Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Бағалау – бұл білім, білік пен дағдыларды игеру дәрежесін анықтау.Бағалаудың сандық көрінісі баға болып табылады. Бағалау



бет241/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Бағалау – бұл білім, білік пен дағдыларды игеру дәрежесін анықтау.Бағалаудың сандық көрінісі баға болып табылады.

Бағалау – бұл оқушылардың білімін, икемділігімен дағдыларының сан және ұпай түрінде шартты сандық көрінісі, мәселен,ол ауызша мақұлдау немесе мақұлдамау, алғыс білдіру, мақтау қағаздарымен марапаттау және т.с.с.

Оқушылар білімінің балдық баға жүйесі Ресейде 1917 жылғы революцияға дейін болған. Білім бағасы нөлден алты балдың жүйесі бойынша іске асатын,кейіннен нөлдік баға алынып,бес балдық, жүйе қалыптасты. 1935жылдың қыркүйегінен бастап, бес сөздік (верталды) баға: «өте жақсы »,«жақсы»,«қанағаттанарлық», «жаман»,«өте жаман» енгізілді. Бұл жүйе 1943 жылға дейін сақталды. 1944 жылдың қаңтар айынан бастап оқушының білімін бағалаудың сөдік бағамен сандық баға жүйесімен ауыстыру жөнінде шешім қабылданды. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі «5» балдық жүйелер қолданылады.

«5» бағасы оқу материалын толық, дәл логикалық бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады.

«4» бағасы оқу материалын толық біледі, бірақболар болмас кемшілігі болса қойылады.

«3» бағасы жауабы негізінен дұрысы, бірақ толық емес, болғанда қойылады.

«2» бағасы оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады.

«1» бағасы тексерілген оқу материалы бойынша блімі жоқ, толып жатқан өрескел қателіктер жіберілгенде қойылады.

Зачет (сынақ) қорытынды бақылаудың айрықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстары бойынша мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отырып қойылады. Ол 1959 жылдан енгізілген.

Ал емтихан оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Ол 1944 жылдан енгізілген.

Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларының нәтижесінен қорытынды бағалар шығарылады. Сонымен баға білімді есепке алу ғана емес,ол тәрбиелік құрал да.



Есепке алу – бұл оқудың белгілі кезеңінде оқушылар мен мұғалімнің жұмысын жинақтап қорыту. Үлгерімді есепке алуда мынадай мәселелерді ескеру қажет:

– оқу бағдарламасы бойынша тақырыпты және тарауды оқып үйрену процесінде

оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын жан – жақты бақылау керек;

– әрбір аяқталған тақырып бойынша оқушылардың жұмысы туралы жеткілікті

қорытынды шығарып отыру;

– оқушылардың үлгерімін орта есептерге сүйене отырып бағалауға болмайды;

– оқушыларға толық мәлімет беру үшін олардың бірнеше оқу жылындағы статистикалық үлгерім мәліметтеріне талдау жасау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет