Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Тараулар бойынша оқтын – оқтын бақылау



бет238/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Тараулар бойынша оқтын – оқтын бақылау – әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасына сәйкес белгілі бір тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Мұндағы мақсат – оқу бағдарламасы негізінде бақылау жұмыстары, диктант, техникалық құралдар, компьютер және т. с.с. арқылы тоқсанның аяғында пәндер бойынша оқушының алған білімінің көлемін және сапасын, іскерлігі мен дағдысын анықтау.

Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткіліледі. Мұнда тақырыптық,тараулар бойынша алынған бақылау есепке алынуы қажет. Яғни мұнда оқушылардың теориялық және практикалық алған білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушының жылдық үлгерім бағасы болады.

Бақылаудың тиімділігі оны оқыту процесінде дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Оқыту процесінде бақылудың жаппай (фронтальдық), топтық, дербес формалары қалыптасады. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың жаппай формасы деп, мұғалім мен оқушылардың сыныптағы әрекет түрін,яғни оқушылардың бірдей тапсырманы барлығы бірге талдап,бірдей орындауы және қорытындыларын салыстыруын айтамыз. Сабақ кезіндегі мұғалімнің жаппай әдісті қолдануы–балаларға белсенді тыңдауға, өз ойларын, өз білімдерін басқалармен бөлісуге, өзгелердің ойын тыңдауға, қателерін түзетуге мүмкіндік береді. Осы кезде сабақта ұжымдық ойлау байқалады. Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақта тапсырмалар алып орындайды. Кейде кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты мәселен, сабақтан көп қалған жағдайда үлгерім сапасы төмен немесе нашар болғанда, ауырып қалған жағдайда қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың даралық немесе дербес формасы деп әр оқушы өзінің дайындығы мен оқу мүмкіншілігіне сәйкес арнайы таңдалған тапсырманы өз бетімен орындауын айтамыз.

Дара немесе дербес жұмыс әсіресе бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында кеңінен қолданылады немесе жақсы нәтиже береді.

Бақылау барысында әртүрлі әдістер де қолданылуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет