Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Еңбек тәрбиесінің мақсаты



бет125/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Еңбек тәрбиесінің мақсаты – еңбекке тәрбиелеу,баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатынасуы, оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің,азамат болып өсу, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастыру.Ж.Б.Қоянбаевтың «Педагогика» оқулығында Еңбек тәрбиесінің міндеттері:

– еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау;

– оқушыларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлерімен таныстыру, еңбек іс– әрекеті барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру;


  • мамандықты таңдауға дайындау деп көрсетілген.

Ал С.Ш. Әбенбаевтың «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» оқулығында еңбек тәрбиесінің міндеттері:

1. Біздің елде әрбір еңбек етуге жарамды адамның еңбек етуге міндеттілігін оның сенімі мен санасын орнықтыру;

2.Еңбек етуге деген қажеттілік пен талпынысқа тәрбиелеу;

3.Еңбек етуге қатысты білім, білік,дағды сапаларымен қаруландыру;

4.Оқушылардың кәсіби мамандыққа даярлығын қалыптастыру.

Еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері және мазмұны нақтылы қоғамдық тарихи жағдайға байланысты анықталып, жетіліп отырады.

Балаларды еңбекке тәрбиелеу мәселесі Ы.Алтынсариннің балаларға арналған әңгімелерінде («Таза бұлақ», «Қыпшақ Сейітқұл», «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы» және т.б. ) айрықша орын алып қазақ мектептеріндегі еңбек тәрбиесінің орны мен даму жолдарына үлкен мән берді.

Еңбек әрекетінде оқушыларды тәрбиелеу нәтижесінің жемісті болуы, негізінен оның педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.

Еңбек тәрбиесінің жүйесіне түрлі іс– әрекеттер кіреді: олар, оқу барысындағы еңбек, өзіне– өзі қызмет ету, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет