Реферат тақырыптары:
1. Оқытуды ұйымдастырудың даралық формасы және оны өткізу әдістері.
2. Оқушылардың сабақтағы іс– әрекеттерін ұйымдастыру.
22-дәріс тақырыбы: Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау
Дәрістің мақсаты: Оқытудағы бақылау жасау, бағалау.
Жоспары:
1. Оқытудың сапасына диагностика жасау.
2. Оқыту процесінде білімді бақылау және оның маңызы, қызметі.
3. Бақылаудың түрлері, формалары және әдістері.
4. Оқу іс– әрекетінің нәтижелерін бағалау және есепке алу.
Негізгі ұғымдар: диагностика, педагогикалық бақылау, тексеру, бағалау, есепке алу.
1. Оқытудың сапасына диагностика жасау
Білім беру процесінің ажырамас бөлігі диагностика болып табылады, оның көлемінде алға қойған мақсаттарға жету анықталады. Диагностика дидактикалық процесс нәтижелерін нақты анықтау болып табылады. Көптеген ғылыми әдебиеттердепедагогикалық диагностика»терминіне біршама анықтамалар берілген, бірақтан бұл анықтамлар психолгиялық тұрғыдан беріледі. Сондықтан да педагогикалық диагностика мазмұнында психологиялық процестерді оқып үйренуге, педагогтар мен оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді.
Диагностика (гректің diagnostica, dia – айқын және gnostica – фактіні немесе құбылысты танып білу әдістері мен ұстанымдары туралы ілім ) – ғылыми тәжірибелік әрекетті сипаттайды, ал диагноз қою, ол оқу мен іс – әрекеттегі қиындықтың көлемі мен сипатын анықтап, оқушылардың оқу бағдарламасын меңгеруін, олардың іс– әрекеті мен жетістік нәтижелерін, т.б. анықтау. Жалпы «диагноз» грек тілінен аударғанда танып білдіруді білдіреді.
Диагностика екі кезеңнен тұрады:
1) психодиагностикалық ақпараттарды жинау;
2) мінездемелерді тұжырымдау мен диагноз қою.
Диагностикалық әдістер жеке тұлғаны немесе белгілі бір топтың психикалық ерекшеліктерін сипаттап қана қоймайды, оларды өлшеп, сапалық және сандық сипаттама береді.
Педагогикалық диагностикалау оқушы іс – әрекетіндегі, мінез – құлқындағы көрінісін танып білу арқылы қателерін түзетуді, дұрыс мінез – құлықты тұрақтандыру арқылы қалыптастыруды, жеткіліксіз тұстарын дамытуды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |