Демократиялық жетекші стиль – қарым– қатынас пен іс – әрекеттіктің біріккен шығармашылық қызметінен құралады. Педагог оқушының пікірін тыңдайды, өз көз қарасында қалған баланы қолдайды, белсенділігін арттырады. Ұйымдастырушылық әрекеті басым болады. Бұл тәрбие эмоцияналды ой атмосфера туғызады, сенім ету жақсылық тілеуші, силастық, жауапкершілік қасиеттер туғызады.
Мұнда негізгі қарым – қатынас түрі – кеңес, ұсыныс беру, бұйымтай айту тәрбиенің бұл түрін мынадай сөйлеммен байланыстыруға болады: «Бірге ойластырып бірге, ұйымдастырайық, шешімін бірге шығарайық».
Демокртиялық стиль педагогтарға тәрбиеленушілерді жақындастырады, өзін – өзі дамытуына, өзін– өзі жетілдіруіне септігін тигізеді, өз бетімен жұмыс істеуге, өзін– өзі басқаруға талпындырады, өзін– өзі бағалауды қалыптастырады. Сонымен қатар өзара сенім арту гумандық қарым– қатынас орнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |