жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы
жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстық көл 
сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы 
және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады. Табиғатты 
және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттеген. Осыдан 
барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» 
деп атаған. Тарих, география саласындаы даңқы Петербург ғалымдарына 
да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География 
қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.
1858 – 1859 жылдары Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, 
ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол 
ашты. Қашқария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. 
Қоқан хандығының Қашқардағы консулы, әрі саяси резидентінің


44 
көмегімен Қашқардың экономикалық саяси құрылымын зерттеп, бұл 
халықтың тарихы мен этнографиясынан көптеген матераилдар жинайды.
Қашқар сапарынан «Алты шахардың, яғни Қытайдың Нан лу 
провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі 
дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, 
әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік 
деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді. Ұзамай ол 
Германияда, Англияда жарияланады.
Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. 
Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш
профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, 
пейжаз және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 
150 – дей сурет қалған.
Науқасы меңдегендіктен Петербургтен елге оралған Шоқан туған 
халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда 
Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме
пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды чиновниктен, қазақ
байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім өз 
басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның
пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бұл туралы досы 
Достаевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмай, аға сұлтандыққа
өте алмай қалады. 1864 жылы наурыз айында Шоқан генерал 
Черняевтің шақыруымен Әулиеатаға (қазіргі Тараз қаласы) келеді. 
Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресейге қосуды жақтаған ол
Черняев отрядында біраз уақыт қызмет істейді. Бірақ патша генералының
жергілікті халыққа жасаған зорлық-зомбылығын көріп, тез бөлініп
кетеді. Содан Верный (қазіріг Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек
төренің аулына барып (бұрынғы Талдықорған облысы, Шоқан атындағы
шаруашылық) тоқтайды. Сонда үйленіп, тұрып қалады.
Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың 
сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының 
баурайындағы Көшен тоған деген жерге қойылады.
Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының 
еңбегі аса зор. Орыстың жағрафиялық қоғамы басып шығарған Шоқан 
шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н.И.Веселовский: «Шоқан
Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға
келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс 
деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, 
ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі
біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды. Бірақ ол сол аз ғұмырында
адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін,
ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың 
қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен 
дәлелдеп үлгерді. 
Алтынсарин Ыбырай (Ибраһим, 1841-1889) – қазақтың аса көрнекті 
ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері – 
Қостанай облысының Қостанай ауданы, Аққарағай. Осы өңірде, Тобыл 


45 
өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. Орынбор шекара комиссиясының 
қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі (1850). Мектепті 
бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып 
қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы 
болады (1857-1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет 
атқарады. 1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін 
мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып 
белгіленеді. Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық 
қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған 
қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда 
мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ұстаздық-
ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару 
жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша 
Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868-1874), торғай уездік 
бастығының аға жәрдемшісі (1876-1879) қызметін атқарады. Ыбырай 
инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі 
жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі 
кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен 
жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық 
ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді. Нәтижесінде, 
1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан 
оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі 
қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер 
кәсіпшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға 
көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық 
училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. 
Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, 
Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор 
болды. Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық 
әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне 
айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға 
орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын 
жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке - 
тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын 
жоймақ емес. Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге 
сол кездегі қоғамдық - саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек 
пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, 
көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал 
етті. Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көшелер, жер 
атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі.
Құнанбайұлы Абай (1845-1904) – қазақтың ұлы ақыны, композитор, 
философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы
классигі. Шын аты Ибраһим. Туған жері бұрынғы Қарқаралы ауданына 
қарасты Шыңғыс тауының баурайы. Орта жүздің Арғын тайпасының
Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы 
Құнанбай өз заманындағы атақ-даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі 
болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны 


46 
Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан орта
жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, 
тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы. 
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған
төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен,
ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты 
үіт етеді. Сондықтан да ол абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, 
оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. 
Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани
мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен
сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты 
шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше 
дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе 
жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға
сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл
тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп 
тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. 
Орыс әдебиетімен танысуы көп ықпал етеді.
Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Алайда жасы 
қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас
қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер
ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі - өз жанынан 
шығарған төл өлеңдері; екіншісі – ғақлия (немесе қара сөз) деп аталатын
прозасы; үшіншісі - өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған 
өлеңдері.
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына
көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін,
адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-
бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де 
қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп
тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы
танысу арқылы өзінің шеберлік – шалымын одан әрі шыңдайды. 
Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге
айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы
философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың
дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында
Қазақстанның экономикасы мен ой-пікірінің прогресшіл бағытта даму
ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында орыстың төңкерісшіл
демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы 
ой-пікірін қорытып, қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді
түсіндіруге қолданады. Дүниетану процесінде екі элементтің – сезім
мен логиканың , түйсік пен ақылдың қатынасын мойындайды.
Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.
Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы – экожүйеге
бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге
этникалық арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса 
Абай сынының тезіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық,


47 
күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, 
жікшілдік сияқты сорақылықтар қазақ халқының бойындағы туа біткен
биогенетикалық қасиеті емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси 
әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда,
қазақ бойынан Абай көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол 
замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде
қарастыруға жол ашылады.
1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне
ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі
Оспан өледі. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен
баласы Әбдірахман қайтыс болады. Бұлардың қазасының ақын жанына
қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен
айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды
ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы-
қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық
күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың 
ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді. Бұл 
күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті - Абай мен Шәкәрімге деген
ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып,
сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып
мазар тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет