«Педагогикалық инновация»(жаңаны еңгізу) ұғымына педгогикалық сөздікте мынадай анықтама беріледі, олар төмендегідей:
1) тұтас білім беру жүйесінің және оның жекелеген бөліктерінің, компоненттерінің сипатын жақсартатын тұрақты элементтерді (жаңашылдықты) білім беру ортасына енгізудегі мақсатқа бағытталған өзгерістер;
2) жаңашылдықты (жаңа құралдарды, әдістерді,технологияларды,бағдарламаларды) меңгеру процесі;
3) ерекше әдістемелер мен бағдарламаларды іздестіру, оларды білім беру процесіне енгізу және шығармашылық ой елегінен өткізу;
4) сонымен бірге педагогикалық инновация педагогикалық іс әрекетке жаңаны енгізу, оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында олардың мазмұны мен технологиясын өзгерту болып табылады.
Осы жоғарыдағы айтылған анықтамаларды талдау нәтижесі инновацияға мазмұнды өзгерістер тән деген қорытынды жасайды, ол инновациялық өзгерістің басты функциясы өзгерту функциясы болып табылады .
Инновация дәстүрлі технология арқылы шешілуі мүмкін болмаған жағдайда пайда болып, жаңа мақсат пен міндеттерге сәйкес жаңа технологияларды пайдалану қажеттілігін тудырады. Яғни дәстүрлі оқытуды модернизациялау қажет. «Модернизация» термині 1950 жылдары енгізілген, бұл сөз француздың «модерн» деген сөзінен шыққан, сөздіктерде «осы заманғы» деген мағынаны білдіреді. Ғалым Г.К.Селевконың жіктесіндегі дәстүрлі әдістемені модернизациялау бағыты бойынша оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары топтастырылады.
1.Педагогикалық қарым – қатынасты ізгілендіру мен демократияландыру негізіндегі технологиялар:
– ынтымақтастық педагогикасы;
– ізгілікті тұлғалы оқыту технологиясы;
– адамгершілікті қалыптастыруға негізделген әдебиетті оқыту жүйесі»(Е.Н. Ильин)
2.Оқушылардың іс – әрекетін белсендіру мен негізіндегі технологиялар
(интенсификациялау негізіндегі технологиялар):
– ойын– сабақ технологиясы;
– проблемалық оқыту;
– модульдік оқыту технологиясы (М.М. Жанпейсова) ;
– В.Ф. Шаталовтың тірек конспектісі негізінде оқыту технологиясы;
– Е.И.Пессовтың коммуникативтік оқыту жүйесі.
3.Оқыту процесін ұйымдастыру мен басқару тиімділігіне негізделген оқыту технологиясы:
– бағдарламалап оқыту;
– саралап оқыту;
– даралап оқыту;
– ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері;
– компьютерлік технология;.
– ақпараттық технология .
4.Әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта өңдеу негізіне қарай құрылған оқыту технологиясы:
–ірілендірілген дидактикалық бірліктер (П.М.Эрдниев);
– «Мәдениет диалогы» (В.С. Библер, С.Ю.Курганов);
– «Экология және дидактика» жүйесі (Л.В.Тарасов);
–ақыл – ой әрекетін сатылап дамыту теориясын жүзеге асыру технологиясы (М.В.Волович).
5.Табиғи, ұлттық педагогика әдістерін пайдалануға негізделген оқыту технолгиясы:
– «Сауаттылыққа тәрбиелеу» Кушнир технологиясы;
– М.Монтессори технологиясы.
6.Альтернативті оқыту технологиясы:
– Вальдорф педагогикас (Р.Штайнер);
– еркін еңбек технологиясы (С.Френе);
7.Кешенді политехнологиялар:
– «Школа самоопределения» (А.Н.Тубельский );
– «Школа для всех»(Е.А.Ямбург);
– «Школа парк» М.Балабин.
Жалпы инновациялық педагогикалық технологиялар кез – келген пәнді оқытуда ой – өрісті кеңейтіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге, білім беруді жаңашылдық тұрғысынан жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |