Негізгі ұғымдар: технология, педагогикалық технология, инновация, педагогикалық инновация.
24.1. Педагогикалық технология туралы түсінік
Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техникада оның басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктер қаеттігі туындайды. Мұндай бетбұрыстар адамның іс – әрекетін өзгертіп қана қоймай оның жеке тұлға ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді.
Осымен байланысты жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен білім беруде адамның игерген білім, біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз пәніне қызығушылығын, ғылыми көзқарасын, кәсіби мәдениетін, педагогтік шеберлігін шыңдай түсуге ықпал ету керек.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» көрсетілген білім жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуды көздейді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру.
Достарыңызбен бөлісу: |