т). Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Европада 1960 жылдары дәстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мәні – оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жәрдемімен) жетеді(П.Юцявичене, Т.И.Шамова). Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел).
Оқытушыға педагогикалық жүйенің негізін түсінуге жағдай жасай отырып, оқытудың теориясы мен практикасын өзара байланыстыруға оны технологиялық деңгейге дейін көтеруге жағдай жасайды. Модульдік оқудың технологиясы мынандай компоненттерден тұрады: мотивтік-мақсаткерлік, маңыздылық, оперативтік-іс-әрекеттілік, бағалы-қорытындылық.
Ұсынылып отырған модульдер — бұл оқу ақпараттылығын программалық жүйесін сақтау болып табылады. Мұның логикалық көкейкестілігі оның структуралық–құрылымы, модульдің жалпы оқу процесін саналы меңгеруге тигізетін әсері – оқытудың әдістемелігі болып есептеледі.
Модульдік оқу процесінде – мақсаткерлік негізгі педагогикалық категория ретінде болашақ нәтиженің, іс-қимылдың, белгілі қызметтің қортындысы және реттеуші ретінде әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |