Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Мектептегі қазіргі кезеңдегі



бет96/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

10. 4. Мектептегі қазіргі кезеңдегі тәрбие жұмысының мазмұны

Тәрбие процесінің мазмұны дегеніміз – тәрбие мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, жеке тұлғаның меңгеруге тиісті білімдерінің, сенімдерінің, дағдыларының, сапалары мен қасиеттерінің жиынтығы.

Ақыл – ой, дене, еңбек, политехникалық, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық, экологиялық, экономикалық, мінез – құлықтық тәрбие бағыттарының басты мақсаты – жан – жақты және жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары тәрбие процесінің мазмұнына деген көзқарас тез және түбегейлі өзгерді. Сондықтан тәрбиенің қазіргі кезеңдегі идеологиясының негізін төмендегідей идеялар құрайды:

1) Тәрбие мақсатының нақтылығы, шындыққа сәйкестігі.

Бүгінгі күндегі тәрбиенің нақты мақсаты адамды қабілеті мен дарындылығына сүйене отырып, жан – жақты дамыту.

Бұл мақсатқа жету құралы адамның мәдениеттің базалық негіздерін игеруі. Осыдан келіп тәрбие мазмұнының негізгі ұғымы жеке тұлғаның базалық мәдениеті туындайды: экономикалық мәдениет, еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық, құқықтық, адамгершілік, экологиялық, көркемдік, т.б.

2) Балалар мен ересек адамдардың бірлескен іс – әрекеттері.

3) Өзін – өзі анықтау.

\Тәрбие мазмұнының маңызды элементі – адамның өмірлік өзін – өзі анықтау мәдениеті. Өмірлік өз орнын табу кәсіптік, тіпті азаматтыққа қарағанда кең ұғым. Өзін– өзі анықтау мәдениеті адамды өз өмірі мен өз бақытының иесі ( субъектісі) ретінде сипаттайды.

4) Тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы.

Тәрбиенің негізгі орталығы – бағдарламалар, шаралар, формалар мен әдістер емес, адам болу керек, сондықтан адамның дара қабілеттері мен қызығушылықтарын, жауапкершілік сезімдерін, т.б. дамыту керек.

5) Еріктік.

6) Ұжымдық бағыттылық.

Тәрбиенің практикалық мәнін көтеру керек. Жақсы ұйымдастырылған тәрбие адамды өмірдегі үш рөльге – азамат, жұмысшы, отбасы иесі ретінде дайындауы керек. Жалпы алғанда мектепте оқушыларды тәрбиелеу мазмұны екі бағытта жүзеге асады:

1 ) Мектептегі оқу пәндері арқылы (еңбек, дене шынықтыру, әдебиет, биология, тарих физика, география,т.б. );

2) Тәрбиелік іс – шаралар арқылы(тәрбие сағаты, сынып жиналысы, тақырыптық кештер, көрмелер ұйымдастыру, жарыстар, дебаттар, пікірталастар, сайыстар, экскурсиялар, т.б. ).Сонымен мектеп жағдайында тәрбие процесінің ұстайтын бағыттары төмендегідей:

– тәрбиенің мақсат – міндеттеріне орай жеке адам тұлғасын жан – жақты жарасымды дамыту;

– оқыту процесі барысында оқушыларды қоғамдық мәдениеттер мен рухани байлықтарды (идеология, мораль, ғылым, еңбек, өнер, мәдениет) игеруге қатыстыру;

– жас өспірімдердің еңбексүйгіштік қасиеттерін еңбек процесінде қалыптастыруда жаңа адамның шығармашылық қабілеттерін дамытуға ынталандыру және әлеуметтік мәні бар әртүрлі іс– әрекеттерін, қызметтерін ұйымдастыру;

– әр саладағы қоғамдық ұйымдарда ұжымдық қарым – қатынаста болып, бір – бірін сыйлау, құрметтеу, қол ұшын беру сияқты адамгершілікті эмоциялық жағдай туғызып жаңа адамның әлеуметтік функциясын дамыту;

– оқушылардың танымдық қызметтерін ұтымды ұйымдастырып, олардың қоғамдық сапасын дамыту;

– әрбір оқушылардың айналасын қоршаған қоғамдық ортасына, ұжымына, жора жолдастары мен достарына, өзінің жеке басына деген адамгершілікті эмоциялық қарым – қатынастарын туғызу, олардың өздерінің болашақ атқаратын істері мен қызметтеріне қойған дәлелді мақсаттары мен бағыт – бағдарларына байланысты белсенді өмірлік позициясын тәрбиелеу;

– жекеленген балалардың адамгершілікті сипаттары және қоғамдық маңызды дәлелді мақсаттарын, ақыл–ой парасаттарын, эмоциялық және ерік күй сфераларын жан – жақты үйлесімді қалыптастыру;

– кейбір жекеленген оқушылардың жағымсыз қылықтары мен әрекеттеріне тежеу немесе тиым салу. Егер де құқық нормасын бұзатын балалар болса, олардың бағыт –бағдарын қайта құруда арнайы педагогикалық ықпалдарды ұйымдастыру.

Тәрбиелік жұмыстар өз кезегінде төмендегі аталған тәрбиелік қызметтерді атқарады :

1.Ұйымдастырушылық,мұнда ұйымдастыру ісі тәрбиелік жұмыстарға қатысушылардың өзара ықпалды әрекеттерінің логикасын (қисынын) бейнелейді.

2. Реттеушілік, мұнда тәрбиелік жұмыстарға қатысушылардың әрекеттерін реттеп отырады.

3. Ақпараттық,мұнда барлық меңгерген және меңгеретін ақпараттарды іске асыруға жол ашылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет