Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Педагогиканың ғылымдармен байланысы



бет19/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Педагогиканың ғылымдармен байланысы:

Философия – табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді,өмір шындығын танып білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.

Психология – адамның психикасының даму заңдылықтарын зерттеп, оны оқыту мен тәрбиелеуге қажетті таным процесіне, ақыл – ой дамуына,тұлға психологиясына байланысты материалдармен қамтамасыз етеді.

Адам физиологиясы – бала организміндегі жоғары нерв қызметін, тыныс алу, қан және жүрек тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін қарастырады.

Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым.

Әлеуметтану жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік орта мен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.

Этнография – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді.

Археология – өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет–ғұрып, мәдениетін, тарихын зерттейді.

Кибернетика – бұл грек тілінен аударғанда «басқару өнері» деген мағынаны білдіреді және басқару жүйелеріндегі ақпарат алу, сақтау, өңдеу ісінің жалпы заңдылықтары туралы ғылым. Бұл қызметті тиімді ұйымдастыруда компьютердің, мультимедияның маңызы зор.

Сондай–ақ, педагогика ғылымы медицина, экология, экономика, әдебиет, тарих және т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет