Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Эстетикалық тәрбиенің мазмұны мен мәні



бет126/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

12.8. Эстетикалық тәрбиенің мазмұны мен мәні

Эстетикалық тәрбие берудің мазмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып,таныстырумен ғана шектелмейді, ол ақиқатқа эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемдікті дұрыс қабылдауды,табиғатқа эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады.

«Эстетика» грек сөзі яғни сезім, түйсік деген мағнаны білдіреді. Олай болса эстетика – өмірді сезім арқылы танып білудің негізгі жолы. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы, өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлейтін білетін болады. Оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу–дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау мен бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесс.

Эстетикалық тәрбиенің міндеті – жас ұрпақты өнердің барлық салаларындағы, адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу.

Эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның адамгершілік сезіміне, рухани дамуына ықпал етеді. Оның жаман әдеттен бойын аулақ ұстауына, көркем әдебиет оқуына, музыкалық шығармаларды түсіне білуіне негіз болады. Сондықтан, эстетикалық тәрбие адам баласына өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, адамдар арасындағы қарым - қатынаста бар жақсылықты, әдемілік пен әсемділікті түсіне білуге, көре білуге, қабылдай білуге үйретуді, жаттықтыруды және соған қабілетті болу дағдыларын меңгертуді көздейді.

Эстетикалық тәрбие берудің мазмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып, таныстырумен ғана шектелмейді, ол ақиқатқа эстетикалық көзқарасты,өмірдегі әсемдікті дұрыс қабылдауды, табиғатты эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады.

Мектептегі эстетикалық тәрбиенің жүйелері:

1. Балалар өмірінің эстетикасы немесе күнделікті эстетика ;

2. Табиғатқа байланысты эстетика;

3. Өнерге байланысты ;

4. Мектептегі пән сабақтарына байланысты эстетика.

Эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тыныс - тіршілігімен, тұрмыс – салтымен және мәдениетімен тығыз байланысты екені белгілі. Балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие беруде табиғат орасан зор роль атқарады. Табиғаттағы әсемдікті көріп, сезіне білу балалардың өмірлік тәжірибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Оқушыларды әсемдікке,сұлулыққа көзқарасын қалыптастыруда Абай өлеңдерінің ролі ерекше. Бұл суреттемелер «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым», «Желсіз түнде жарық ай», «Қыс» деген өлеңдерінде ерекше әсерлі көрсетілген. Сондай – ақ, эстетикалық тәрбиенің дамуына қазақтың ауызекі поэтикалық және музыкалық шығармашылығы (мақал - мәтелдер, ертегі, аңыз әңгімелер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, эпос, жыр, терме, айтыс, ән - күйлер) орасан зор роль атқарды және атқарып та отыр.

Жастарға адам баласының сыртқы сұлулығы мен ішкі жан дүниесінің үйлесімділікте болғаны дұрыс екенін ескерте отырып, Абай өзінің «он сегізінші сөзінде» адам баласынына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп... таза кимек дұрыс іс», ал «өз дәулетінен артық киінбегі, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ – кербездердің ісі» деп түсіндіреді. «Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі – бет – пішінін, сақал – мұртын, мүшесін, жүрісін, қас – қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі – атын, киімін «айран ішерім » деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейінгілерге «әттең дүние – ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?» дейтұғын болмаққа ойланбақ. Мұның бәрі – масқаралық, ақымақтық.Мұны адам бір ойламасын, егер бір ойласа, қайта адам болмағы қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық деп кісінің кісілігі киімінен емес, адамгершілігінен, білімі мен мәдениеттілігінен көрінетінін ұғындырады.

Ұрпақтан ұрпаққа мирас болған оның таңдамалы өлеңдері мен қара сөздерінің үлгілері өскелең ұрпақты тәрбиелеудің таптырмас құралына айналды.

Ал ағартушы – педагог Шоқан туралы музыка өнерін зерттеуші Б.Сарыбаев: «Біз Шоқанның еңбектерінен өзімізге таныс музыкалық аспаптар домбыра, қылқобыз, сыбызғы туралы мағлұматтармен қатар, осы кезде ұмыт болған шыңдауыл, мүйіз сырнай, асатаяқ, хонбе сияқты аспаптар жайында да құнды деректер тауып отырмыз... Олардың Уәлиханов еңбектерінде сипатталып жазылуы музыкалық аспаптар дамуы тарихынан көптеген сыр шертеді» – дейді.Бұл аспаптардың халық аспаптар музейінде бар екендігі, мұның 1860 жылы белгілі Қашқар сапарынан арнайы алып келгендігі айтылады. Бұдан Шоқанның ұлттық музыка өнерін жоғары бағалағанын, «өнер көзі халықта» дегенді ескеріп, өнердің болашағы тек қана ұлттық өнердің негізінде ғана өсіп өркендейтініне кәміл сенгендігін байқаймыз. Ұлағатты ғалымның «Ыстықкөлге бару сапары», «Қытай империясының Батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар жайындағы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінде әрбір жердің өзіндік ғажайып табиғатын, жерінің ой – қырын, т.с.с. әлемін тамаша суреттеумен шектелмейді, осыған байланысты шыққан аңыз - әңгімелердің шығу тарихына тоқталады. Мәселен, «... Ыстықкөл. Оны табиғат таңғажайыптарының бірі деп бекер атамайды. Тәкаппар таулардың (Күнгей Алатау мен Теріскей Алатау) ортасында көкпеңбек болып толқындап жатқан көл шыңында да әсем. Көл де көк, аспан да көк. Екі түс нақ бір – бірімен әдейі ұласып кеткендей», – деп қырғыз көлінің әсемдігін тыңдаушысына әсерлі суреттеумен бірге оған географиялық сипаттама береді, көл суының мөлдірлігіне, аумағы мен тереңдігіне, оған Алатау шыңдарының аңғар – аңғарларынан сылдырап аққан көп кәусар бұлақтар келіп құятындығына тоқталады, көл туралы бұрыннан айтылып жүрген аңыздар жайлы әңгімелейді.Сол сияқты ол өзінің ұлы дастаны «Манаста» шығыс Тянь – Шан сілемдеріндегі өркеш – өркеш таулардың ортасында көлденең жатқан қазақ халқының Қулық тауының ұлы табиғатының әсем көріністерін де тамсана жазған, өлкенің жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіне, жер – су байлығына да, осы өлкеге байланысты туындаған халықтың аңыз – әңгімелеріне терең мән берген.Бұл шағын үзінділерден Шоқанның табиғат болмысы арқылы дүние сырын, тіршілік тұрмыс мәнін, адамның өмірдегі орнын жете түсінгендігі байқалады.

Қорыта айтар болсақ, оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде ағартушы – педагогтардың еңбектерін пайдаланудың маңызы зор демекшіміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет