Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі


Өзін өзі бақылаудың сұрақтары



Pdf көрінісі
бет7/22
Дата07.12.2022
өлшемі0,68 Mb.
#161816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
Глоссарий

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 
1.
Абылайхан жеке өмір баяны, шыққан ортасы қандай? 
2.
Абылай ханның жүргізген саясатта алатын орны? 
3.
Абылай ханның жеке тұлға ретінде саяси портреті? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


37 
Тақырып 5: Ел қамын жеген батырлар 
1.Сырым Датұлы 
2.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы және олардың ерлік істері 
3.Қазақтың соңғы ханы-Кенесары Қасымұлы 
Датұлы Сырым (1712-1802) – Ресей патшасының отарлау саясатына 
қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, 
атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі - Кіші жүздің Байұлы 
тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз 
ортасында тым ерте танылып, әділдішімен аты шыққан «Бала би» атанды. 
Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, 
жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-
жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына 
үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал- 
губернаторы Игельстромға жазған бір хатында: «Сіздердің түрлі 
әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де 
бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі» деп жазады. Бұдан Сырым 
батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі 
мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды 
үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады. 1783 жылы Сырым бейқам жатқан 
қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы 
Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін 
тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен 
соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы 
жылдың күзінде Cырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар 
мал беріп, бірер айдан кейін босатып алады. Түрмеден босағаннан кейін 
Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен 
Oрал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан 
бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық 
әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап 
етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара 
әкімшілігімен бір болады. Міне, осы кезден, яғни 1784 жылдан бастап 
патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да 
ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, 
Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен 
шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталады. Кіші жүздің көптеген 
рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шығады. 1785 
жылдың күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан 
бас тартады. Келесі жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің 
қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр 
болады. Оның ақыры сол жылы Екатерина ІІ-нің Нұралыны хандықтан 
түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына әкеп соғады. Хан тағына Нұралы 
кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмейді. Халықтың наразылығы 
одан сайын күшейе түседі. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық 
соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастайды. 
Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмайды. Елек қамалына жасаған 
шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық 
әрекеттер жасауға көшеді. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды 


38 
қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға 
алады. 1797 жылы көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан 
тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, ханды 
өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен 
старшындардың одан ірге ашуына себепші болады. Есімнің орнына 
Айшуақ хан сайлағаннан кейін, ол Eсімнің кегін алмақ болып, арнайы 
отряд жасақтап, Сырымға қарсы аттанады. Соңынан індете қуып, маза 
бермеген патша экспедициясынан ығысып, Сырым Хиуа хандығының 
жеріне өтіп кетеді. Ел арасына атағы кеңінен тараған батырдан қауіптенген 
Хиуа ханы оның көзін жоюдың амалын жасайды. Ақыры оның есебін 
тауып улап өлтіреді. Бұл жөнінде халық ауызында түрлі әңгімелер 
айтылады.
Тайманұлы Исатай (1791-1838) – 1836-38 жылдары Батыс
Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар
қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. 
Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың
ұрпағы. 
Ел ісіне ерте араласқан Исатайдың кемелденуіне қайын ағасы
Жабай Бегалиннің көп көмегі тиеді. Ол кісі орысша оқыған,
әжептеуір сауаты бар адам болған, старшын қызметін атқарған. Ол 
өлгеннен кейін оның орнына Бөкей хан Жабайдың тәрбиесін көрген
Исатайды старшын етіп тағайындап, оны Орынбор шекара комиссиясы
бекітеді. 
Күн санап ел арасында беделі асып бара жатқанын көре алмаған
хан төңірегіндегілер оның беделін түсіру үшін түрлі жала жауып,
ханға шағыстырып бағады. Соның салдарынан бас аяғы 4-5 жылдың
ішінде бірінде старшын Өтеміс Құлманиязовты тонады деген,
екіншісінде кісі өлтірді деген жаламен түрмеге қамалады. Оның
алғашқысынан ақша беріп құтылса, екіншісінен Орынборға конвоймен
айдалап бара жатқан жерінде, есебін тауып, қашып кетеді. 
Бұл кезде Қазақ хандығының ішкі ісіне тікелей араласа бастаған
Ресей отаршылары қазақтардың құнарлы жерлерін тартып алып,
өздерін сыртқа қуады. Орал казак-орыстары Жайық бойын иемденіп 
алады. Мұндай қысымшылықты Исатай старшыны болып жүрген
беріш руы да көреді. 
Осы кезде Жәңгір ханның Жайық бойындағы руларды екіге
бөліп, бірін қайын атасына, екіншісін жұртқа зорлық-зомбылығымен
аты шыққан саудагер Қарауылқожаға басқартып қоюы жоқшылықтан
ашынған шаруалардың ашу ызасын тудырды. Исатай ханнан
Қарауылқожаның озбыр билігіне тиым салуын талап етеді. Оған жауап
ретінде хан бес жүздей әскермен Қарауылқожаны аттандырып, оған 
Исатайды 200 жігітпен оған қарсы шығады. Бетпе бет келгенде
Исатайдың батыр жігіттеріне шамасы келмейтінін біліп, Қарауылқожа 
кейін қайтады. 
Осыдан кейін Каспий жағалауындағы халық Қарауылқожа мен 
Балқы биге бағынудан қашып, Исатай мен Махабеттің төңірегіне тұс 
тұстан келіп жинала бастайды. Мұның аяғы тарихтан белгілі 1836-37


39 
жылдардағы Бөкей 
ордасындағы шаруалардың феодалдық қанау мен 
патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы көтерілісіне ұласады. 
Көтеріліске Исатай мен Махамбет басшылық жасайды. Көтеріліс бүкіл 
халықты қамтиды. 1837 жылдың қазан айында Исатай 2000 
жауынгермен келіп, хан ордасын қоршап алады. Бірақ көтерілісшілерге
қосылғанымен, ханнан қол үзгісі келмеген билердің ықпалымен Исатай
орданы бірден басып алмай, хан мен орыс полковнигі Геккемен
пайдасыз келіссөз жүргізіп уақытты өткізіп алады. Осы уақытта ханға
көмекке жіберілген казак орыс отрядтары ордаға жетіп үлгіреді. 
Қараша айында Тастөбе деген жерде шешуші шайқас болады. 
Қанша ерлікпен шайқасқанымен, көтерілісшілер орыстың отты қаруына
төтеп бере алмай, жеңіліске ұшырайды. Жазалаушылар көтерілісті
аяусыз басады. Тұтқындарға 500-ден 2000- ға дейін дүре соғып, Сібірге 
айдайды. 
Аман қалған жігіттермен Исатай Жайықтан өтіп кетеді. Хиуаға хан
болам деп жүрген Қайыпқали сұлтанмен уақытша келісім жасап, 
Исатай 1838 жылы Баймұхаммед сұлтанның ордасына шабуыл
жасайды. Осы шайқаста Исатай жау қоршауында шабуыл жасайды. Осы 
шайқаста Исатай жау қоршауында қалып, қаза табады.
Өтемісұлы Махамбет (1804-1846) – қазақтың әйгілі ақыны, күйші 
композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған
көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің
жалынды жыршысы. Туып өскен жері Ішкі Бөкей ордасының Бекетай
деп аталатын өңірі. Бұл қазіргі Орал облысының Жәнібек ауданына
қарайтын жер. Шежіре дерегі бойынша он екі ата Байұлының бір 
бұтағы Беріш ішінде Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, 
Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен 
Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен он ұл, 
Шыбынтайдан төрт ұл, Қобылайдан үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он 
жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі
ауылдардың бірі.
Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер
арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар 
батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, 
Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын
көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр 
сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. 
Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан
айқын аңғаруға болады. 
Махамбет Ресей отаршылдығының барша ауырлық тауқыметін 
көзімен көріп, оның барша зорлық-зомбылығын басынан өткеріп,
ғұмыр кешкен адам. Сондықтан да 1836 жылы әбден шыдамы 
таусылған халық теңіздей толқып көтерілгенде, осынау тегеурінді 
дүмпудің дем берушісі Махамбет болды. Ол Исатай батырмен бірге
арыстандай ақырып, азаттық туын қолдаса көтеріп шықты. Азаттық
үшін күрес Махамбеттің бүкіл өмірінің мазмұнына айналды. Ұлттың
азаттығы мен халықтың әлеуметтік теңдігін Махамбет жеріне жеткізе


40 
жырлаған әйгілі ақын. Ол поэзияда қандай дара болса, күй өнерінде де
сондай дара.
Махамбет көшпелілер өркениетінің осынау жарық дүниемен
шарқырап тұрып қоштасқан соңғы үні. Жалына қол тигізбейтін
көшпелілердің қыл сағағын тағдыр тұзағы қылқындырған сәтте асау
рухы Махамбет болып тұяқ серпігендей. Қазақты ұлт ретінде даралап,
тарих сахнасына шығарған көшпелілер мәдениетінің буырқанып келіп,
жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет тәрізді. Шыны да сол. Егер,
қазақ халқының рухани үрдісін кең аяда тарихи құбылыс ретінде
елестетер болсақ, онда Қорқыттан Асанқайғыға дейін, Асанқайғыдан 
Махамбетке дейін, Махамбеттен Абайға дейін, Абайдан бүгінге дейін
деп төрт кезеңге бөлуге болар еді. Махамбет заманы көшпелілер 
рухының айының батып, күнінің тұтылған кезі. Сондықтан да, 
көшпелілер мәдениетіндегі эпикалық синкреттілік Махамбет
болмысымен түйінделеді. Бұдан былай өнер қоғамдық құбылыстарды
реттеушілік міндетінен айрылып, эстетикалық алданыш болуға көшкен. 
Махамбеттің әрі батыр, әрі көсем, әрі шешен, әрі жырау, әрі күйші 
болуында осындай тарихи әлеуметтік сұраным болған. 
Қасымұлы Кенесары хан (1802-1847) – Қазақ хандығының соңғы 
ханы, ұлт азаттық көтерілісінің әйгілі басшысы. Ол өзінің тегі жағынан
төре тұқымынан. Бабасы қазақтың атақты ханы Абылай. Арғы аталары
Шыңғыс ханның Жошы деген үлкен баласынан тарайды. Абылайдың
әйелі қалмақтың Хочу мерген ноянның қызы Топыштан Қасым сұлтан 
туады. Кенесары осы Қасым сұлтанның баласы.
1822 жылы Ресей өкіметі Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық
билікті жойып, аға сұлтан мен сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп,
Ресей өкіметі қазақ елінің ішкі тірлігіне тікелей араласып, өз 
үстемдіктерін жүргізе бастайды. Осыған қарсы шыққан Кенесары
хандық басқару жүйесін қалпына келтіруге күш салады. Ол өз ойын
Ресейдің жергілікті әкімшілігіне, сонымен қатар патшаның тікелей
өзіне де жеткізеді. Бірақ патша өкіметі Кенесарының талаптарын
орындаудан бас тартады. Сондықтан да ол өз мақсатын күшпен жүзеге
асыруға кіріседі.
Кенесары көтерілісін жер жерден қолдаушылар көбейеді. Өйткені
патша әкімшілігі қазақтардың жерін тартып алып, әскери бекіністер
сала бастайды. Көшпелі ел ата қонысынан айырылып, мал жаятын жаңа 
жер іздеуге мәжбүр болды.Оның үстінен патша үкіметінің алым 
салығының ауыртпалығы да оларды діңкелетіп біткен еді. Осының бәрі
қазақ қауымының наразылығын күшейтіп, оларды Кенесары бастаған
көтерілісті жан жақты қолдауға итермеледі. Көпшіліктің қолдауымен
Кенесары 1841 жылы Қазақ хандығының ханы болып сайланды. 
Патша өкіметі кесіп алған жерлерді заңды иесіне қайтару
жолындағы күресте Кенесары әскери күштерді ұйымдастыру
барысында Орта Азия хандықтарының тәжірибесіне сүйенеді. Ол өз 
әскерін жүзге, мыңға бөліп жүзбасылар мен мыңбасыларды
тағайындады. Әскер тәртібін бұзғандар қатал жазаланды. 


41 
Кенесарының сыртқы саясатының басты мақсаты Тәуелсіз Қазақ 
хандығын құру болатын. Ол осы мақсатын жүзеге асыру үшін Орта Азия
хандықтарынан өзіне сүйеу іздейді, олардың ішкі ісіне араласып,
билеушілерін өз жағына тартуға күш салады. Хиуа ханы мен Бұқар
әміріне өз елшілерін жіберіп, байланыс орнатады. Орта Азия
мемлекеттерімен сауда көлемін ұлғайтып, олардан өздеріне қажетті
қару жарақ, оқ дәрі алып тұрады. 
Нұрмұхаммедұлы Жанқожа (1771-1860) – қазақтың азаттығы 
жолында арыстандай алысқан атақты батырларының бірі. Шыққан тегі – 
Кіші жүздің Әлім тайпасының шекті аталып кеткен Жаманақ руынан. 
Атасы - Киікбай Әбілқайыр ханның батыры, әрі биі болған. Ал әжесі - 
Тәжі қалмақпен де, орыспен де шайқасып өткен, өлгенде де «табаным 
тіреп жатсын» деп аяғын Орынборға қаратып көмуді өсиет еткен атақты 
тама Есет батырдың жалғыз қызы екен. Жанқожа - осы Киікбай мен 
Тәжіден туған Нұрмұхаммедтің баласы. Ел ауызындағы деректерге 
қарағанда, Жанқожаның батырлық даңқы тым ерте шыққан. Сыр бойының 
Қылышбай ханы хиуалықтармен соғысқанда, қазақ батырлары Хиуаның 
Тықы деген батырын жекпе-жекте жеңе алмай іркіліп қалған бір тұста, 17 
жасар Жанқожа өзі сұранып шығып, оны найзамен түйреп түсіреді. 
Осыдан бастап оның «батыр» атағы жалпақ елге жайылып кетеді. Жанқожа 
зорлық-зомбылықты білмеген, қара қылды қақ жарған әділ кісі болған. 
Біреудің біреуге жасаған қиянатын кеше алмаған. Біреудің азғыруына еріп, 
жазықсыз Бұхарбай батырдың ауылын шабам деп, тілін алмай кеткен інісі 
Жауқашарға « барғаныңнан оралма» деп бата беруі, артынан қаза тапқанда 
оның сүйегін ауылына әкелдірмей қоюы соның дәлеліндей. Оның бүкіл 
мағыналы өмірін Хиуа мен Қоқан бақыншыларына, орыс отаршыларына 
қарсы күреске арнауы да сол зорлық – зомбылыққа, қиянатқа төзе 
алмайтын қасиетіне негізделген елін, жерін сүйген алып жүректілігі де 
себеп болса керек. Ел аузында Жанқожа батырдың Созақ қамалын алмаққа 
келген қазақтың соңғы ханы – Кенесары қолымен бірігіп жасаған 
шабуылдары жөнінде біраз әңгіме сақталған. Батыр осы жолы әуелі өзінің 
жігіттерімен Созақ қамалына көмекке келе жатқан Қоқан әскерінің 
алдынан шығып, оларды талқандап, кері қуып жібереді. Содан кейін 
Созаққа қайта оралып, Кенесары қолымен тізе қосып, қамалды алысады. 
Қамалдың қақпасын бұзып, алдымен ішке кірген осы Жанқожа батырдың 
сарбаздары болыпты. Елін, жерін азат ету жолына бар өмірін арнап, сырт 
жаумен арыстандай айқасқан есіл ер қартайған шағында, ауыл сыртындағы 
төбенің басында намаз оқып, құдайға құлшылық етіп тұрған жерінде өз 
қандастарының қолынан қапылыста қаза табады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет