Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың жолдары



бет147/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

14.3.Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың жолдары

Дүниеге қөзқарастың қалыптасуы – ұзақ және күрделі процесс, оның барысында жеке көзқарастар мен сенім жүйесі қалыптасады, дамиды, олар жеке тұлғаның әрекет жасауына басшылық етеді.

Дүниеге көзқарасты қалыптастырудың құралдарына білім мен тәрбие беру жұмысы, бұқаралық ақпарат құралдары, өнер мен әдебиет жатады. Оқу мен тәрбие жұмысы диалектикалық бірлікте жүргізілгенде ғана дүниеге көзқарасты қалыптастыруға септігін тигізді. Әрине, білімдердің жай жиынтығы ғылыми көзқарасты құрай алмайды. Дүниеге көзқарас адамдардың саяси әлеуметтік, ғылыми теориялық, философиялық, діни, адамгершілік, эстетикалық бағыттарының, ой пікірлері мен білімдерінің жиынтығымен белгіленеді. Әрбір ғылыми пән дүниеге ғылыми диактикалық негіздегі көзқарастарды қалыптастыруда белгілі бір рөль атқарады. Жаратылыстану ғылымы оқушылардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл ғылымға жататындар табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі бір ұғым жүйесін жасайды.

Жалпы биология курсын оқып үйренуде дүниенің пайда болуы, оның эвалюциясы, адамның шығу тегі, жоғары жүйке қызметінің заңдылықтары, сананың ролі және т.с.с. ғылыми түсініктерді қалыптастыруға септігін тигізеді. Ал физика, химияда мазмұндалған негізгі теориялар мен заңдарды білу, дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінікті, дүниетанымдық көзқарас пен сенімді нығайтады. Гуманитарлық ғылымдар (тарих, әдебиет, қоғамтану т.с.с.) қоғам өмірінің даму заңдылықтары мен адамның қоғамда атқаратын ролі және алатын орны туралы түсініктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тарих ғылымдары қоғамдық экономикалық формациялардың ауысу заңдылықтарын, қоғамның даму заңдарын танып білуге, осы дамудың қозғаушы күштері, қоғамның топтық құрылымы,топтар арасындағы тартыс жөнінде түсінік береді.

Әдебиет адамдар арасындағы қарым – қатынасқа, өмірге, еңбекке оқушы жастардың дұрыс көзқарасын тәрбиелейді, өмір шындығымен, отандық және дүниежүзілік мәдениеттің барлық озық дәстүрлерімен, рухани мұраларымен таныстырады.

Сонымен оқушылардың дүние танымының қалыптасуында оқыту мен тәрбиелеу жұмысы, бұқаралық ақпарат құралдары (түрлі телерадиохабарлар, газеттер мен журналдар беттеріндегі материалдар), мұраханалар мен мұражайлар материалдары, өлкетану материалдары, табиғатқа экскурсиялар, сыныптан, мектептен тыс оқу танымдық шығармашылық ізденіс жұмыстары мен іс шаралар өте тиімді әсер етеді.

Ал қоғамдық пайдалы еңбек пен өнімді еңбек көзқарас пен сенімнің, сезім мен ерік жігердің одан әрі нығая түсуіне, тұрақтануына ерекше мүмкіндік жасайды.

Дүниетанымның қалыптасуында халықтық білімнің де, діннің де маңызды роль атқаратындығын ұмытпаған абзал.

Оқушы дүниетанымының қалыптасқандығының жалпы көрсеткіштері:

1. Оқушылардың ғылыми білімінің табиғат пен қоғамдық құбылыстардың, ойлаудың мәні мен заңдылықтарын түсіндіре алатындай деңгейде терең болуы;

2. Оқушыларда шындықты диалектикалық тұрғыдан пайымдау қабілетінің дамығандығы, олардың өздері үшін жаңа құбылыстарды, қоғамдық оқиғаларды, өнер туындыларын талдай білуі;

3. Оқушыларда әлеуметтік белсенділіктің байқалуы, эмоциональдық ерік – жігерлік қоғамдық мақсатқа жетуге ұмтылушылықтың болуы;

4. Оқушы іс – әрекетінің өз идеялын өмірде жүзеге асыруға, оларды насихаттауға және қорғауға бағытталуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет