Девианттылық дегеніміз – қабылданған қоғамдық нормалардан ауытқу.
Екіншіден, қиын балалар категориясына мінез – құлқы бұзылған және оңай түзетілмейтіндер жатады. Осыған байланысты «қиын» және « педагогикалық қараусыз қалған» балалар терминдерінің мағынасын айыру керек. Әрине барлық қиын балалар педагогикалық қараусыз қалғандар болып табылады, бірақ барлық қараусыз қалғандар қиын болып табылмайды, кейбіреулері қайта тәрбиелеуге оңай көнеді.
Үшіншіден, қиын балалар – тәрбиешісінің және достарының тарапынан жеке қарым – қатынасты ерекше қажет ететіндер. Бұлар кейбір үлкендердің пікірінше өте жаман, бұзылған балалар емес, керісінше тек қоршаған ортаның ерекше назарын талап ететін балалар.
Ғалымдардың ( В. А. Сухомлинский, Л.С.Славина, Г.П.Медведов, Л.М.Зюбин, Э.Г.Костяшкин, Г.А.Уманов, Л.К.Керімов , т.б.) зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, қиын оқушылардың пайда болуына үш фактор себепші болатыны анықталған:
1) жанұя тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс – талас, дау – жанжал, маскүнемдік, т.б.
2) мектептегі оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер, яғни жекеленген оқушылардың мінез – құлық ерекшеліктерін, ынта – ықыласын, қызығушылығы мен талап – тілектерін ескермеу;
3) жұртшылықтың тәрбие процесіне толық көңіл аудармауы салдарынан бос уақыттың ұтымды ұйымдастырылмауы.
Қиын оқушылардың мінез – құлқында жоғарыда айтылғандай нақты ауытқушылықтар болады, олардың пайда болу себептері мыналар болып табылады:
– отбасында қадағалаудың болмауы;
– әке мен шешенің талаптарында бірегейліктің болмауы;
– баланы шектен тыс еркелету;
– күш көрсету арқылы жазалау;
– сынып ұжымында психолгиялық тұрғыдан шектеу;
– жағымсыз орта;
– қабілеттің жеткіліксіз дамуы.
Осы ауытуларды түзету мақсатында баланың тұлғасының дамуын түзетуге тура келеді. Түзету дегеніміз баланың тұлғасындағы жағымсыз қасиеттерді жою немесе әлсіретуге ғана емес, сонымен бірге оларға қарама – қарсы жағымды қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған психологиялық – педагогикалық ықпал жүйесі болып табылады.
Түзету жұмыстарының тиімділігі былай анықталады:
– балалармен тіл табысу өнері;
– тәрбиеленушінің өзін түзету жұмысына араластыру (психологиялық тренинг );
– түзету жұмысының мақсатын анықтау (ашуланшақтық басым болған жағдайда – мейірімділікті дамыту, жалқаулықта – еңбексүйгіштікті тәрбиелеу, тұйық мінезділікте – қарым – қатынас жасауды дамыту және т.с.с. ) ;
– тоқтату тәсілдерін қолдану (ескерту, жазалау, сынау, бұйыру) ;
– құрмет көрсету тәсілдері арқылы жағымды сапаларды қалаптастыру (табысты іс –
әрекетті ұйымдастыру, көңіл бөлу, қамқорлық, ренжу, өтіну, мадақтау);
– тәртіп бұзушылықтың себептерін айқындау;
– мінез – құлықтың сәйкес мотивтерін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |