Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Оқушылар ұжымының дамуының үшінші кезеңінде



бет156/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Оқушылар ұжымының дамуының үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділердің мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі талаптар қойылады және қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өзін өзі басқаруының жоғары деңгейде болуымен, оқушылардың ұжым жұмыстарымен айналысуымен сипатталады. Дәл оындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдай жасалады.

Сонымен А.С. Макаренконың тағылымы бойынша ұжымның дамуы 3 кезеңге бөлінеді, ол төменде көрсетілген (слайд 5).

Слайд 5 – «Ұжымның даму кезеңдері»

Оқушылар ұжымын дамытуда аса маңызды мәселелердің бірі – ұжым алдындағы мақсатты – перспективаны таңдау. Осыған байланысты А.С. Макаренко перспективаны (болашақ мақсатты) үш түрге бөлді; олар: жақын, орта, алыс.

Жақын перспектива: бұл мақсат– ұжым дамуының кез – келген кезеңінде қойылады. Мұнда жақын аралықта жүзеге асырылатын тиісті іс – шаралар жоспарланады. Мысалы, демалыс күндізгі серуен, саяхатқа, экскурцияға шығу, жарыс, музейге көрмеге, театрға, киноға бару, үйірмелердегі жұмыстар және т.б. Мұндағы негізгі талап – бұл мақсатты әрбір мүше өзінің ертеңгі күнгі қуанышы ретінде қабылдауы керек.

Орта перспектива: бұл мақсатта – біршама уақыттан кейін жүзеге асырылатын ұжымдық іс – шара жоспарланады. Мысалы, мектеп пен сынып іші аралағындағы спорт жарыстары, пән бойынша өтілетін апталықтар, тақырыптық кештер, пікірталас өткізу, мерекелік кеш өткізу және т.б.

Мұндағы негізгі талап – ұжым мүшелері бірлесіп атқарған іс – шаралар, іс – әрекеттер оларды қызықтыру керек.

Алыс перспектива: бұл – ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты болып табылады.

Мысалы, болашақ мамандықты таңдау, мектепті ойдағыдай аяқтау, мемлекеттік білім грантын иелену, белгілі бір жоғары немесе орта оқу орнына түсу және т.с.с.

А.С. Макаренко ұжымның өмір сүру заңын төмендегідей түсіндірді, олар:

1.Қозғалыс (іс – әрекет) – ұжымның өмір сүру формасы

2. Қозғалыстың тоқталуы – ұжымның жойылу немесе ыдырау формасы.

Сол сияқты ұжымның даму принциптерін белгілеп берді, олар: жариялық, жауапкершілікті тәуелділік, болашақ мақсаттарға ұмтылу, қосарлы ықпал ету принциптері.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қарым – қатынастың кең тараған үш түрі анықталған:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет