Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі


Өзін өзі бақылаудың сұрақтары



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата07.12.2022
өлшемі0,68 Mb.
#161816
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
Глоссарий

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 
1.
Алаш партиясы және Алаш қайраткерлерінің тарихта алатын орны? 
2.
М.Сералин. М.Тынышбаев. М.Шоқай тарихи жеке тұлғалар, жеке 
қасиеттері? 


58 
Тақырып 9-10: Қазақстан 20-30 жылдарда кеңес заманында 
1.Қазақ АКСР-і және С.Меңдешев. 2.Т.Рысқұлов және Түркістан 
Автономиялы Кеңестік Республикасы 
3.20-30 жылдардағы қазақ интелегенциясы: С.Садуақасов, С.Қожанов. 
Елдің шығысында бірінші Кеңестік ұлттық республика Түркістан 
кеңесінің 5 съезінде қабылданған Түркістан АССР болып табылды. 1918 ж. 
30 сәуірде қазіргі Қазақстанның оңтүстік облыстары Түркістан 
республикасының құрамына енді. 
1918 ж. аяғы мен 1920 ж. басында Қазақ Кеңес Автономиясын 
құруға интенсивті дайындық жүріп жатты. 1920 ж.қараша айының басында 
Ақтөбеде Түркістан және Сібір қазақ аудандарының депутаттары қатысқан 
өлкелік кеңестік конференциясы өткізілді. 1920 ж. тамыз айының басында 
ұлттық істер халық комиссариаты жанында Қазревком, Сібір ревком және 
Турцик өкілдерінің жиналысы өтті, мұнда Ақмола және Семей облыстарын 
Қазақстанға беру мәселесі түбегейлі шешілді. Қырғыз (қазақ) Кеңес 
Автономилық Социалистік Республикасын құру жайлы деректің үлгісі 17-
тамызда қаралып, РСФСР ХКК қолдады, ал 1920 ж. 26 тамызда бұл 
деректер бекітіліп, заң күшіне енеді. 
1920 ж. 22 қыркүйекте бүкіл ресейлік орталық атқару комитетімен 
жаңа деректері бойынша КАССР-інің құрамына Орынбор губерниясы 
қосылды. 
1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда С.С.Мендешев басшылық еткен 
орталық атқару комитетінің және В.Радус-Зенькович басқарған халық 
комиссарлар кеңесін сайлаған Қазақстан кеңесінің құрылтай съезі өтті. 
Қазақстан Ресей құрамындағы автономия болды, оның астанасы Орынбор 
қаласы болып жарияланды. 
Түркістан құрамына енген Жетісу және Сырдария облыстарын 
Қазақстанға қосу азамат соғысы кезінде туындаған. Бұл облыстарының 
қазақтары солтүстік ауданмен бір республикаға бірігу пікірін үнемі 
ұсынып отырған.1924 ж. ТАССР жойылып Өзбек және Түркімен 
республикаларына 
бөлінді.Оңтүстік 
облыстар 
Қазақстанға 
қосылды.Қазақстанның астанасы болып Қызылорда жарияланды.
 
Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отырықшылдандыру 
және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп 
жіберді. Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 
жылдардағы қуаңшылықпен тұтаса келді.Ел қолдан жасалынған аштықта 
көптеп қырылды.Қазақтар жартысынан айрылды. 1 млн.750 мың адамнан, 
яғни қазақ ұлтының 49 пайызы осы аштықта көз жұмған 
болатын.Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан азайды. 
Қазақстанға Ф.И.Голощекиннің өлкелік партия комитетінің бірінші 
хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. 
Голощекин әміршіл - әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, сұрқия саясат 
қолданып, қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, «халық жауы» деп 
жала жауып, мыңдаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің 
тікелей басшылығымен 1929 жылы – 31, 1930 жылы – 82, 1931 жылы – 80 
жалған «контрреволюциялық ұйымдар» ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі 


59 
болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары 
қамауға алынды. 
Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері 
көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршалықтан 
және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ 
өлім-жітімнің көп көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, 
Иранға, Монголияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше 
миллиондаған адамдарынан айрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет