14.2. Дүниетанымның философиялық негіздері.
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың жоғары формасы блғандықтан, оған философиялық, экономикалық, саяси – әлеуметтік көзқарастар жүйесі енеді. Дүниетанымдық идеялар қоғамдық сананың басқа барлық формаларына ене отырып, оларды біртұтас және тұтас – бағдарлық жүйеге біріктіреді.
Дүниетанымның негізгі ұғымдары – « дүние» және « адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай – ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс – әрекеті , ішкі рухани өмірі жоқ, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге көзқарасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік ұстанымын қалыптастырады. Адам мен дүние арақатынастары бір–бірімен жаңа байланыста қаралған сайын сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталады. Осыдан келіп, дүниеге көзқараста біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігіті туралы; екіншіден, адам және оның дүниедегі орны туралы; үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән – жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.
Философияның өзі де дүниетаным, яғни бүтіндей дүниеге, адамның осы дүниеге қатынасына деген көзқарастар жиынтығы.
Философияның мәні – дүние – адам мәселелері туралы ойлар. Философия екі құбылысқа негізделеді.
1. Философия – бүтін дүние және адамның осы дүниеге қатынасы туралы ақпарат;
2. Философия – таным принциптерінің кешені, таным іс– әрекетінің жалпы әдісі.
Осыдан барып философияның көптеген қызметі екі топқа бөлінеді:
1. дүниетанымдық;
2. әдіснамалық.
Философияның ең бірінші қызметі – адамның қоғамдағы алатын орнына қарай гуманистік қызметі. Гумандылық – адамгершілік ұғымын білдіреді. Оның басты мақсаты : адамның құндылық қабілеттерінің, ақыл – парасатының үйлесімді дамуы.
Философияның екінші дүниетанымдық қызметі – әлеуметтік аксиология. Оның өзі бірнешеге бөлінеді, олардың ішіндегі ең маңыздылары : құрылымдық – құндылықтық болса, оған жақсылық, әділеттілік, шындық, сұлулық сияқты құндылық түсініктері, сондай – ақ әлеуметтік арман – мұрат туралы түсінік те жатады.
Сонымен дүниетанымның мәнін және құрылымын түсіне отырып, бірізділік ғылыми интернационалдық, гуманистік дүниетанымның түйіні диалектикалық–материалистік дүниеге көзқарас болып табылады.
Қазіргі егеменді елімізде болып жатқан жаңалықтар қоғамдық процестің барлық саласындағы демократиялық, гуманистік өзгерістерді қамтып отыр. Жаңару процесі – алдымен, адамның өзінен басталу керек. Себебі, адам қоғамның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің басты тұлғасы. Адамды жан – жақты, рухани болмысы жоғары етіп тәрбиелеудің қырлары көп. Оның алғашқы нышандары адам бойында жас кезінен қалыптасуы керек. Сондықтан адамды танымның басты субьектісі ретінде тарихи қоғамдық даму тұрғысынан қарастыру қажет. Адамдар арасындағы барлық қарым –қатынасты адамгершілік пен әділеттілік принциптеріне негіздеп құруды талап етіп отырған қазіргі еліміздегі гуманистік, пәрменді әлеуметтік саясат та осыны көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |