Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері:
1. Адамгершілік сананы, тұрақты адамгершілік сенімді көзқарасты тәрбиелеу;
2. Жас ұрпақтың Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өз– өзіне деген қарым қатынасына бағытталған адамгершілік сезімді тәрбиелеу, дамыту;
3. Ізгілік, парасаттылық қасиеттерін тәрбиелеу.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері:
– Оқушылардың белсенді өмірлік позициясын қалыптастыру;
– Қоғамдық борышқа саналы көзқарасын тәрбиелеу;
– Сөз бен істің бірлігін қамтамасыз ету;
– Адамгершілік нормаларынан ауытқуға жол бермеу.
Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу оқушылардың сана – сезімімен мінез – құлқына әсер ету қажеттілігімен байланысты болып келеді. Оны жүзеге асыруда адамгершілік тәрбиесінің әртүрлі ұйымдастыру формалары мен амал – тәсілдерін қолданады. Оларға адамгершілік тақырыбына арналған этикалық әңгіме, әңгімелесу, лекция, пікірталас, оқырмандар конференциясы және т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |