Лекция мәтіні(қысқаша):
Тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт –саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек. Нәрестелік кезінен басталатын тәрбиенің қалыптасқан ұлттық рәсімдері мен тәлімдік тәсілдері ұлттық салтпен қолданылып жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді.
Шілдехана рәсімінің әдептілік мәні.
Шілдехана. Нәресте туған күннен бастап, үш күнге дейін, нәрестені әрі күзетіп, әрі ананы қуаныш-шаттыққа бөлеп, ойын-сауық өткізу рәсімі. Ертеде “нәрестені үш күнге дейін жын-періден қорғап күзету” секілді діни рәсімге байланысты туған, кейін шаттық тойына айналғғн бұл дәстүрдің өзіндік әдептілік жєне жанжүйелік мәні бар.
Жарық дүниеге жаңа келген нәрестенің әсем әуен, күмбір күй, анасының үні қосылған дабыр арқылы сезім жүйесі ояна түседі.
Шілдеханадағы шаттық ойын-сауық нәрестені қоршаған балалар мен ересек адамдардың көңілін көтереді, бауырмашылығын арттырады, өнерін өркендетіп, дарынын дамыта түседі.
Соңғы кезде “Шілдехана” тойы бала туған соң жеті күннен кейін, немесе бала қырқынан шыққан соң өткізіліп жүр. Халық салтында шілдехана тойында ішімдікке жол беру-әрі обал, әрі күнә, әрі қылмыс болып табылады.
Кіндік шеше-босану кезінде анаға көмек көрсетіп, нәрестенің кіндігін кесетін єйел.Кіндік шешені ана және оның жанашырлары (анасы, ата-енесі, т.б.) күні бұрын тақуа, таза, мейірбанды, жанашыр адамнан сайлайды. Ол, көбінесе, өмірден көргені мол тәжірибелі адам болу керек. Ана босанар алдында кіндік шеше дәрет алып, жуынып-шайынып, таза киініп, кіндік кесуге дайындалады жєне кіндік кесу жабдықтарын тазалап даярлайды, кіндік кесудің дәрігерлік, гигиеналық салтын сақтап, өз ісін абыроймен орындауға жауапкершілікпен қарайды.
Кіндік шеше бала жарық дүниеге келгенде алғаш оның кіндігін кесіп, жөргеккке орап алады. Қазақ халқының ырымында “Бала кіндік шешесіне тартады” деген сөз бар. Кіндік шеше-нәрестенің екінші анасы, сондықтан ол баланың “ит жейдесін” кигізуден бастап, оның бесігін түзеп, киімінің бүтін, таза болуына қамқорлық жасайды. Нєрестенің ата-анасы кіндік шешені жақын да жанашыр ана ретінде құрметтеп, оған сый-сыяпат көрсетеді.Кіндік шеше қарызы (баланы жылына шыққанда киіндіру) бөбектің ата-анасының кіндік шеше алдындағы парызы (оған сыйлық беру, құрмет көрсету) тұрмыстық ахуалға лайықты сыйласымдық рәсімдерімен өтеледі.
Кіндік шеше рәсімдері адам қоғаманың алғашқы даму кезеңінен белгілі. Ол өз міндеттерін орындау арқылы аналық, мейірімділік қамқорлық сезімдерін дамытып, ұрпақ тәрбиелеуге уәделі үлестерін қосады.
Бөбекті қырқынан шығару рәсімінің гигиенасы. Бөбекті қырқынан шығару-бөбек туған соң, көбінесе, қырық күн толғанда, оның шашын алып, бесікке салу рәсімі. Бөбекті қырқынан шығару рәсімі ананың “бой көтеріп”, денсаулығының толысып, жетілген кезінде өткізіледі (қыз бала, көбіне, ер баладан ертерек қырқынан шығарылады). Бөбекті қырқынан шығарғанға дейін ана қалжыланып, денсаулығын түзейді, емшекке уыз қатып қалмауы, емшек сүтінің мол болуы үшін ананы қалжалау кезінде тамақтандыру тәртібіне қамқорлық жасайтын жанашырлар (кіндік ана, әже, абысын, т.б.) болуға тиісті.
Бөбек қырқымы толыса бастағанда, ол мазасызданып, жылауық болуы да мүмкін. Қырқынан шыққан бөбектің ұйқысы тыныш, жан сезімі рахаттана бастайды.
Бөбекті қырқынан шығару, көбінесе, бесікке салу рәсімімен бірге өткізіледі. Бөбекті қырқынан шығару кезінде мүмкіндігінше, оны күміс ыдысқа шомылдыру, ол шомылатын суға күміс теңгелер салу ырымының гигиеналық мәні зор.
Бөбекті қырқғнан шығарғанда оның қырқым шашыналу салтанатын ең сыйлы, тәжірибелі, ардақты әйел орындайды. Бұл рәсімге жанашыр жақын әйелдер шақырылады. Оларға, бұл кішігірім той кезінде, сый-сияпат көрсетіледі. Бала шомылдырылып, сыланған соң бесікке бөленіп, бесік жыры айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |