в). Ұжымдық оқыту технологиясы – бұл технологияда әрбір оқушы, әрі оқытушының әрі оқушының қызметін алма – кезек орындап отырады. Әр оқушының мақсаты өзінің білетінін немесе үйренгенін өзгелерге үйрету болып табылады.
Ұжымдық оқыту технологиясында педагогикалық шеберлік пен дағдыны қалыптастыруда мұғалімнің міндеті – тақырыпты шеберлікпен мазмұндау және оны өмірде қолдана білуге үйрету (компетенция ).
г). Деңгейлік саралау оқыту технологиясы – бұл оқыту технологиясы оқушыларда жаңаш мүмкіндік жасайды. Оқу материалдарын меңгеру деңгейі төрт топқа бөлінеді: оқушы деңгейі, алгоритмдік, эвристикалықжәне шығармашылық.
Бұл білім, білік, дағды меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау. Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі, оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт.
Жаңа технологияны оқыту процесінде қолдану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған ойлау, өзін – өзі басқару, өзін – өзі қадағалау қабілеттерін қалыптастыруға оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық деңгейін дамытуға бағытталған. Деңгейлік тапсырмалар төрт деңгейде беріледі:
Бірінші деңгей – «танып білу»;
Екінші деңгей – өткен сабақ
Үшінші деңгей – талдау, жинақтау, қорытындылау;
Төртінші деңгей – шығармашылық жұмыс істей алатындар.
Жауынбай Қараевтің технологиясының тиімді жақтары:
1) оқушы өздігінен жұмыс істеуге дайындалады;
2) оқушылардың қабілеттері айқындалады;
3) талпынысы, ұмтылысы байқалады;
4) күрделі тапсырмаларға байланысты оқушылардың ойлау қабілеттері артады;
5) әр баланың қабілетіне қарай байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |