Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі


Өзін өзі бақылаудың сұрақтары



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата07.12.2022
өлшемі0,68 Mb.
#161816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Глоссарий

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 
1.
Қазақ хандарының қазақ тарихында алатын орны? 
2.
Қазақ тарихындағы қазақ билерінің саяси портреті, жеке тұлға 
ретінде тарихта алатын орны? 
3.
Қасым ханның тарихи жеке басының қасиеттері? 
4.
Есім хан және Тәуке хандардың тарихта алатын орны? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


33 
Қазақтың басын қосқан Абылай 
1.Абылайхан оның шыққан ортасы 
2.Абылай ханның жүргізген саясаты 
3.Абылайдың бас кеңесшісі –Бұқар жырау 
Уәлиұлы Абылайхан (1711-1781) - қазақ халқының әйгілі ханы. 
Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы, төре. Шежіре деректері бойынша
Шыңғыс хан - Жошы хан – оның төртінші ұлы - Тоқайтемір - Қожа - 
Бадақұлан - Өріс хан - Құйыршық хан - Барақ хан - Әз Жәнібек - Жәдік - 
Шығай хан - Ер Есім хан - Жәңгір хан - Уәли Сұлтан - Қанішер Абылай 
сұлтан - Көркем Уәли - Абылай (Әбілмәнсүр) хан болып таратылады.
Абылай хан, әкесі Көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған 
кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін жойылып кету қаупі 
төніп тұрған, өлім мен өмірдің арасында күн кешкендей алмағайып
заман болатын. Батысында отаршылдық дәмін татып, тәсілін меңгеріп 
үлгерген Ресей империясы кеуделеп келе жатты. Шығысында өзін аспан 
әміршісіне балайтын Қытай империясы айдаһардай ысқырып тұрған 
кез. Оңтүстігіндегі елдерді ислам фанатизмі тұтастындырып, тәңірлік
наным сенімді өмір салты еткен қазақ даласына олар да ит көрген
ешкідей ажырайып қарайтын. Әсіресе, көшпелі өмір салты ұқсас, мекен 
тұрағы жапсарлас Жоңғар хандығы деп аталатын ойраттардың саяси
бірлестігі (1635 - 1758) аш бүйірден шаншудай қадалады. Осынау
тарихи жағдайды сол кездің дуалы ауыз ақыны бір ауыз өлеңмен
былай бедерлейді: 
«Былай барсаң Қоқан бар, 
Қоқаңдаған әкең бар. 
Былай барсаң Қалмақ бар, 
Күшіңді еппен алмақ бар. 
Былай барсаң Қытай бар, 
Жапырағыңды бұтай бар. 
Былай барсаң орыс бар, 
Балаңды берсең қоныс бар. 
Бір шумақ өлең аясына сол кездің әскери саяси ахуалы ғана
сыйып тұрған жоқ, сонымен бірге қазақ даласына сұғын қадаған 
елдердің дипломатиялық талғам тәсілі мен басқыншылық тактикалары
да айқын аңғарылады.
Абылай хан көзін ашар-ашпастан тағдырдың осындай зұлмат
тауқыметімен беттесті. Жастайынан жетім қалған Абылай Төле би
сияқты ақылгөй абыздың, Әбілмәмбет сияқты ханның, Бөгенбай
сияқты батырдың тәрбиесін көріп ел жұрттың саяси әлеуметтік
өміріне қоса жорық жортуылдардың да қыр сырына көз қанықтырып,
көңіл зерделетіп, бой үйретіп өседі.
Абылай ханның бүкіл өмірі бір ғана мақсатқа бағынды. Ол ең 
далада еркін өскен қазақ халқын аман сақтап қалу үшін барлық ақыл-
ойы мен қажыр қайратын сарқа жұмсады. Осынау ұлы мұрат жолында 
Абылай хан пендешіліктің бәрін тәрік етіп, шын мәнінде исі қазақтың
біртуар көсемі бола білді. Ол он бес жасынан бастап қан майданды
көзімен көріп, кейін небір қырғын шайқастарда жеке басының ерлік


34 
тапқырлықтарымен жеңіс туын желбіретті. Талай рет жекпе жекке 
тіленіп түсіп, Қалдан Шеріннің сүйікті жиені Шарышты бірме бір
шайқаста өз қолымен өлтірді.
«Ықпалы жүрген ер еді, 
Алтыннан қылыш будырған. 
Абылайлап ат қойып, 
Жауды көрсе құтырған», деп жырлады оның ерлігіне сүйсінген жырау.
Бұл орайда, Абылай хан өзінен бұрынғы Мүде, Бумын, Күлтегін, 
Шыңғысхан, Ақсақ Темір, Едіге, Тоқтамыс, Әз Жәнібек, Керей, Бабыр, 
Есімхан, Қасымхан сияқты, өмірдің барлық сәтінде жеке басымен үлгі
өнеге бола білген көшпелілер көсемінің соңғы тұяғы еді. Ел қамы, 
халық тағдырына қатысты істе Абылай хан ештеңеден тартынған жоқ. 
Ол елі мен жеріне қауіп төндірген Ресей мен Қытайға тосқауыл болу 
үшін күші жетпей, сөзі өтпей қиналған сәттерде ең сүйікті бел 
балаларын кепілдікке берді. Рухы осындай мықты Абылай хан ардақты
батырлары қан майданда қаза тапқанда көзінің жасын сығып 
тастайтын кездері болған.
Абылай хан ауырып жатқанда Бұхар жырау былай деп көңілін
сұрапты деген сөз бар: 
«Қалыңсыз қыз алдырған, ханым ай, 
Қайырусыз жылқы салдырған, ханым ай. 
Үш жүздің боздағын жолыңа шалсам,
Қалар ма екен бір шыбындай жаның ай!» депті.
Халыққа қадірі артқан ханға айтылар сөз осындай ақ болар еді. 
Абылай хан қазақ халқының тарих сынынан аман өтуі үшін ең
алдымен елдік тұтастық пен дербестіктің қажет екенін терең түсінді. 
Ол бүкіл қажыр-қайраты мен ақыл-айласын тек қана осы мүддеге
бағындыра білді. Бұл мүддені жүзеге асыру жолында ол ерлік ісімен 
де, шешендік тапқырлығымен де, көреген ақылымен де, шебер
ұйымдастырушылығымен де төңірегін таң қалдырып, өз 
замандастарының бәрінен де бір бас жоғары тұрды. Абылай хан 
қазақтың айыр көмей, жез таңдай ақын жырауларын, абыз билерін
ғана аузына қаратып қойған жоқ. Ол Қытай мен қалмақ тілдерінде
еркін сөйлеп, олардың да ықпалды адамдарын ұтқыр сөздерімен 
тосылтып отырды. Абылай хан қазақтың дәстүрлі мәдениетіне де 
жүйрік болды. Ол өз жанынан тамаша күйлер шығарып, Шоқан
айтқандай, сол заманның эпикалық қарымдағы ерлік істерін күй
тілінде бейнелей білді. 
Абылай хан қазақ халқының саяси әлеуметтік өміріне қырық 
жылдан астам уақыт ықпал етіп, билігін жүргізді. Бұл ретте,
Әбілмәмбет өлген соң ғана Абылай ресми хан болды деп келетін
кәуесет Ресейдің аққаптал саясатынан туындаған жалған сөз. Себебі, 
Абылай сияқты ірі тұлғаны мойындамау арқылы оның беделіне шіркеу
келтіреміз деген дипломатия ол кезде осыны қажет етті. Ол жөнінде
И.И.Неплюев: « Қырғыз халқында бас ханның болуы пайдалы
болмайтыны былай тұрсын, зиянды да болуы мүмкін» деп жазды. Ал, 
ақиқатында Абылайдың ақ киізді басып, хандық биліктің тізгінін


35 
қолына алғаны Әбілмәмбет өлетін 1771 жылдың көп бұрын. Бұл жөнінде
Толыбайұлы Арыстан ақынның мынандай өлеңі бар: 
Қылады мекережде байлар сауда, 
Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда. 
Сұрасаң Абылайдың тұрған жері,
Хан болған қырық сегіз жыл Көкшетауда». 
«Халық айтса қалып айтпайды», Әбілмәмбет ханның 1744 жылы 
Түркістанға көшуі хандық биліктің Абылайдың қолына әлде қашан
көшкендігінің белгісі. Абылай ханның ордасы Көкшетауда болғанмен,
оның ықпалының үш жүзге де жүріп тұрғаны тарихи ақиқат. Бұл ретте, 
ең беделді айғақ Абылай ханның саяси, әскери, әлеуметтік көреген де
тегеурінді қимылдары болса керек. Жоңғарлардан азат болған
шығыстағы байтақ алапқа Алтай асырып қазақ ауылдарын
қоныстандыруы, елдің батыс шекарасының сыртындағы Пугачев дүбірін 
қолдап, үш мың жан кешті сарбаздарының орыс бекіністеріне шабуыл
жасауы, оңтүстікте қырғыздарға қарсы жорық ашып, Іленің сол жағасы 
мен Шу бойындағы шұрайлы қоныстарды қазақтардың өзіне қайтарып 
беруі, жай қайтарып қоймай, осы жолы әйгілі Жайыл қырғынында ел 
рухын аспандатып, жеңіс туын желбіретуі, сөйтіп қазақ пен қырғыз
арасына Нарынқолдан Қордайға дейін шекара тартып беруі, бұл 
шекараның күні бүгінге дейін сақталып отыруы, міне, осынау, ел
тағдырының шешуші сәттері Абылай ханның бүкіл халықтық ұлы хан
болғанына бұлтартпас айғақ. Мұның сыртында Ресей патшалығымен 
және Қытай боғдыханымен жүргізген икемді саясаты өз алдына.... 
Абылай хан туралы әйгілі тарихшы А.И.Левшин былай деп жазды: 
«Ол ақыл парасаты жағынан болсын, қол астындағы халқының күші мен 
санының басымдылығы жағынан болсын сол кездегі қазақ даласын
билеген замандастарының бәрінен де басым түсті. 
Қалқаманұлы Бұқар жырау (1668-1781) – қазақтың ұлы жырауы, 
XVIII ғасырдағы жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық 
соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылайханның 
ақылшысы. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы 
сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, 
аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Абылай хан бір жаққа жорыққа 
аттанарда одан айдың, күннің сәтін сұрайтын, көрген түсін жорытатын 
болған. Ел аузындағы аңыз әңгімелерге қарағанда, Бұқар жырау әз Тәуке 
ханның тұсында да ордадағы беделді билердің бірі ретінде, ел басқару 
ісіне араласқан секілді. Оны Үмбетей жыраудың: «Көріктей басқан 
күпілдеп, көмекейің бүлкілдеп, сөйлер сөзден таймадың. Тәукенің болып 
жаршысы, халқыңның болып заршысы, белді бекем байладың» деген 
сөздері де айғақтағандай. XVIII ғасырда болған жоңғар шапқыншылығы 
қазақ халқының мүлдем жойылып кету қаупін тудырғаны белгілі. Осы 
кезде «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған елдің басын қосып, ата жауға 
қарсы азаттық күресіне жұмылдыру бар ғұмырын халқының бірлік 
бүтіндігіне арнаған ұлы жыраудың басты мақсатына айналады. Оның 
сөздері осы кезде еліне есті кеңес, еріне әмір болып естіледі. Хан да, қара 
да тарих көшінің бағдарын, шиеленген қиынның шешімін Бұқардан күтеді. 


36 
Халқының әулие данасы, дуагөй бітімшісі, көреген болжаушысы санатына 
көтерілген Бұқар жыраудың осы тұстағы даңқын орта ғасырдағы оғыз 
жұртының әулиесі Қорқытпен, XIV ғасырдағы ноғайлы елінің данасы 
Сыпыра жыраумен салыстыруға болардай. Бұқар жырау толғауларында өзі 
бастан кешіріп отырған алмағайып заманның келбеті бар болмысымен 
көрініп, өмір құбылысы мен дүние заңдылықтары, әлеуметтік жағдай мен 
адам тіршілігі кең тыныспен жырланады. Ондағы басты сарын елдің бірлігі 
мен ынтымағын күшейту мәселесі.Ол жан-жақтан андыздаған жаулардан 
қорғануы үшін басты шарт бірлік екенін терең түсінеді, ата жауға қарсы 
бірігіп, тізе қоса күрескен ерлерді өзгелерге үлгі етеді. «Қаракерей 
Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы 
Жәнібек, ормандай көп орта жүз, солардан шыққан төрт тірек» деп майдан 
даласында көрсеткен ерлігімен бірге елдің ұйытқысы болып, бірліктің 
тірегі болып жүрген ерлерді мадақтайды. Сондықтан да Бұқар жырау 
жырларын басқыншы жаумен ұзақ арпалысып, ерлік пен ездіктің, 
парасаттылық пен азғындықтың парқы таразыға түскен сындарлы шақта 
Абылай хандай басшының төңірегіне топтасып, ұлы жеңістерге жетіп, 
ерліктің үлгісін, бірліктің құдыретін танытқан қазақ өмірінің шындығын 
айшықтай өрнектеген поэзия, ұлы мұра деп білеміз. Халық жадында 
сақталған бір әңгімеде Бұқар жырау ауырып жатқанда Абылай ханның 
алыстан күні-түні аттан түспей жүріп келіп, көңілін сұрағаны айтылады. 
Бұл таққа ие болған ұлы ханның таққа ие болған ұлы жырауына деген 
ықылас ниеті, ерекше құрметінің белгісі болса керек. Заманында осылай 
ханы қадірлеп, халқы ардақ тұтқан жыраудың мұрасы халқымен мәңгі 
бірге жасай бермек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет