Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Тұлға ұжымға бағынады (конформизм)



бет157/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

1. Тұлға ұжымға бағынады (конформизм).

Тұлға ұжым талаптарына өз еркімен бағынады, ал кейде ұжымға сырттай бағынып, әрі қарай, өзінің жекелігін және тәуелсіздігін сақтауы мүмкін. Тұлға ұжымның құндылықтарын, нормаларын және дәстүрлерін қабылдайды.



2. Тұлға мен ұжым бір-бірімен үйлесімді қатынаста болады (гармония).

а) Тұлға өз тәуелсіздігін барынша сақтап, ұжым талаптарына сырттай бағынады;

б) Тұлғаның кейбір өзіндік іс – қимылы ұжым талаптарына сай келмейді.

3. Тұлға ұжымды өзіне бағындырады (Лидерлік).

Нағыз лидер еңбектері, іс – әрекеттері ескерілумен, тиісті бағасын алумен сипатталады. Жарқын тұлға – ұжым мүшелеріне тартымды болуы міндетті.



15.5. Ұжымға педагогикалық басшылық

Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде келесі маңызды ерекшеліктерді сақтау керек:

– Педагогикалық жетекшілікті оқушының өз қызығушылығына, ынтасына, тәуелсіздігіне

орайластыру дербес қарапайым талпынысымен саналы байланыстыру;

– Ұжым – динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі өзгеріп, дамып отырады және

кемелденеді. Осыған байланысты педагогикалық жетекшілер қарым–қатынас және

әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруы міндетті;

– Сынып жетекшісі ұжым тәрбиесінде мұғалімдер тобына, сынып ұйымына сүйеніп,

отбасылармен үнемі байланыста бола отырып, жоғары жетістіктерді көздеуі лазым;

– Формализм – тәрбиенің қас жауы;

– Жетекшіліктің жақсы көрсеткіші – сынып өміріндегі маңызды мәселелерге ортақ

ұжымдық пікірдің болуы;

– Ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын дұрыс қадағалау негізінде тәрбиені

дамыту;

– Тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп деңгейлігін ескере жүргізу:

а) Жекеше қарым – қатынас жасау;

б) Бірлескен іс – әрекет қатынастарын дамыту;

в) Әлеуметтік мәні бар ұжым іс – әрекетіне байланысты қатынас жасау;

– Ұжым мүшелерінің атқарып жүрген рөлдері мен олардың шын мәніндегі мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану және т.б.

Ұжымға басшылық жасаудың нәтижелігі оның даму заңдылығын қандай мөлшерде зерттегеніне, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс анықталғанына, педагогтың әсер ету тәсілдеріне байланысты.

Ұжымды басқарудың педагогикалық стилі үшке бөлінеді.

1.Авторитарлық басқару

2.Демократиялық басқару

3.Либеральдық (еркін) басқару

Авторитарлық басқаруда – мұғалім бір жақты шешім қабылдайды, шешеді, өзі қойған талаптардың орындауына қатаң бақылау орнатады, қалыптасқан жағдайлар мен оқушылардың пікірлерін ескермей, өз құқықтарын пайдаланады, оқушыларының алдында өз әрекеттерін негіздемейді. Осының салдарынан оқушылар белсенділіктерінен айырылады немесе оны тек мұғалімнің жетекші ролі барысында ғана жүзеге асырады, өзін – өзі төмен бағалайды, бойларында агрессия пайда болады.

Авторитарлық (өктемшілдік) басқару стиль барысында оқушылардың күші білімдер игеру мен өзін – өзі дамытуға емес, психологиялық өзін – өзі қорғауға бағытталған.

Мұғалімнің әсер етуінің негізгі әдісі – бұйрық беру, ақыл айту болып табылады. Мұғалімге өз кәсібіне қанағаттанудың төмендігі және кәсіби тиянақсыздық тән. Жетекшілік етудің бұл түрін ұстанған мұғалімдер басты назарды әдістемелік мәдениетке аударады, педагогикалық ұжымда көбінесе лидер болып келеді.

Демократиялық басқаруда – мұғалім мен оқушы педагогикалық қарым – қатынаста тең серіктес, әріптес ретінде қарастырылады. Мұғалім оқушыларды белгілі бір мәселелердің шешімін табуға тартады, олардың пікірлерімен санасып тыңдайды, есепке алады, олардың ой – пікірлерін бағалайды, оқу үлгерімдерін, сондай – ақ тұлғалық қасиеттерін де ескереді. Әсер ету әдістеріне әрекетке түрткі болу, кеңес, өтініш жатады.

Басқарудың демократиялық стилін ұстанған мұғалімдердің оқушылары өзіне – өзі қанағаттанып, өздерін жоғары күйде сезінеді. Мұндағы мұғалімдер үшін кәсіби орнықтылық, өз мамандығына қанағаттану тән.

Либеральдық басқаруда – мұғалім шешім қабылдаудан қашып, бастаманы оқушыларға , әріптестеріне береді. Оқушылардың іс – әрекетін ұйымдастыру мен қадағалауды жүйесіз орындайды, жалтақтаушылықты, толқуды көрсетеді. Сыныпта ауқымалы микроклимат, жасырын қақтығыстар байқалады.

Қорыта келе айтарымыз, педагогикалық басшылық жасауда ұжым – динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі дамып та, өзгеріпте отырғандықтан, біз педагогтар қарым –қатынасты, әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруымыз қажет және ұжымның тәрбие құралы екендігін ұмытпағанымыз жөн .





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет