Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет94/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Түзету жұмыстары мынадай кезеңдерден тұрады:

1. Баланың мінез – құлқындағы ауытқушылықты айқындау, сонымен бірге тұлғаның күшті және әлсіз жақтарын оқып – үйрену.

2. Баланың мінез – құлқындағы кемшіліктерді жою және мінез – құлқындағы ауытқушылықтың негізгі себебі болып табылатын қасиеттерге қарама – қарсы жағымды қасиеттерді қалыптастыру бойынша әрекеттің мақсаты мен тәсілдерін анықтау.

3. Дискредитация, мінез – құлықтың жағымсыз түрлерін құнсыздандыру және жағымды мінез – құлық мотивтерін қалыптастыру (кемшіліктерден арылуға ынтаның болуы, тұлғаның сапаларын жетілдіруге қажеттіліктің болуы).

4. Қажетті жағымды қасиет неғұрлым табысты қалыптасатын іс – әрекеттің түрін таңдап алу және оған тәрбиеленушіні араластыру. Бір уақытта тұлғааралық қарым – қатынас жүйесінде қолайлы жағдайды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу.

5. Қалыптастырылып жатқан сапаны нақты табиғи жағдайда жаттығулар немесе арнайы ұйымдастырылған тренинг және оң өзгерістерді қолдау арқылы пысықтау.

Түзету жұмыстарының барлық процесінде тәрбиеленушіде өзінің мінез – құлқында рефлекциялық қатынас қалыптасады, мұның өзін – өзі тәрбиелеуді ұйымдастыруға нақты алғышарт болып табылады.

Қиын оқушыларды тәрбиелеуде туындайтын ауытқушылықтар олардың адамгершілік тұрғыдан дамуына кедергі жасайды. Адамгершілік тұрғыдан даму ең алдымен, оның әлеуметтік тұрғыдан әрекет етуіне қажетті тұлғалық сапалардың қалыптасуы болып табылады. Сондықтан оқушылардың адамгершілік тұрғыдан дамуын қамтамасыз ету үшін ерте жастан алдын – алу жұмыстарын қолға алу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет