Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет95/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Алдын – алу жұмыстарының бағыттарын былай көрсетуге болады:

1. Тұлғаны зерттеу жүйесі :

а ) тұлғалық сапалардың қалыптасу деңгейі;

ә) жалпы шығармашылық қабілеттер;

б) сөйлеуінің дамуы;

в) баланы мектепке даярлығы;

г) ата – аналардың педагогикалық талаптары;

д) ата – аналардың балаға қатынасы.

2. Оқушылармен жұмыс:

а ) тұлғалық кіріктірілген сапаларды қалыптастыру (дербестік, шыншылдық, еңбексүйгіштік, ізгілік, т.с.с. );

ә) адамгершілік – психологиялық ағартушылық жұмысы (баланың құқығы );

б) жалпы шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық

іс – әрекетін олардың қызығушылықтары негізінде ұйымдастыру;

в) отбасы мүшелеріне қамқорлық қатынасты қалыптастыру;

г) қарым – қатынас жасау мәдениетін тәрбиелеу;

д) сөйлеу мәдениетін дамыту;

е) табысты оқу іс– әрекетін қамтамасыз ету.

3 . Отбасымен жұмыс :

а) ата – аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру;

ә) ата – аналармен оқушылардың бірлескен іс – әрекеттерін ұйымдастыру.

4 . Мектеп пен құқық қорғау органдарының бірлескен іс – әрекеті:

а) бастауыш сынып және жалпы мектеп оқушыларының құқық бұзу мотивтерін айқындау;

ә) құқық бұзу мен қылмыстардың мәні және себептері туралы түсіндіру жұмыстары;

б) шағын әлеуметтік ортада оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.

Қиын балаларды қайта тәрбиелеу процесіне қойылатын шарттар:

1) әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт – бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік ниеттегі қасиеттерін іріктеп алу;

2) әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге дұрыс көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру;

3) әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап – тілектеріне орай қабілеті мен икемділіктерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстару;

4) кейбір оқушылардың оқу – тәрбие процесінде және ұжымдық өмір қарым – қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын себептерді жою.

Қайта тәрбиелеу – өте шытырманды қиындық туғызатын, педагогикалық шеберлікті қажет тұтатын тәрбие процесі. Кейбір оқушылардың небір жағымсыз субъективтік жағдайларға байланысты келісімсіз, мінез – құлықтарында қалып ала бастаған зиянды әдет–дағдыларды, қылықтарды тежеп, жаңа адамгершілік бағдар алуға бағытталған қайта тәрбиелеу жұмыстарын педагогтар мен қиын балалардың біріге отырып атқарулары тиіс.

Сонымен қайта тәрбиелеудің басты шарттары, жалпы айтқанда, қиын балаларды жан – жақты зерттеу яғни оқу үлгерімдері, тәрбие алған ортасын, денсаулықтарын, жүріс тұрыстары мен мінез–құлықтарын жүйелі, тиянақты қадағалау, бақылау жүргізу және әрқилы мәселелер жайлы ақпарлар жинау. Жиналған материалдар деңгейінде теріс әсер ететін қолайсыз жайттарды жою. Әрине, олардың айналасын қоршаған ортамен қарым –қатынастар жүйесін тоқтатып тастау мүмкін емес. Бұл жағдайда, «қиын» балаларға ықпал жасайтын теріс әсерлерге қарсылық көрсететін дәлелді іс–әрекеттерін туғызуға көмектесуіміз керек. Кезінде А.С. Макаренко тәрбиелеушілерді теріс әсерлерден қызғыштай қорғаудың қажеті жоқ, қайта жеткіншектерді соған табандылықпен қарсы тұруға үйрету керектігіне ақыл–кеңес берген. Жалпы айтқанда, «қиын» оқушыларды қайта тәрбиелегенде, олардың мінез – құлықтарындағы шамалы болса да адамгершілікті жақтарына сүйеніп, жақсы қасиеттерін дамытуға, жаман қасиеттерден арылуға көзін жеткізе отырып, педагогикалық ынтымақты қарым – қатынастар жасау қажет.

Ал қайта тәрбиелеу процесінде мектеп, отбасы және жұртшылық талаптары тығыз бірлікте болғанда ғана өз нәтижесін берері анық.

Қайта тәрбиелеудің маңыздылығына үлкен мән берген педагог К.Д.Ушинский : «Егер адам бойындағы зиянды әдет – дағдыларды түп тамырымен бір уақытта жою үшін аз да болса күш – жігерімен кіріссе, одан құтылу да қиынға түспес еді. Бірақ та қиыншылығы сонда мысқылдап ұзақ уақыт енген жаман әдет – дағдыны құрту үшін соншама ұзақ уақыт күресу керек» деген болатын. Ендеше қиын балаларды қайта тәрбиелеуге ұзақ уақыт қажет және де өзін – өзі тәрбиелеудің маңызы ерекше.

Сонымен бірге, мұғалімдер мен «қиын» балалардың арасында педагогикалық ынтымақты қарым – қатынастар жасай білу қажет. Сонда ғана, қайта тәрбиелеу практикасында жиі ұшырасып қалатындай «қиын» баланың жатсынуды, қайшылықты әрекеттерді өздіктерінен жеңе білуге жәрдемдеседі.

Қорытындылай келгенде, тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу бір – бірімен байланысып, олар өзін – өзі тәрбиелеумен толысады. Қайта тәрбиелеудің нәтижесі көп жағдайда мектептің талаптары мен отбасының, жұртшылықтың талаптары бірлікте болғанда ғана өз деңгейінде болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет