Ақыл – ой дегеніміз – адам бойындағы білім, санасы, ыстық сезіммен бірге оның адамдық қасиеті. Ақыл – ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді, олар:
1.Зер салып ойлау
2.Ақыл – ой күштері
Ойлау таным іс – әрекетіндегі ең күрделі процесс. Ал таным – бұл әр жақты процесс, ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі. Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі.
Мұғалімнің міндеті – ойлау түрлерінің мәнін терең түсінуі,оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл – ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет. Сонымен ойлау түрлері – оқушылардың нақты зиялылық білігін сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |