Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет103/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

11.2. Тәрбие заңдылықтары

Тәрбиенің қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланыстылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым оқушы жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамып қалыптасуына игі әсер етеді. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, ондағы өмір сүріп отырған жеке адамның күш қуаты мен өмірлік қағидасына тәуелді.

Тәрбие мен өзін өзі тәрбиелеудің бірлігі. Өмір талабына орай ұйымдастырылған тәрбие әр уақытта өзін – өзі тәрбиелеуге себепші болып, адамның күш – жігерін жұмылдырып, рухани байлықты игеруге итермелеп, өзінің мінезіндегі кемшілікті жеңуге шабыттандырып әрбір оқушының өзін – өзі жетілдіруге талаптандырады. Тәрбие өз алдына қойған мақсатына жетуде оқушының өзін қатыстырып, өзін – өзі тәрбиелеуге ұйтқы болып, алдына айқын мағыналы болжам – мақсат қойып, оны іске асырады.

Өзін – өзі тәрбиелеу тәрбие мазмұнын толықтырып, оның көлемін, дәрежесі мен нәтижелігін кеңейтеді. Бұл мағыналы әрекет жеке адамнаың белсенділігін күшейтіп, тәрбие процесінің тиімділігін арттырады. Демек, тәрбие мен өзін – өзі тәрбиелеу бір – біріне байланысты. Сол себептен, тәрбие мен өзін – өзі тәрбиелеу бірлігін , яғни тәрбие процесінің заңдылығын айқындайды.

Тәрбие іс әрекетінің және қарым - қатынастың шешуші ролі. Ғалымдардың зерттеулері дәлелдегендей, адамның дамуына қоғамдық орта, тәрбие, қарым – қатынас, іс – әрекеті мен қызметі себепші болады. Педагогикалық процесінде оқушылардың қоғамға пайдалы іс – әрекеті мен қызметін және айналысындағы адамдармен қарым – қатынас жүйесін адамгершілікті сипатта жоспарлы және ұтымды нәтижелі ұйымдастырсақ, олардың дәлелді талап – тілектері мен мұқтаждықтарын, эмоциялық және интеллектік дәрежелерін имандылық, демократиялық принциптер негізінде тәрбиелесек, онда тәрбие процесінің қорытынды нәтижесі бүгінгі өмір талабына сай болуы – осы заңдылықты айқындайды.

Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу. Жас ерекшеліктері мынадай жағдайда есепке алынады:

а) тәрбие жоспарлары мен бағдарламаларын , тәрбие құралдарын , т.б. жасағанда;

ә) организмнің дене және психикалық дамуына байланысты;

б) тәрбие процесінде.

Жеке адамның дербес ерекшеліктері:

а ) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик );

ә ) қабілет, оның түрлері : жалпы және арнайы қабілеттер.

б ) мінез және т.б.

Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі – ұжым болып табылады. Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С.Макаренконың «Педагогикалық поэма», «Мұнарадағы байрақтар» атты еңбектерінде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. Ол ұжымның басты белгілерін көрсетіп берді. Атап кетер болсақ, ұжым – басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің арасындағы өзара жауапкершілікті қарым – қатынасты орнату; өзін – өзі басқару органдарының болуы. Сондықтан ұжым қозғалмастан бір орында тұра алмайды, дамып отырады және ұжымның әрбір мүшесінің қалыптасуына ықпал жасайды. Оқушылар ұжымы – мақсатқа бағытталған іс – әрекет негізінде оқушыларды біріктірудің ұйымдастыру формасы. Мұғалім оқушылар ұжымымен ұйымдастырған жұмыстарының барысында олардың бойында тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет