Либералды жетекші стильде – іс – әрекетті ұйымдастыру мен бақылау жүйесі болмайды. Педагог сырттай бақылаушы рөль атқарады, ұжымның өміріне араласпайды, аздаған жетістіктерге мәз болады. Бұл стиль тәрбиеленушілердің белсенділігін арттырмайды, мұнда «Мұғалім – оқушы» өзара әрекет болмайды. Мұны «Қалай болса, солай болсын» деген сөйлеммен түсіндіруге болады.
Өз білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары:
1.Тәрбиенің мақсаты мен міндеті.
2.Қазіргі кезеңдегі Қазақстан қоғамындағы тәрбиеге қараудың тұрғылары.
3.Тәрбиенің түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |