15 –дәріс тақырыбы Ұжым – тәрбие құралы
Дәрістің мақсаты: Педагогикалық процестегі оқушылар ұжымының қалыптасуы.
Жоспары:
1.Оқушылар ұжымы туралы түсінік.
2.Ұжым теориясының қалыптасуы.
3.Ұжымның белгілері мен қызметтері.
4. Ұжымның даму кезеңдері және олардың бір – бірімен сабақтастығы.
5. Ұжымға педагогикалық басшылық.
Негізгі ұғымдар: ұжым, оқушылар ұжымы, ұжымның даму кезеңдері.
15.1.Оқушылар ұжымы туралы түсінік .
Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым бола алады. Латынша «коллективус» деген сөзі «жиын», «топ», «ұжым» деген мағынаны білдіреді.Яғни ұжым– бұл адамдар тобы.
Ұжым деп – алдына қоғамдық мәні бар мақсат қойған, сол мақсатқа жету үшін бірлескен іс – әрекетпен айналысатын, сайланбалы басқару органы бар, мүшелерінің арасында өзара жауапкершілікті байланыс немесе қарым – қатынас орнаған адамдар тобын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |