Оқушылар ұжымын дамытудың бірінші кезеңі әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, оқушылар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа келген оқушылар жинақталған «құрама сынып» оқушылары ұжымының басты ерекшеліктері. Сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым – қатынасқа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.
Бұл деңгейде мұғалімге сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс – әрекеттерге араластыру арқылы, яғни мұғалім мен оқушылар бір – бірін жақсы танытуға тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |