н).Түсіндіре оза оқыту технологиясы (С.Н.Лысенкова тірек схемаларын пайдалана отырып оза оқыту) –әрбір оқушыға пән бойынша берілетін тапсырмаларды қолайлы етіп саралауды, оқытудың дербестігіне қол жеткізуді, тірек үлгілерін пайдалана білуді меңгертуге бағытталады. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады; бірте – бірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым – қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік, дағдыны дамта меңгерту; түсіндіруді қабылдау.
Штайнердің Вольдорф педагогикасы– Рудольф Штайнердің (1861– 1925) идеялары Қазақстанда «Вольдорф мектептері» деген атпен тарауда, ол адамның рухани дүниесіне терең ойлауына негізделген. Онда мынадай бағыттар: құқықтық, экономикалық, химия – биологиялық бар. Онда қазақ тілі мен шетел тілдерін тереңінен оқып меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |