Аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні.Халық өз ұрпағының ұлағатты, білгір, батыр, батыл, ойшыл, еңбекқор, еңбекқор болып өсуі үшін, оған үлгі -өнеге етіп аңыз әңгілерді де бардан құрап, сары алтындай сақтап келеді.
Аңыз әңгімелер: 1. Аспан әлемі, жан –жануар, жер,су, мекен аттары туралы. 2. Ру, тайпалардың шығу тегінебайланысты. 3. Діни мистикаға. 4. Әлеуметтік утопияға. 5. Тарихи хаһармандық туралы құрылады.
Қанатты сөздер мен даналық сөздер –даналар мен шешендердің ел аузында жатталып өсиет, өнеге, аңыз ретінде айтылатын сөздер.
Қарлығаш жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады; шілде қойыз көп шырылдаса, құрғақшылық болады; мезгілсіз сиыр мөңіреп, ит ұлыса, жер сілкінеді т.б. халық тәжірибесінен түйінделіп айтылған сөздер баланың дүниетанымдылығын арттырады.