Ақыл – ой тәрбиесі деп – тәрбиешілердің баланың ақыл – ой күш қуатын және ойлауын дамытуға, оны ақыл – ой еңбегінің мәдениетіне баулуға бағытталған мақсатты түрде жүргізілетін іс– әрекетін түсінуге болады.
Ақыл – ой тәрбиесі деп – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің, балалардың ақылын, ойлауын, ақыл – ой күш қуаты мен қабілетін дамытуға, оларды ғылыми негіздерінен білімдер жүйесімен қаруландыруға, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға бағытталған өзара бірлескен іс– әрекетін немесе олардың өзара әрекеттесуін айтады.