Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Ұжым теориясының қалыптасуы



бет151/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

15.2. Ұжым теориясының қалыптасуы

Ұжым проблемасымен көптеген ғалым педагогтар айналысқан және айналысуда. Атап кетер болсақ, А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, П.П. Блонский, С.Т.Шацский, В.А.Сухомилинский және сол сияқты ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П.Н.Лепешинский, Л.С. Выготский т.б.үлес қосты.

А.В. Луначарский «ұжым– жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы» – деді. Оның пікірінше адамда тәрбиелеу демек, ол біздің заманымызды ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс, тұлға ұжым арқылы ғана дамиды деді. Н.К.Крупская ұжым тұлғаның дамуы және қалыптасу ортасы дей отырып, ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеу қажет екендігін ескертті.

А.С. Макаренко тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеудің педагогикалық теориясын жасады.

А.С. Макаренконың педагогикалық тәжірибесі мен педагогикалық көзқарастары «Педагогикалық поэма (1933– 1935)», «Мұнарадағы байрақтар(1938) », «Ата – аналарға арналған кітап (1937)»,т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

А.С. Макаренконың пікірінше, ұжым – адамдардың жай ғана жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы дей отыра, балалар ұжымы не жалпы ұжым қоғамның бір бөлшегі деп есептейді. Ол ұжымның белгілерін ұжымның даму переспективаларын, даму принципін, және заңдарын т.б. көрсетіп берді. Қазіргі кезеңде А.С. Макаренконың идеясын дамытуда Санк – Петербург педагогы И.П.Ивановтың «Коммунар әдісі» игі әсер етуде. Бұл әдістің мәні – ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру.В.А.Сухомлинскийдің ұжым туралы педагогикалық көзқарастары әсіресе «Коллективтің құдіретті күші» (Мудрая власть коллектива) еңбегінде көрініс тапқан. Оның пікірінше, әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады.

Сонымен қатар « ұжымшылдыққа баулудың ең басты негіздерінің бірі – рухани ізгілік, мұның өзі баланың жанында бала өзінен гөрі басқаларға көбірек қамқорлық жасаған кезде орнығады» – деген. Бұдан мынаны ұғуға болады, яғни педагогтар оны жүзеге асыруда балалардың адамды түсіне білуіне жүрегімен жан дүниесінде не болып жатқандығын тануға үйрету керек. Бұл қабілет болмайынша ұжымдағы өзара қарым – қатынастар туралы, ұжымның рухани өмірі туралы әңгіме де болуы мүмкін емес, ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны ойға зерделеудің әртүрлі әдістерін жасауда, Л.И.Новикова әрбір оқушының тұлғалық қасиеттерін жан – жақты дамыту құралы ретінде оқушылар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е.Конникова ұжымның басты қызметін оқушылардың құлықтық дамуымен байланыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет