м). Тренинг технологиялары– болашақ мамандардың немесе оқушылардың тұлғааралық қарым–қатынас пен мінез–құлқын жетілдіруді көздейді.Бұл технология ынтымақтастықта оқытуға бағытталып, «жай ғана бір нәрселерді бірге орындау емес, бірге оқу» идеясын іске асырады, мұнда оқып үйренілетін проблема бойынша жұмыс істеу барысында әр топ немесе команда мүшесінің басқа топ мүшелерімен үнемі өзара әрекет жасау арқылы өз бетімен жұмыс істеуінің нәтижесінде қол жеткізілген белгілі бір «топтық мақсатқа» және барлық топтың жетістігіне ерекше көңіл аударылады. Тренингтің талаптары:
– топта кез келген басқа серіктестерімен өзара әрекетте болу;
– берілген тапсырма жауапкершілікпен қарап, жұмыс істеу;
– серіктестерімен сыйлы қатынаста болу;
– өз жетістіктеріне қарап,барлық серіктестерінің,топтың жетістіктеріне жауапкершілікті
сезіну;
– топта бірлесіп жұмыс істеу бұл күрделі және өте жауапкершілікті еңбек екенін
толығымен саналы түсіну.
Тренинг технологияларын пайдалануда оның ерекшеліктерін білу қажет:
– топ мүшелерінің өзара бір– біріне тәуелділігі;
– әрбір топ мүшесінің өз жетістіктері және жолдастарының жетістіктері үшін жеке
жауапкершілігінің болуы;
– бірлескен оқу танымдық, шығармашылық және топтағы басқа да жұмыс
түрлерінің болуы;
– топ мүшелерінің іс әрекетін әлеуметтендіру;
– топ жұмысын бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |