Еңбек тәрбиесі дегеніміз – оқушылардың еңбек әрекетін ұйымдастыру және оның әр түрімен ынталандыру процесі, атқарып отырған жұмыстарына шынайы жағымды қарым – қатынасын орнату, жоғары нәтижеге жетуге деген белсендіктері мен шығармашылықтарын ояту.
Еңбектің маңызды қызметі оқушыларда жолдастық қарым – қатынасты, ұжымшылдықты және өзара талап етушілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Мектептегі еңбек тәрбиесінің мақсаты–оқушыларды еңбекке оқыту арқылы оған адал ниеттік қатынас орнату, еңбекті сүю, еңбек адамдарын құрметтеу, еңбектің қарапайым әдістері мен құралдарын пайдалана білуге үйрету, материалдық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауға дағдыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: |